Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Ақпарат түрлері

Ақпаратты бізді қоршаған заттар мен құралдар береді: кітаптар, журналдар, газеттер, теледидар, радио т.б. Адамдар үйде, жұмыста, оқу орындарында, көшеде өзара қарым-қатынас жасау арқылы бір-біріне ақпарат береді. Адамның барлық іс-әрекеті кез келген уақытта ақпарат алумен байланысты: көріп, естіп, затты ұстап, асты ішіп, дәмді сезіп, иіскеп те ақпарат аламыз. Барлық ақпараттарды былайша бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химиялық, биологиялық, физиологиялық.

Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша: тұрақты немесе айнымалы; алғашқы немесе туынды, аралық немесе соңғы; басқарушы және мәлімет беруші; объективті және субъективті болуы мүмкін. Ақпараттың қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, анықтық, бағалылық, маңыздылық, айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

44 - тапсырма. Төмендегі сөздерді дәптерге жазып, мағынасын есте сақтаңыздар.

Тұрақты, туынды, басқарушы, мәлімет, табиғат, сезу, толқын, кеңістік , өңдеу, бекіту, сұрыптау, ишарат, қабылдау, белгі , құрал, деңгей.

45 - тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.Иісті сезу. 2. Ақпаратты өңдеу. 3. Ақпаратты тасу. 4.Тұқым қуалау. 5.Ақпарат беру. 6. Құрттардан қорғану. 7. Мәлімет беру.

46 - тапсырма.Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

Үлгі: көріп – көру + -іпжұрнағы түбір етістікке жалғану арқылы жасалған.

47-тапсырма.Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, олардың өзара қалай

байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін жазыңыздар.

Үлгі: Сипаты бойынша алғашқы немесе туынды ақпарат болуы мүмкін. – алғашқынемесетуынды – талғаулықты жалғау арқылы жалғасқан анықтауыштар.

48-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын ауызша баяндаңыздар.

49-тапсырма.Мына суреттердің мазмұны бойынша сұхбат құрастырып ,

ойнаңыздар.

50-тапсырма. «Қоршаған орта үшін ақпараттың маңызы неде?» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпараттану тақырыбы бойынша қосымша

материалдармен танысып меңгеру, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [24-25]; 5 [72-74]; Қос.:8 [14]; 9[4].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпаратты берудің қандай тәсілдері бар?

  2. Адамдар бір-біріне ақпаратты қалай береді?

  3. Ақпарат өзінің сипаты бойынша неше түрге бөлінеді?

4. Ақпараттардың қандай қасиеттерін білесіздер?

2-апта. 6-тәжірибелік cабақ

51 тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.

Ақпарат беру және оны өңдеу

Адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде беріп, өңдейді және қабылдайды. Тірі табиғатта ақпарат беру және оны өңдеу үрдісі жүзеге асып тұрады. Мысалы, бір жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді. Енді бір жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы сол бөгде иісті сезіп, ол жерден кетуге мәжбүр болады.

Ағаштар бір-біріне құрттардың шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере алады. Мұндай хабардан кейін олар қорғану үшін, жапырақтарынан улы заттар шығарады.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), саналы деңгейде, бейсаналы деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына ген арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

Сөздік:

таңба – метка, тавро

мәжбүр – вынуждены

тірі – живой

улы – ядовитый

иіс – запах

бейсаналы – бессознательно

белгі – знак, примета

сезім – чувство

52 - тапсырма. Мына сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

53 - тапсырма. Төменде берілген сөздерді жіктеңіздер.

Үлгі:Мен қабылдаушымын Біз қабылдаушымыз

Сен қабылдаушысың Сендер қабылдаушысыңдар

Сіз қабылдаушысыз Сіздер қабылдаушысыздар

Ол қабылдаушы Олар қабылдаушылар

1. Тасушы. 2. Өңдеуші. 3. Сұрыптаушы. 4. Алушы. 5. Жеткізуші.

54 - тапсырма.Мына етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі:Сақтау – сақтайды. Адам ақпаратты естіп, жадында сақтайды.

1.Есту. 2.Ұстау. 3.Ішу. 4.Иіскеу. 5.Санау. 6.Жабу. 7.Жүргізу. 8.Тапсыру. 9.Өңдеу. 10. Сұрыптау. 11.Жіберу. 12.Қабылдау.

55 - тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, берілген сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Адам ... сигнал немесе таңба түрінде береді. 2. Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде ... алады. 3. Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, ... белгілер қалдырып кетеді. 4. Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы ... бере алады. 5. Ақпаратты ... мен ... көптеген тәсілдері бар.

56 - тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын ауызша баяндаңыздар.

57 - тапсырма. Ақпаратты беру және өңдеу тәсілдері туралы сұхбат

құрастырып, өзара әңгімелесіңіздер.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты беру және өңдеу тәсілдері туралы ғаламтор арқылы қосымша материалды меңгеру, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [29-30]; 6 [66-69].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпаратты өңдеу мен берудің қандай тәсілдері бар?

  2. Ұрпақтан ұрпаққа ақпаратты не үшін береміз?

  3. Адам ақпаратты қандай деңгейлер арқылы өңдей алады?

  4. Жануарлар ақпаратты қалай береді?

  5. Ағаштар құрттардан қорғану үшін не істейді?

  6. Адам өз ұрпақтарына қандай ақпараттарды береді?

  7. Жануарлар ақпаратты қалай береді?

3 - апта. 7 - тәжірибелік cабақ

58 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып

алыңыздар.