Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық

* * * * *

Инженерлерді даярлау өзекті мәселе

Қазір Қазақстанның индустриялдық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қарқынды жүзеге асуде. Бүгінгі күні Қазақстанның еңбек нарығындағы болып жатқан осындай жаңа өзгерістер білікті және білімді мамандарға сұраныстың табиғи артуына ықпал етіп отыр. Мысалы, республиканың базалық өндірістерінде (тау-кен өндірісі, мұнай газ өндірісі, құрылыс), өндеуші өнеркәсіптерде (өндірістерді автоматты басқару жүйелері, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер, машина жасау, мұнай химиялық, құрылыс заттар өндірісі) және қызмет көрсету салаларында (туризм, әлеуметтік қамтамасыздандыру, қызмет көрсету, денсаулық сақтау) барабар кадрларға мұқтаждықтың артқаны байқалады.

Елімізде техникалық сала кадрларын даярлау сапасы мен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға баса назар аударылуда. Осыған байланысты республикада техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау мақсатында «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2010 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, еліміздегі өндіріс орындарын бәсекеге қабілетті техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Инновациалық білім беру және халықаралық ұтқырлық жағдайында республикада техникалық сала кадрларын даярлаудың сапасын жетілдіру үшін техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын дамыту қажет. Себебі техникалық саланың білікті мамандарын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін кадрларды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

( http://www.edu.gov.kz)

Сөздік:

нарық – рынок

өндеуші – обрабатывающий

өндіріс – производство

мұқтаждық – потребность

өзгеріс – изменения

ұтқырлық – мобильный

сұраныс – спрос

бәсеке – конкуренция

2 - тапсырма. Мәтіннен есім сөзден жасалған сын есімдерді теріп жазып,

жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: техникалық – техника (з.е.) + -лық (сөз тудырушы жұрнақ).

3 - тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қалай

байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.

Үлгі: Елімізге білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандар қажет.

Білімді, білікті бірыңғай анықтауыштар оқығанда дауыс ырғағымен жекеленіп айтылады, жазылғанда арасына үтір қойылады; білікті және қабілетті анықтауыштардың араларында «және» ыңғайластық жалғаулығы болғандықтан үтір қойылмайды.

4 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлемдер

құрастырыңыздар.

1. Кәсіптік білім

4. Білікті маман

2. Ғылымды дамыту

5. Инновациалық білім беру

3. Техникалық сала

6. Халықаралық ұтқырлық

5 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын жалғаңыздар.

1. Қазақстан өндірістері... қарқынды дамуы.

- тың

2. Білімді мамандарға сұраныс ... табиғи артуы.

- дың

3. Мамандар... бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

- ын

4. Техникалық сала кадрлар... даярлаудың сапасын жетілдіру.

- мен

5. Кәсіптік білім беру жүйесі... қайта ұйымдастыру.

- нің

6. Өндірісті білікті мамандар... қамтамасыз ету.

- н

6 - тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, сұхбат құрастырыңыздар.

Тірек сөздер: 1. Мамандарға сұраныс. 2. Өндеуші өнеркәсіптер. 3. Базалық өндірістер. 4. Қызмет көрсету салалары. 5. Инженерлерге мұқтаждық. 6. Бәсекеге қабілетті. 7. Тұрақты даму.

7 - тапсырма. Төмендегі суреттерге қарап, кім қандай мамандыққа оқитынын жазыңыздар.

Үлгі: Менің досымның есімі – Ильяс. Ол сәулетші мамандығына оқиды.

1. Әли 2. Айжан. 3. Альбина. 4. Арина. 5. Аруна

1__________________________________________________

2__________________________________________________

3__________________________________________________

4__________________________________________________

5__________________________________________________

8 - тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын сәйкестендіріңіздер.

өзекті

информационный

қарқынды

актуальный

кәсіптік

интенсивный(-о)

білікті

способный

сапалы

квалифицированный

ақпараттық

профессиональный

қабілетті

качественный

9 - тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсінуге

тырысыңыздар.

1. Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы. 2. Оқуға кештік жоқ.

10 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспарын жасаңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

11 - тапсырма. «Еліміздің инженер мамандарын дайындау көшбасшысы»

тақырыбында эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстанда инновациалық білім беру жағдайында техникалық сала кадрларын даярлаудың сапасын жетілдіру мәселесі туралы қосымша материалдармен танысып, шағын конспекті жасау.

Әдебиет: Нег.: 4[17-18]; 6[3-8]; Қос.: 18 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда қандай өзгерістер болып жатыр?

2. Елімізде қандай мамандарға мұқтаждық байқалады?

3. Техникалық сала кадрларын даярлаудың сапасын жетілдіру бағытында

қандай шаралар жүзеге асуда?

4. Елімізде қандай бағдарлама қабылданды? Оның мақсаты не?

5. Елдің тұрақты экономикалық дамуының негізі неде?

1-апта. 2-тәжірибелік cабақ

12 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.