Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

«Болашақ» бағдарламасы жайында

Қазақстанда жастарға сапалы әлемдік деңгейдегі білім беруге жағдай жасау – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты болып табылады. Жастарымыз өмірде өз орны мен бағытын нақты анықтай алатын кәсіби білікті маман болып қалыптасуы үшін – мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен – Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы өз жұмысын қайта жандандырды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу. Бағдарлама бойынша оқуын бітіріп келген дарынды да білімді мамандарымыз бұған дәлел бола алады. Бүгінде олар мемлекеттік қызметте, жергілікті және орталық қызмет атқару органдарында, халықаралық мекемелер мен өкілдіктерде, ұлттық компанияларда, білім саласында қызмет етіп, елдің дамуына атсалысып жүр. Бағдарлама бойынша байқауды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұйымдастырады.

( Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев) 

23 - тапсырма. Мәтіннен жатыс септікте тұрған сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: органдарында – органдары + -нда (ж.с) – тәуелдік жалғауының үшінші жағындағы сөзге жалғанғанда жатыс жалғауы алдына -н дыбысын

қосып -нда болып жалғанады.

24 - тапсырма. «Білім» сөзімен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

сапалы

25 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің сыңарын сәйкестендіріңіздер.

1. Әлемдік

2. Басым

3. Өмірдегі

4. Мемлекет

5. Жұмысын

6. Дарынды

7. Жарқын

8. Елдің

□ бағыт

□ орны

□ дамуы

□ деңгей

□ жастар

□ тарапынан

□ жандандырды

□ болашағы

26 - тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Үлгі: Мақсаты мақсат + -ы; «Болашақ» Бағдарламасының мақсаты еліміздегі дарынды жастардың әлемдік деңгейде сапалы білім алуларына жол ашу.

27 - тапсырма. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар ғылымы саласына өз үлесін қосқан еліміздің ғалымдары туралы не білесіздер? Шағын баяндама дайындаңыздар.

28 - тапсырма. Мәтіннің негізгі идеясына байланысты өз ойларыңызды айтып, пікір алмасыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ғаламтор арқылы Халықаралық білім беру бағдарлмалары, олардың қызметі мен бағыттары, талаптары жайындағы материалдармен танысып, баяндама дайындау.

Әдебиет: Нег.: 4 [10-12]; 5[7-10]; Қос.: 2 21[1-2].

Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы туралы не білесіздер?

2. Бағдарламаның негізгі мақсаты не?

3. Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім алған

жастар қайда қызмет жасауда?

4. Сіздер осы Бағдарлама арқылы шетелде оқығыларыңыз келе ме?

2-апта. 4 -тәжірибелік cабақ

29 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.