Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электроника саласының негізгі даму бағыттары

* * * * *

Электроника

Электроника - электрлік, магниттік және электромагниттік кеңістіктегі электрондардың әрекеттесу заңдылықтырын зерттейді. Электроника ақпаратты сақтауға, өңдеуге және алмастыруға қолданылатын электрлік құрылғылар мен заттардың физикалық қызметтерінің негізін қарастырады.

Сонымен қатар электроника басқа ғылым салалары мен өндірісті жетілдіруде жетекші рөл атқарады. Жаңа техникалық құралдармен және зерттеу әдістерімен қамтамасыз етеді.

Электрониканың негізгі даму бағыттарының үш түрі бар. Олар: вакуумдық, қатты денелі және кванттық электроника.

Вакуумдық электроника- вакуумдегі еркін электрондардың, электрлік және магниттік кеңістіктегі толқындардың әрекетін қарастыратын электрониканың бөлімі.

Қатты денелі электроника – қатты денелі материалдардың негізін, материал құрылымының ерекшеліктері мен олардың параметрлерін өлшеуді қарастырады.

Кванттық электроника – электромагниттік тербелістердің генерациясы мен оларды күшейту құралдары мен әдістеріне қатысты кең ауқымдағы мәселелерді қарастырады.

Сөздік:

кеңістік – пространство

әдістері – методы

әрекеттесу– взаимодействие

күшейту – усиливать, усиление

заңдылық – законмерность

кең – широкий, просторный

зерттеу – исследовать

ауқым – объем, величина, размер

274 - тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырсаңыздар мәтін мазмұнына байланысты сөйлемдерді оқисыздар.

1) A) электрондардың; B) заңдылықтырын; C) ғылым; D) әрекеттесу; E) зерттейтін.

2) A) заттардың; B) мен; C) физикалық; D) құрылғылар; E) қызметін; F) қарастырады.

3) A) әдістерімен; B) етеді; C) қамтамасыз; D) зерттеу .

4) A) толқындардың; B) әрекетін; C) қарастырады; D) кеңістіктегі.

275 - тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыздар.

1

Электроника нені зерттейді?

A

кеңістіктегі электрондардың әрекеттесу заңдылығын

2

Электрониканың негізгі даму бағыттары қанша?

B

қатты денелі

3

Даму бағыттары қалай аталады?

C

вакумды, қатты денелі және квантты электроника.

4

Материал құрылымының ерекшеліктерін қай бағыт зерттейді?

D

үш

276 - тапсырма. Cөздерге ілік септігінің жалғауын жалғаңыздар.

1

электрондар

A

-ның

2

ғылым

B

-дың

3

магнит

C

-дің

4

электр

D

-тің

277 - тапсырма. Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

1. Өлшеу

2. Негіз

3. Өндіріс

4. Жетістік

5. Кеңістік

6. Құрылым

A. пространство

B. структура

C. мерить, взвешивать

D. основа

E. достижение

F. производство

278 - тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздердің орысша баламасын аударып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1.Электроника – электромагниттік (пространство) электрондардың әрекеттесуін зерттейді. 2. Заттардың физикалық қызметтерінің (основа) қарастырады. 3. Ғылымның әртүрлі (отрасль) жетістіктерге қол жеткізеді. 4. Электроника (промышленность) жетілдіруде жетекші рөл атқарады.

Тірек сөздер: 1. Негізін. 2. Саласында. 3. Өндірісті. 4. Кеңістіктегі.

279 - тапсырма. Қажетті тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1.Ғылыми-техникалық және ... негізгі мәселелерді қамтиды. 2. Ғылымның әртүрлі саласында ... қол жеткізеді. 3. Электрониканың ... негізгі бағыттарының үш түрі бар. 4. Кеңістіктегі ... әрекетін қарастырады.

Тірек сөздер: 1. Жетістіктерге. 2. Өндірістік. 3. Даму. 4. Толқындардың.

Әдістемелік ұсыныс: Электроника саласының негізгі даму бағыттары

жайында қосымша материалдармен танысу, термин сөздерді кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Электроника нені зерттейді?

2. Электрониканың негізгі даму бағыттары жайында не білесіз?

3. Вакуумдық электроника дегеніміз не?

4. Кванттық электроника және қатты денелі электроника дегеніміз не?

12-апта. 35-тәжірибелік cабақ

280 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.