Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Дербес компьютерлер

Есептеу машиналары өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дарға, мини ЭЕМ-дарға, микро ЭЕМ-дарға және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.

Үлкен ЭЕМ-дар – бұл өте қуатты компьютерлер, олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дарды пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады. Мини ЭЕМ-дардың үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дар өндірістік процесстерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі үлкен ЭЕМ-дарға қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, бағдарламалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операцияларды орындайды.

Дербес компьютерлер бүгінгі күні көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. Қазіргі ДК көлемі шағын, өнімділіктері жоғары. Дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дербес компьютерде жұмыс істеу дегеніміз, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу. Операциялық жүйе - бұл компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.

125-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыздар.

  1. Құрылғылар

  2. Мүмкіндіктер

  3. Дербес компьютер

  4. Үйлестіретін жүйе

  1. Есептеу орталықтары

  2. Өлшемдері шағын

  3. Өнімділігі төмен

  4. Деректер дайындау

126-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Мүмкіндігіне қарай. 2.Өте қуатты. 3.Жүктелетін бағдарлама.

4. Көпшілік арасында. 6. Операциялық жүйе.

127-тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөйлемдер

құрастырыңыздар.

Үлгі:Компьютерді (-ді- табыс септік). Оқытушының рұқсатынсыз

компьютерді іске қосуға болмайды.

128-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін тауып жазыңыздар.

1.Қуатты. 2.Шағын. 3.Тұтас. 4.Ірі. 5. Төмен. 6.Кең. 7.Жоғары.

129-тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазып,

олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Үлгі: орталықтары – ( -ы ) тәуелдік жалғау, 3 жақ.- Әлемде компьютер шығаратын орталықтардың қызметі өте жоғары деңгейде.

130-тапсырма.Төмендегі сөйлемдерден тұрлаусыз мүшелерді тауып, астын

сызыңыздар.

1. Үлкен ЭЕМ-дар ірі мекемелерде, кәсіпорындарда қолданылады. 2. Дербес компьютермен жұмыс істеу өте қолайлы. 3. Мини ЭЕМ-дар үлкен ЭЕМ-дардан шағын және өнімділігі төмен. 4.Дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. 5. Жедел жадты электрмен коректендіріп отыру керек.

6. Пернатақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

131-тапсырма.Мәтін мазмұнын негізге алып, төмендегі кестені

толтырыңыздар.

Үлкен ЭЕМ

Мини ЭЕМ

Микро ЭЕМ

Дербес компьютер

Көлемі

Өнімділігі

Қолдану

саласы

132 - тапсырма. «Компьютер» деген ұғым төмендегі сын есімдердің

қайсысымен тіркесе алады.

1. Жоғары. 2. Өнімді. 3. Қосымша. 4. Дербес. 5. Ауыр. 6. Электронды. 7. Арнайы. 8. Қысқы. 9. Сапасыз. 10. Заңды. 11. Үлкен. 12.Мини.

133 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып,

жазыңыздар.

1. Дербес компьютер .... 2. Барлық құрылғы...ының. 3. Есептеу машина...ы. 4. Қуатты компьютер... . 5. Ірі кәсіпорын...ға. 6. Барлық сала...ында. 7. Көптеген қызметкер...і. 8. Есептеу орталық...ы. 8. Бірнеше міндет...ді. 9. Өлшем...і шағын. 10. Ғылыми мекеме...де. 11.Дерек... дайындау. 12. Көмекші операция...ды.

134-тапсырма. Тірек сөздерді пайдалана отырып, берілген сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Ақпарат жинақтауыштар - кез келген ЭЕМ-нің ... бөлігі. 2. Олар ... ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қажет. 3. Сыртқы ... кез келген программа, мәлімет сақтала береді. 4. ДЭЕМ-дерге ақпаратты жинақтауыш ролін магниттік дискілердегі ... атқарады. 5. Қатты дискідегі мәлімет жинақтауыштар ақпаратты ... сақтауға арналған. 6. Дискетті алғаш рет пайдалану алдында, оны арнайы ... форматтайды.

Тірек сөздер: 1. Сақтауға. 2. Тәсілмен. 3. Жадта. 4. Көлемді. 5. Қажетті. 6. Жинақтауыштар.

135-тапсырма. Анықтамаларды мағынасы бойынша орналастырыңыздар.

  1. Бұл компьютер бір-ақ адам жұмыс істеу үшін арналған.

  2. Бұл компьютерлер кәсіпорындарда, халық шаруашылық салаларында қолданылады.

  3. Басқа ЭЕМ-ға қарағанда, құны мен өнімділігі төмен, өлшемі де шағын.

  4. Келесі ЭЕМ-ның жұмысы көмекші операцияларды орындау.

  1. ------------------------------------------- Дербес компьютерлер

2. ------------------------------------------- Микро ЭЕМ

3. ------------------------------------------- Үлкен ЭЕМ

4. ------------------------------------------- Мини ЭЕМ

136-тапсырма Мына суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңыздар.

137-тапсырма.«Компьютердің пайдасы неде?» тақырыбына сұхбат құрып,

өзара сөйлесіңіздер.

138-тапсырма. “Компьютерлердің соңғы модельдері” тақырыбына

баяндама дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Дербес компьютерлердің соңғы жетілдірілген түрлері жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [47-48]; 6 [48-49].

Бақылау сұрақтары:

1. Үлкен ЭЕМ-дар – қандай компьютерлер?

2. Мини ЭЕМ-дар қайда қолданылады?

3. Микро ЭЕМ-дардың тиімділігі неде?

4. Дербес компьютерлер туралы тағы не білесіздер?

6- апта. 16-тәжірибелік cабақ

139 - тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.