Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электрбайланыс жүйесі

Электрбайланыс жүйесі деп беру каналдары мен желі жолдарын құруды қамтамасыз ететін техникалық қондырғылар жиынтығын айтамыз. Электрбайланыс жүйесі біржақты және екіжақты болып екі топқа бөлінеді. Біржақты, яғни радио хабарларын беру. Екіжақты байланыс жүйесі дегеніміз телефон желілері. Беру каналы – біржақты сигналдарды беру болып табылады. Беру желісі – таралу аймағы бір тізбекті желі трактілерінің жиынтығы. Желі трактісі бір немесе бірнеше каналдардан тұруы мүмкін. Қазіргі уақытта типті беру каналдары стандартты деп айтуға болады. Мысалы, телефон желісінде, тоналды жиілік каналының жиілік жолағы 3000-3400 Гц және сандық каналды беру жылдамдығы 64 Кбит/с.

Коммутатор жүйесі қызметі болып кез-келген екі соңғы қондырғылар арасындағы талап етілген жолды құру болып табылады. Коммутатор екі түрге бөлінеді: аналогты және сандық деп аталады. Аналогты коммутатор деп жүйенің кіріс және шығысындағы жалғастырулар аналогты сигнал арқылы орындалу үрдісін атайды. Сандық коммутатор деп жүйенің кіріс және шығысындағы жалғастырулардың сандық сигнал арқылы орындалу процесін атайды.

Сөздік:

желі – линия

аймақ – территория, край

жиынтық – сумма, количество

жылдамдық – скорость

жалғастырулар – соединения

талап етілген – требуемый

екіжақты – двустороний

шығыс – исходящий,

кіріс – входящий

сандық – цифровой

281 - тапсырма. Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді дәптерге жазыңыздар.

1. A) жүйесі; B) электрбайланыс; C) техникалық; D) қондырғы; E) жиынтығы; F) дегеніміз.

2. A) жиілік; B) қондырғылар; C) жиынтығы; D) техникалық; E) жолағындағы.

3. A) жүйесі; B) арасындағы; C) жолды; D) құру; E) қондырғылар; F) коммутатор.

4. A) үрдісін; B) сигнал; C) арқылы ; D) атайды; E) орындалу; F) аналогты.

282 -тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыздар.

1

Электрбайланыс жүйесі неше топқа бөлінеді?

A

Екі

2

Біржақты электрбайланыс дегеніміз не?

B

Аналогты және сандық

3

Біржақты сигналдарды беру қалай жүзеге асады?

C

Радио хабарларын беру

4

Коммутатор түрлерін атаңыздар?

D

Беру каналы арқылы

283 - тапсырма. Электрбайланыс саласына қатысты сөздерді көрсетіңіздер.

1. Электрбайланыс. 2. Жүйе. 3. Өткізгіштік. 4. Пайда. 5. Тізбек.

6. Көмек.

284 - тапсырма. Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

1. Құру

2. Қамтамасыз ету

3. Беру

4. Тарату

5. Жалғастыру

A. Распространять

B. Продолжить

C. Обеспечить

D. Создать

E. Давать

285 - тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақша аударып, сөйлемдерді дәптерге жазып алыңыздар.

1. Электрбайланыс жүйесі деп техникалық (оборудование) жиынтығын айтамыз. 2. Ол (односторонний) және екіжақты болып екі топқа бөлінеді. 3. Біржақты, яғни радио (информация) беру. 4. Ол (частота) жолағындағы техникалық қондырғылар жиынтығын береді.

286 - тапсырма. Берілген сөздердің тіркесін табыңыздар.

1.  Электрбайланыс

2. Желі

3. Қондырғы

4. Телефон

5. Жиілік

А. каналы

В. желіcі

С. жолдары

D. жүйесі

Е. жиынтығы

287 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Электрбайланыс жүйесі дегеніміз беру каналдары мен ... жолдарын құру. 2. Екіжақты байланыс ... деп телефон желілерін айтамыз. 3. Беру каналы – біржақты ... беру болып табылады. 4. Аналогты және ... деп аталады.

Тірек сөздер: 1. Сандық. 2Жүйесі. 3. Желі. 4. Сигналдарды.

288 - тапсырма. Мәтінді мұқият тағы бір оқып, жоспар құрыңыздар. Жоспар бойынша мәтінді мазмұндаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Электрбайланыс жүйесі жайында қосымша материалдармен танысу, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Электрбайланыс жүйесі дегеніміз не?

2. Электрбайланыс жүйесі қанша топқа бөлінеді?

3. Беру каналы және беру желісі дегеніміз не?

4. Коммутатор жүйесі қызметі дегеніміз не?

5. Коммутатор жүйесі қызметінің қандай түрлерін білесіздер?

12-апта. 36-тәжірибелік cабақ

289 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.