Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Жедел жады және дисплей

Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе амалдық жадтайтын құрылғы – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған амалдық жүйе іске қосылады. Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей – компьютердің “тілі”, ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады. Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.

147-тапсырма.Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Жедел жады. 2. Қоректендіру блогы. 3. Амалдық жүйе.

4. Шығаратын құрылғы. 6. Сәулелік түтікше.

148-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын сәйкестендіріңіздер.

жады

постоянный

тұрақты

память

құрылғы

непрерывно

қоректендіру

устройство

түтікше

питать

үздіксіз

трубочка.

149 - тапсырма. А бағанасында тұрған ұғымдарды В бағанасында тұрған

ұғымдармен сәйкестендіріңіздер.

А

В

1.сақтау құрылғылары

А) показывает обрабатываемую информацию

2. енгізу құрылғылары

Ә) поддерживает программы и данные, используемые процессором

3. шығару құрылғылары

Б) делает всю обработку, контролирует переферийные устройства

4. жады

В) позволяет вводить информацию

5. жүйелік блок

Г) поддерживает длительность хранения программ и данных

150 - тапсырма.Компьютер құрамына енетін негізгі құрылғылардың атауын торға жазыңыздар.

151 - тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Үлгі: Түтікшеден (-ден – шығыс септік). Компьютер құрылымының

маңызды бөліктерінің бірі – түтікше.

152-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына байланысты көршіңізбен сұхбат

құрып, әңгімелесіңіздер.

153-тапсырма. Қатқыл дискінің схемасын толтырып, түсіндіріңіздер.

154-тапсырма. «Адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары бар ма?» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Жедел жады және дисплей жайында қосымша материалдармен танысып, жан-жақты меңгеру, терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [46-47]; 6 [40-41].

Бақылау сұрақтары:

  1. Жедел жад дегеніміз не?

  2. Компьютердің ішкі жады туралы не білесіздер?

  3. Ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад жайында не білесіздер?

  4. Дисплей туралы түсініктеріңізді айтыңыздар?

  5. Дисплей неден тұрады?

6-апта. 18-тәжірибелік cабақ.

155-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.