Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Виртуалды байланыс түрлері

* * * * *

Usenet, irc, iso, ip-телефония жүйелері

Бүкіләлемдік виртуалды байланыс түрлері сан түрлі және оларды әр адам қажетіне қарай өзі таңдайды. Мысалы, Usenet жүйесі бірнеше бағытта жұмыс істейді. Олар – тармақталған дискуссия клубы, телеконференция, жаңалықтар тобы. Usenet арқылы мәліметті бір адамға ғана емес, бірнеше абоненттер тобына жолдауға болады. Әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде телеконференцияға қатынасушылар тең құқықты болып саналады. Әрбір телеконференция бір тақырыпқа (ғылым, өнер, спорт, т.с.с.) арналады және оның өзіндік адресі болады. Мұндағы қарастырылатын мәселелер ауқымы әр түрлі бола береді. Әдетте өте ауқымды тақырыптың ішінде бірнеше шағын мәселе қамтылады.

IRC (Internet Relay Chat) – нақты уақыт кезеңінде телеконференция өткізудің бір түрі. Өзекті бір мәселе төңірегінде тұтынушылар бір-бірімен виртуальды әңгіме-дүкен құрып, пікір алмаса алады. IRC-серверлері мен IRC-клиенттері көмегімен тұтынушылар пернетақтада сөздерді теру арқылы бір-бірімен «виртуальды» түрде әңгімелеседі.

ISO (I seek you – мен сені іздеймін) – желі тұтынушыларына нақты уақыт кезіңінде хат-хабарлармен алмасып, бірден чат (сһаt - әңгіме) құрып, файл жіберіп, әңгімелесуге мүмкіндік беретін қызмет түрі.

E-mail – электрондық поштаның ағылшынша атауы. Ол желі қызметтерінің ішіндегі электрондық мәлімет алмасудың ең негізгісі. Электрондық пошта көмегімен барлық құрылықтарда тұратын адамдар бір-біріне электрондық хаттар мен файлдар жібере алады.

IP-телефония – бұл ТСР/ІР хаттамалары негізінде электрондық мәлімет алмасудың жеке бір түрі. Адамның дауысы цифрлы файлға (аудиофайлдар жасау сияқты) түрлендіріледі де, желідегі қарапайым мәліметтер пакеттері тәрізді түрде тасымалданады. Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық операторы болып саналатын «Қазақтелек ом» ААҚ-ы тәжірибеде осы байланыс түрін пайдаланып жүр.

Сөздік:

талқылау – обсуждение

тең құқықты – равноправный

тармақ – ответвление

қатынасушылар – участники

жүйке – нерв

қарастырылатын – рассматриваемый

пікір – мнение

нақты уақыт – реальное время

223 - тапсырма. Мәтіннен көсемшелерді теріп жазып, жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

Үлгі: Электрондық пошта арқылы хатты жіберіп үлгеріпті. – жіберіп

үлгеріпті – жіберіп – жіберу + -іп – көсемше қимылды білдіреді; үлгеріпті – үлгеру + -іп + -ті – өткен шақ тұлғалы етістік – негізгі қимылды білдіреді.

224 - тапсырма. «Виртуалды байланыс» түрлерін жазып, олармен

сөйлемдер құрастырыңыздар.

Usenet жүйесі

225-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріңіздер.

1. Сіз үйде отырып әлемдік деңгейдегі … қатыса аласыз. 2. Бұл ақпараттық-телекоммуникациалық ... виртуалды байланыстар бойынша жетістіктері. 3. Usenet … бірнеше бағытта жұмыс істейді. 4. Usenet арқылы әр түрлі мәселелерді талқылау кезінде телеконференцияға … тең құқықты болып саналады. 5. Мұндағы қарастырылатын … ауқымы әр түрлі бола береді. 6. IRC арқылы бір мәселе төңірегінде … бір-бірімен виртуальды түрде пікір алмаса алады. 7. ISO желісі тұтынушыларына нақты уақыт кезіңінде … алмасып, әңгімелесуге мүмкіндік береді. 8. Электрондық пошта көмегімен адамдар бір-біріне электрондық … жібере алады. 9. IP-телефонияны Қазақстан Республикасы байланысының ұлттық … «Қазақтелеком» ААҚ-ы тәжірибеде пайдаланып жүр.

Тірек сөздер: 1. Мәселелер. 2. Хат-хабарлармен. 3. Жүйесі. 4.Операторы.

5. Технологиялардың. 6. Қатынасушылар. 7. Телеконференцияларға. 8. Хаттар.

9. Тұтынушылар.

226-тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріңіздер.

1. Виртуалды. 2. Тармақ. 3. Қатынасушылар. 4. Құқық. 5. Талқылау. 6. Тақырып. 7. Әңгіме. 8. Байланыс.

227-тапсырма. Мына сөздерді сөз таптарына ажыратып, түсіндіріңіздер.

1. Әлемдік. 2.Қатысу. 3.Байланыстар. 4. Бірнеше. 5.Арқылы. 6. Әр түрлі. 7.Өзіндік. 8. Өте. 9.Шағын. 10.Бірден. 11.Бір-біріне. 12.Түрлендіріледі. 13.Тасымалданады. 14. Ұлттық.

228-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

229-тапсырма. Мына сөздердегі жалғаудың түрлерін анықтаңыздар.

1. Жетістіктерінің. 2. Тармақталған. 3. Жолдауға. 4. Қарастырылатын. 5. Төңірегінде. 6. Тұтынушыларына. 7. Құрылықтарда. 8. Байланысының. 9. Тәжірибеде. 10. Пайдаланып.

230-тапсырма. «Виртуалды байланыстар қызметінің қоғамдық-әлеуметтік

саладағы маңызы» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Виртуалды байланыстар қызметінің түрлері, олардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік саладағы маңызы жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [50-51]; 6 [105-106].

Бақылау сұрақтары:

1. Виртуалды байланыс түрлеріне нелер жатады?

2. Usenet жүйесінің қызметі жайында не білесіздер?

3. IRC арқылы не істеуге болады?

4. ISO желісінің жұмысы жайында не білесіздер?

5. Электрондық пошта қызметін қолдансыз ба?

6. IP-телефония – қандай қызмет түрі?

10-апта. 29-тәжірибелік cабақ.

231-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар