Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электрондық жәрмеңкелер

Электрлік құрылымдар мен жүйелер өндірісі электроника индустриясы саласы ретінде жаңа кезеңдерін бастан өткеруде. Сондай – ақ, бұл салада жоғары сапалы құрылымдар пайдаланылған жаңа технологиялар үрдісі орын алуда.

Басқа өндіріс салалар секілді электроника өндірісі де дамудың кезеңдерін өткеруде. Осыдан он жыл бұрын бұл салада электрлік заттардың жаңа үлгілерін дайындау мен өндіру қолға алынған болатын. Ал бүгінгі таңда автоматтандырылған құрылым жобалары бар электр құрылғыларын дайындап, өндіретін ірі фирмалар жұмыс істеуде. Жеке өндіріс орындарындағы инвестиция қоры ондаған миллион долларды құрайды. Бұл аталған жаңа өндіріс орындары барлық өндіріс үрдістерін толық автоматтандырған кешенді жобалар болып табылады.

Электрондық жәрмеңкелер электрониканың негізгі бір саласы ретінде жоғары технологияның индустрия заңдары негізінде дамып келеді. Электроника саласындағы жәрмеңкелер нарық пен өндірісті дамытып, болашақтағы өндіріс құрылымы мен технологиясын жетілдіру үстінде.

Электрондық жәрмеңкелерге қатынасушылар өздерінің тәжірибеден өткен жүйелері мен құрылымдарын, автоматтандырылған жинақтық өнімдер мен сынақтық өлшемді қондырғыларын халыққа ұсынады. Аталған қондырғыларды көріп қана қоймай, белгілі мақсаттарға қолданып көруге де болады. Сондай-ақ, келісім шартқа отырып, керекті құрылғылар мен материалдарға тапсырыс беруге болады.

Сөздік:

жәрмеңке – ярмарка

жоба – проект

кезең – период, время

жетілдіру – совершенствовать

өнім – продукция

тәжірибе – опыт

үлгі – модель

сынақтық – экспериментальный

өндіру – производить

келісім шарт – договор

333 - тапсырма. Берілген сөздерді ретімен орналастыру арқылы мәтін мазмұнына сай сөйлемдерді оқи аласыздар.

1) A) қор; B) құрайды; C) миллионды; D) орындарындағы; E) өндіріс.

2) A) ірі; B) жұмыс; C) істеуде; D) өндіруші; E) фирмалар.

3) A) өндірісі; B) өткеруде; C) электроника; D) кезеңдерін; E) дамудың.

4) A) жәрмеңкелер; B) электроникадағы; C) нарықты; D) дамытты; E) өндірісті.

334 - тапсырма. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін мазмұны бойынша сұхбатты аяқтаңыздар.

1

Электрлік құрылымдар қандай кезеңді бастан өткерді?

A

Он жыл бұрын

2

Электрлік заттардың үлгілерін өндіру қашан қолға алынды?

B

Тасымалдау мен даму

3

Электроника саласындағы жәрмеңкелер нені дамытты?

C

Ондаған

4

Жеке өндірістегі қор қанша доллар?

D

Нарық пен өндірісті

335 - тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша алынған тірек сөздердің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Электроника өндірісі де дамудың ... өткеруде. 2. Бұл салада электрлік заттардың … дайындау қолға алынған. 3. Автоматтандырылған құрылым жобалары бар электр … дайындайды.4. Өндіріс … толық автоматтандарған кешенді жобалар болады. 5. Жәрмеңкеге қатынасушылар өлшемді қондырғыларын халыққа ... . 6. Аталған қондырғыларды халық ... . 7. Керекті материалдарға тапсырыс беруге ... . 8. Инвестиция қоры ондаған миллион долларды ... .

Тірек сөздер: 1. Ұсынады. 2. Құрайды. 3. Көреді. 4. Болады. 5. Үлгілерін. 6. Үрдістерін. 7. Кезеңдерін. 8. Құрылғыларын.

336 - тапсырма. «Электрондық жәрмеңкелер - электрониканың негізгі бір саласы » тақырыбында эссе дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Соңғы жылдары өткен бүкіләлемдік электрондық жәрмеңкелер жайында қосымша материалдармен танысып, оның презентациясын және электроника саласы бойынша термин сөздігін дайындаңыздар.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Электроника саласындағы жетістіктер туралы не білесіздер?

2. Электрондық жәрмеңкелер дегеніміз не, олар қалай өтеді?

3. Электрондық жәрмеңкелерді ұйымдастыру мақсаты неде?

4. Электрондық жәрмеңкелерді ұйымдастырудың пайдасы неде?

15 –апта. 43 -тәжірибелік cабақ

337 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.