Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Есептеуіш техникалар эволюциясы

* * * * *

Алғашқы есептеуіш техникалар

Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Есепшот Ресейде ХVI-XVII ғасырларда пайда болған. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын Д. Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын.

87 - тапсырма. Төмендегі сөздерді дәптерге жазып, есте сақтау үшін олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

  1. Есепшот

  2. Жетілдіру

  3. Жүгіртпе

  4. Жетектер

  5. Дөңгелектер

  1. Қосқыш

  2. Құрылғы

  3. Ажырату

  4. Көбейту

10. Түбір


88 - тапсырма. Төмендегі сан есімдерді сөзбен жазыңыздар да, олармен

сөйлемдер құрастырыңыздар.

Үлгі:1761 – бір мың жеті жүз алпыс бірінші жылы Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады.

1) 1660; 2) 1642; 3) 1846; 4) 1761; 5) 1880; 6) 1694; 7) 1944.

89 - тапсырма. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу

жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: жетектер – жетек+тер (-тер көптік жалғауы, сөздің негізі қатаңкдыбысына аяқталғандықтан, -тер жалғауы жалғанады).

90 - тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Есептеу құралы. 2. Логарифм кестесі. 3. Сандарды көбейту. 4. квадрат түбірі. 5. Қосу машинасы. 6. Арифмометр құрастыру.

91-тапсырма.Көп нүктенің орнына тордағы тиісті сөздерді қойып, дәптерге жазыңыздар.

  1. Көптеген адамдар оны қазіргі ... атасы деп атайды.

  2. Екі ғасыр бойы әр елдің ... есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды.

  3. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған ... қолданылды.

  4. Кейін ... бірнеше рет жетілдірілді..

  5. Кейін ол дүние жүзіне ... компьютер шығаратын фирмаға айналды.

  6. Перфорациялық машиналар алуды, қосуды және сандық кестелерді

... шығаруды орындады.

Компьютердің, оқымыстылары, басылымға, әйгілі, арифмометр, цилиндр.

92- тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

жазыңыздар.

93 - тапсырма. «Есептеуіш техникалар эволюциясы» тақырыбына эссе

жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы есептеуіш техникалар туралы қосымша

материалдармен танысып, меңгеру, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [33-34]; 6 [28-29].

Бақылау сұрақтары:

1. Ең ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы не?

2. Логарифм кестесін кім және қашан ойлап тапты?

3. Навигациялық есептеулер жүргізетін логарифм сызғышын кім ойлап тапты?

4. Алғашқы есептеуіш техникалар туралы тағы не білесіздер?

4-апта. 11-тәжірибелік cабақ

94 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып

алыңыздар.

Алғашқы арифмометр

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі механикалық есептеу машинасын құрастырды. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л. Чебышев пен В.Т. Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазір әр адамның қолында жүретін калькулятордың негізін салды.

Сөздік:

қосу – прибавить

өнертапқыш – изобретатель

түбір – корень

бөлу – деление

көбейту – умножение

құрастыру – конструрировать

алу – вычитание

есептеулері – вычисление

негіз – основа

дөңгелек – круг, колесо

амалдар – способы

күрделі – сложный

95 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, дәптерге

жазып алыңыздар.

1. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль белгілі механикалық есептеу ... құрастырды. 2. 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын – ... құрастырды. 3. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған ... қолданылды. 4. Арифмометр қазіргі ... негізін салды.

Тірек сөздер: 1. Машинасын. 2. Арифмометрді. 3. Калькулятордың.

4. Цилиндр.

96-тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын сәйкестендіріңіздер.

ашықтық

данные

заңсыз

открытость

деректер

незаконно

қасиет

важный

қабілет

свойства

маңызды

способность

97 - тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

98 - тапсырма.Берілген тіркестерді бір-біріне сәйкестендіріп, дәптерге

жазып алыңыздар.

Уақыты

Ойлап тапты/дамытты

Өнертапқыш

ХVI-XVII ғ.

Логарифм сызғышын

Ресейде

XVIIғ. басы

Механикалық ЕМ

Д. Непер

1846 ж.

ЕМ-арифмометр

Ада Лавлейс

1642 ж.

Есепшот

Б. Паскаль

1761 ж.

Марк-1 автоматтық ЕМ

Д. Робертсон

1694 ж.

Бірінші бағдарламашы

Лейбниц

ХІХ ғ.

Логарифм кестесін

Ч. Бэббидж

ХІХғ. соңында

Перфорациялық машина

Г. Холлерит

1944 ж.

Алғашқы автоматтық ЕМ

Г. Айкен

Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы есептеуіш техникалардың даму жолы

жайында ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, конспект жазу, терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [36-37]; 6 [31-32].

Бақылау сұрақтары:

1. Механикалық есептеу машинасы қашан құрастырылды?

2. Арифмометрді кім және қашан құрастырды?

3. Кейін арифмометр қанша рет жетілдірілді?

4. Арифмометрді жетілдіруге үлес қосқан өнертапқыштарды атаңыздар?

5. Арифмометр қазіргі қандай құралдың негізін салды?

4-апта. 12 тәжірибелік cабақ

99-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыздар, кәсіби сөздерді дәптерге жазып,

мағынасын сөздіктен қараңыздар.