Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Пернетақта құрылымы және қызметі

Әр адамның компьютерлік сауаттылығының көрсеткіші пернетақтаның құрылымын білу және оны тәжірибеде дұрыс қолданудан басталады. Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді. Символдық пернелер пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Функциялық пернелер символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылықтап тұратын символ. Келес цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта.

«Enter» немесе енгізу пернесі– ең басты перне. Оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, амалдың аяқталғанын, компьютердің енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. «Backspace» пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін, қатені түзету үшін қолданылады. «Shift» пернесі. Бұл кіші әріптерді бас әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. «Caps Lock» пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса, бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса, қайта кіші әріптер енгізіледі. «Delete» пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

156 – тапсырма. «Перне» сөзін қажетті формаға қойып, онымен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

басқару

157 тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Сауаттылық көрсеткіші. 2. Пернетақта құрылымы. 3. Негізгі бөлік. 4. Басты перне. 5. Әрекеттерді өңдеу. 6. Өзгертуге пайдалану. 7. Символдарды өшіру. 8. Меңзерді басқару. 9. Амалды аяқтау.

158 тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, олармен сөйлемдер

құрастырыңыздар.

Үлгі: Меңзер. Делета пернесі меңзердің оң жанындағы символды өшіреді.

159 тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Пернетақта – компьютерге ... енгізуге арналған құрылғы. 2. Пернелер бірнеше ... бөлінеді. 3. Ентерді басу әдетте белгілі бір әрекеттің, ... аяқталғанын білдіреді. 4. «Caps Lock» ... басса, бас әріптер енгізіледі.

Тірек сөздер:1. Амалдың. 2. Блокқа. 3. Пернесін. 4. Ақпарат.

160-тапсырма. Арнайы пернелердің қызметін кестеге толтырыңыздар.

Перне аты

Перненің қызметі

1. Enter

2. Backspace

3. Бос орын

4. Shift

5. Caps Lock

6. Delete

7. Alt

8. Ctrl

9. Num Lock

10. Esc

161-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

162-тапсырма. Төмендегі сөзжұмбақты шешіңіздер.

Тігінен:

1. Қатқыл диск. 3. Ақпаратты сақтайтын құрылғы. 4. Бір шеңберде орналасқан және байттарды сақтауға арналған диск бетінің бөлігі. 6. Компьютердің бөлек

құрылғыларының арасында деректерді беруді бақылайтын микросхема.

9. Басылым құрылғысы.

10. Қол манипуляторы.

12. Әр түрлі жолшықтардағы бірдей нөмірлері бар деректер жиыны. 13. Монитор экранындағы бір нүкте.

Көлденеңінен:

1. Компьютердің экранына ақпарат шығару құрылғысы. 5. Иілгіш диск.

7. Сегіз биттан тұратын топ. 8. Компьютердің жеке құрылғыларын байланыстыратын негізгі кеңарна. 9. Мәтіндік ақпаратты енгізу құрылғысы.

11. Компьютердің «миы». 14. Компьютердің жадына графикалық ақпарат енгізу құрылғысы. 15. Иілгіш дискілермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

Әдістемелік ұсыныс: Пернетақтаның және тінтуірдің соңғы нұсқплары, олардың құрылымы және қызметі жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [46-47]; 6 [40-41].

Бақылау сұрақтары:

  1. Пернетақта дегеніміз не, оның құрылымы неден тұрады?

  2. Символдық пернелер деп нелер аталады?

  3. Функциялық пернелерге нелер жатады?

  4. Тағы қандай пернелерді білесіздер?

  5. Олар қандай қызмет атқарады?

7- апта. 19 - тәжірибелік cабақ

163 - тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.