Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Радиобайланыс

Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші және ақпарат қабылдаушы жақтары болады. Ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы болады. Ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңдылығына сәйкес өзгертіледі, ал қабылдаушы жақта кері үрдіс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын және жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі. Радиобайланыс – бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі.

Сөздік:

радиотолқын – радиоволны

радиоқабылдағыш – радиоприемник

радиобайланыс – радиосвязь

тербеліс – колебания

таратушы – распространитель

жылжымалы – движимый

қабылдаушы – принимающий

қозғалмайтын – недвижимый

259 - тапсырма. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазып, жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

Үлгі: радиоқабылдағыш – радио (з.е.) + қабылдағыш (з.е) – екі зат есімнің тұтаса бірігуі арқылы жасалған.

260 - тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сәйкестендіріп,

жазып алыңыздар.

алмасу

расстояние

арақашықтық

обменяться

арасында

обратный

кері

между

тұратын

осуществляться

берілетін

состоящий

жүргізіледі

передающий

261 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Радиобайланыс — радиотолқын ... ақпарат алмасу. 2. Ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы ... тұратын радиотарату құрылғысы болады. 3. Ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау ... орналасады. 4. Байланыс біржақты және ... болуы мүмкін. 5. Радиобайланыс қозғалмайтын және жылжымалы объектілер арасында ... орнатудың бірден бір тәсілі. 6. Радиобайланыс – бұл ... көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі.

Тірек сөздер: 1. Антенналардан. 2. Құрылғысы. 3. Байланыс. 4. Екіжақты. 5. Көмегімен. 6. Радиотолқындардың.

262 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар жасаңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

263 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ақпарат беруші. 2. Қабылдаушы жақтары. 3. Радиобайланыс жүйесі.

4. Таратушы антенналар. 5. Радиотарату құрылғысы. 6. Тасымалдаушы жиілік. 7. Заңдылығына сәйкес. 8. Кері үрдіс. 9. Біржақты байланыс. 10. Жылжымалы объектілер.

264 - тапсырма. «Радиобайланыс не үшін қажет» тақырыбында сұхбат құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Адамзат өмірінде, тұрмыста радиобайланыс жүйесінің маңызы мен мәні туралы қосымша мәліметтермен танысып, конспект жасау, термин сөздерді кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Радиобайланыс дегеніміз не?

2. Радиобайланыстың қандай жақтары болады?

3. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағы дегеніміз не?

4. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат қабылдаушы жағы дегеніміз не?

11-апта. 33-тәжірибелік cабақ

265 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.