Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Дербес компьютерлер жабдықтары

* * * * *

Жүйелік блок қызметі

Кез-келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз жұмыс істей алады. Дербес компьютердің жүйелік блогы мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, тінтуір, модем, т.б.

Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу-өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын CD-ROM

орналастырылған.

Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар. Жүйелік блок – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын атқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

Сөздік:

пернетақта – клавиша

жүйелік блок – системный блок

оларсыз – без них

жинақталған – собранный

дискжетек – дисковод

аналық тақша – материнское плато

тінтуір – мышь

бейнетақша – видеоадаптер

деректер – данные

дыбыс тақша – звукоадаптер

батырма – кнопка

қоректендіру блогы – блок питания

140-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

141 - тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, берілген сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Дербес компьютер бірнеше... тұрады. 2. Дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның... құрылғылары болып табылады. 3. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу/өшіру ... орналасқан. 4. Процессор компьютердің ... . 5. Жедел жад - бұл компьютердің ... жады. 6. ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша ... арналған жад. 7. ... компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

144 - тапсырма. "Компьютерде" деген ұғым қай сөзбен етістікті тіркес жасай алады?

Теру

Компьютерде

Орындау

Жазу

Тарау

Салу

Арнау

Ойнау

Төлеу

Секіру

Есептеу

Өндіру

Ұйымдастыру

Өткізу

Есептеу

Дайындау

Көбейту

Бөлу

Ескерту

Істеу

Шығару

Қолдану

Жинау

142 - тапсырма. Төмендегі етістіктерден болымсыз етістіктер жасаңыздар.

Атқару, алу, табылу, істеу, жалғасу, айналдыру, жинақтау, өңдеу, орналастыру, шығару, орындау, енгізу, орнату, өшіру.

143-тапсырма. Төмендегі етістіктерге есімшенің жұрнақтарын жалғап,

олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Үлгі: орналасу-орналас-қан, орналас-ар, орналас-атын. – Берік орналасқан.

Жалғасу, өңдеу, енгізу, орнату, өшіру, қосу, сөндіру, ісеу, жазу, беру, шығару, басу, көрсету, бөлу, қолдану.

145-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Дербес компьютер жабдықтары жайында қосымша материалдармен танысып, жан-жақты меңгеру, терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [49-50]; 6 [52-53].

Бақылау сұрақтары:

  1. Дербес компьютер неден тұрады?

  2. Жүйелік блок дегеніміз не?

  3. Жүйелік блоктың қызметі неде?

  4. Жүйелік блокта не орналастырылған?

  5. Жүйелік блок компьютердің қандай жұмысын орындайды?

  6. Деректер қайда сақталады?

6-апта. 17-тәжірибелік cабақ.

146-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.