Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Компьютердің пайдасы мен зияны жайында

* * * * *

Компьютердің зияны қаншалықты?

Компьютер арқылы көптеген мәселелеріміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық. Десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

Бұл қауіпті «ғасыр ойыншығы» тұрмыста көп қолданылады. Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам ағзасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылықтар бар. Ал, соңғы маркідегі компьютерлердің өзі құрылысына қарай үш түрге бөлінеді: «ақ», «сары» және «қызыл». «Ақ» құрылысты компьютерлер АҚШ-та, Жапонияда және Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. «Сары» құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайвань сияқты Азия елдерінде жасалынады. Бұлардың сапасы соншалықты жоғары болмайды. Ал «қызыл» құрылысты компьютерлерді өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі. Біз, әдетте, мониторды зиянды деп ойлаймыз.

Ал пернетақта одан да қауіптірек көрінеді. Одан тараған

электромагниттік сәулелер саусақ арқылы организмге әсер етеді. Нәтижесінде жүйке ауруы пайда болады. Компьютер алдында көп отырғандардың қол, саусақ ауруларына ұшырайтындары да көп көрінеді.

Сөздік:

көпшілігіміз – многие

қауіп төндіру – привлекает угрозу

сәуле – луч

ағза – организм

жүйке – нерв

хабарсызбыз – не осведомлены

шеберлер – мастера

айырмашылық – различие

192 - тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Қауіп төндіру, соңғы маркідегі, құрылысына қарай, өте сапалы, шеберлер құрастырды, кәдімгі пернетақта, саусақ арқылы, жүйке ауруы, маңызды кеңес.

193-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді

қойып жазыңыздар.

  1. Компьютерден шығатын ... сәуле адам ағзасына зиян.

Қауіп

  1. ... одан да қауіптірек көрінеді.

Жүйке

  1. Компьютердің адам денсаулығына қаншалықты ... төндіретінінен көпшілігіміз хабарсызбыз.

шыққандары

  1. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кездегі ... қауіптірек.

Құрылысына

  1. Соңғы маркідегі компьютерлердің өзі ... қарай үш түрге бөлінеді.

өзіміздің

  1. «Қызыл» құрылысты компьютерлерді ... шеберлер құрастырады.

Пернетақта

  1. Компьютер алдында көп отырғандықтан, ... ауруы пайда болады.

Электромагниттік

194 -тапсырма. Мәтінді тағы бір рет оқып, төмендегі кестені

толтырыңыздар.

Зияны

Ауру түрлері

Қалай сақтану керек?

Электромагниттік сәуле

Жүйке ауруы


195 -тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Адам денсаулығына компьютерден келетін қауіп, олардың түрлері жайында материалдармен танысып, жоба жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [56-57]; 6 [60-61].

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютердің адам ағзасына зияндығы қаншалықты?

2. Көбіне қандай компьютерлер қауіпті?

3. Неліктен пернетақта қауіптірек дейміз?

4. Пернетақтадан адам қандай ауруға шалдығуы мүмкін?

8- апта. 23 - тәжірибелік cабақ

196 - тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.