Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы

Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. Оның дамуындағы келесі қадам алдын ала жасалған бағдарлама бойынша адамның қатысуынсыз есептеулер орындайтын құрылғылар жасау болды. Мұндай алғашқы есептеуіш автоматтың авторы ағылшын ғалымы Чарльз Бэббидж еді, сондықтан көптеген адамдар оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. Дүние жүзі бойынша 1846 жылы Бэббидж машинасына тұңғыш бағдарлама жазған Ада Лавлейс алғашқы бағдарламашы деп саналады. ХІХ ғасырдың соңында американдық Герман Холлерит есепші-перфорациялық машина құрастырды. Перфокарталар бағдарламаны көрсету үшін емес, сандық ақпараттарды сақтау үшін қолданылды. Есепші-перфорациялық машиналар перфорациялауды, сұрыптауды, қосуды және сандық кестелерді басып шығаруды орындады. Ол 1880 жылы АҚШ-та жүргізілген халық санағының құжаттарын өңдеуге пайдаланылды. Өз машинасының көмегімен Холлерит көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Холлерит есепші-перфорациялық машиналарды жасап шығаратын фирманың негізін қалады. Кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналды.

Біздің ғасырдың 30-жылдары релелік автоматика кеңінен дамыды. 1944 жылы американ математигі Говард Айкен Гарвард университетінде бағдарламамен басқарылатын, релелік және механикалық элементтерге негізделген Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырды.

Сөздік:

қарқынды – интенсивно

қатысуынсыз – без участия

қадам – шаг

тұңғыш – впервые

алдын ала – заранее

бағдарламашы – программист

көптеген – множество

басқарылатын – управляемый

саналады – считается

санақ – статистика, перепись

кесте – таблица

әйгілі – известный

100 - тапсырма.Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Үлгі: дөңгелектің – дөңгелек+тің (-тің- ілік септік жалғауы, сөздің негізі қатаңкдыбысына аяқталғандықтан, -тің жалғауы жалғанады).

101 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, жазыңыздар.

1. Перфорациялық машиналар сұрыптауды ... қосуды орындады. 2. Ч. Бэббидж алғашқы есептеуіш автоматтың авторы, … оны қазіргі компьютердің атасы деп атайды. 3. Д. Непер логарифм түсінігін … логарифм кестесін жариялады. 4. 1761 жылы Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады, … бұл идеяны ұсынған И.Ньютон болатын.

102 - тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

103 - тапсырма. Мәтіннен Сіз үшін бұрыннан белгілі және жаңа ақпараттар берілген абзацтарды жеке-жеке белгілеп, әрқайсысына сұрақтар дайындаңыздар.

104 - тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырып, өзара сөйлесіңіздер.

105 - тапсырма. Берілген сөзжұмбақты шешіңіздер.

3

4

 

6

1

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9

 

7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тігінен:

1.Біздің елдегі бірінші ЭЕМ.

2. Бірінші электронды компьютер.

3. Гректердің ежелгі санау құралы.

4.Санау-перфорациялық машинасын жарыққа шығарушы 6.Компьютер ойындарындағы дисплей экранында жылжымалы объектілерді басқаратын құрылғы.

9. ЭЕМ-нің I- буынының

элементтік базасы.

Көлденеңінен:

5. Бағдарламамен басқаралатын аналитикалық машинаның авторы.

7. Қосатын машинаны ойлап тапқан адам.

8. Лейбництің механикалық санау машинасы.

10. ЭЕМ-нің II буынының элементтік базасы.

106 - тапсырма. «Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы қандай жетістіктерге әкелді?» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы есептеуіш техникаларды өмірге әкелген тұңғыш өнертапқыш-ғалымдар жайында ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, жоба жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [38-41]; 6 [34].

Бақылау сұрақтары:

1. Есептеуіш техникалардың қарқындап дамуы қай ғасырдан басталады?

2. Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы кім?

3. Кімді алғашқы бағдарламашы деп атаймыз?

4. Есепші-перфорациялық машинаны құрастырған кім?

5. Марк-1 автоматтық есептеуіш машинасын құрастырған кім?

5-апта. 13-тәжірибелік cабақ.

107-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.