Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Радиостанциялар қызметі

Радио (лат. radiare – сәулелену), «радиобайланыс» термині - өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс), яғни «сәулелену көмегімен болатын байланыс». Радиостанция антеннасының көмегімен таратқыш сәулеленеді де ақпарат жер бетіне таралады. Ол қабылдағышқа әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады. Екі жақты байланыс болуы үшін әрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан тұруы керек.

Қуаты аз радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш жалпы қондырғыға қатар орнатылады. Ал жоғарғы қуатты радиостанцияларда сигналдарды сәулелендірген кезде таратқыштар жеке қондырғыларға орнатылады. Сапалы радиосигналдарды алу үшін қабылдағыштар да жеке қондырғыларға орнатылады.

Тарату кезінде электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым түрі бір жағы жерден көтерілген, екінші жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа қосылған кәдімгі сым десек болады.

Сөздік:

сәулелену – отражение

қуат – сила, мощь

айналады- превращается

қондырғы – установка

сым –провод

жұтып алатын – проглатывающий

өткізгіш – проводной, пропускающий

кәдімгі– обычный

266 - тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

Үлгі: Сапалы қандай? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

267 - тапсырма. Берілген сөздерді сәйкестендіріп, сөйлемдер

құрастырыңыздар.

сымсыз

көмегімен

анттеннаның

байланыс

қабылдағыш

энергиясы

толқын

орнатылу

қатар

қондырғы

қарапайым

көтерілген

жерден

түрі

268 - тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қалай

байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.

Үлгі: Электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтатын құрылғы антенна деп аталады.

сәулелендіретін, жұтатын есімшеден жасалынған бірыңғай анықтауыштар, жазылғанда арасына үтір қойылады.

269 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Радиостанция ... көмегімен таратқыш сәулеленеді де жер бетіне таралады. 2. Ол ... әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады. 3. Екі жақты байланыс болуы үшін әрбір радиостанция ... пен қабылдағыштан тұруы керек. 4. Қуаты аз радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш жалпы ... қатар орнатылады. 5. Ал жоғарғы қуатты радиостанцияларда ... сәулелендірген кезде таратқыштар жеке қондырғыларға орнатылады. 6. Сапалы ... алу үшін қабылдағыштар да жеке қондырғыларға орнатылады. 7. Тарату кезінде электромагниттік ... сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады.

Тірек сөздер: 1. Қабылдағышқа. 2. Таратқыш. 3. Сигналдарды. 4. Радиосигналдарды. 5.Антеннасының. 6. Қондырғыға. 7. Толқындарды

270 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар жасаңыздар. Жоспар

бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

271 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Өткізгішті сым. 2. Сәулелену көмегімен. 3. Қабылдағышқа әсер етіп. 4. Екі жақты байланыс. 5. Жеке қондырғылар. 6. Энергияны жұтып алу. 272 - тапсырма. «Радиостанциялар қызметі не үшін қажет»

тақырыбында эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстандағы радиостанциялардың қызметі жайында қосымша материалдармен танысу, термин сөздерді кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Радиостанциялар қызметі дегеніміз не?

2. Радиостанциялар арқылы ақпарат қалай тарайды?

3. Радиостанцияларда таратқыш пен қабылдағыш қалай орнатылады?

4. Антенна не үшін қажет, оны қалай орнатады?

12-апта. 34-тәжірибелік cабақ

273 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.