Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Ақпараттық қауіпсіздік

Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпараттық қауіпсіздік тәртібін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, бағдарламалық, техникалық шаралар қажет. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қолжетерлігін және жасырындылығын қолдауды түсінеді.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды үш түрін атап кетуге болады: қол- жетерлік, тұтастық және жасырындылық. Қолжетерлік – санаулы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қолжетерлігі – ақпаратқа, оны өңдеу техникалық құралдары мен технологияларына кедергісіз қолжетерлік өкілеттілігі бар субъектілерге ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталады. Тұтастық – ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғалуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұзылған кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады. Жасырындылық – ақпаратқа заңсыз қолжеткізуден немесе оны оқудан қорғау.

Сөздік:

қауіпсіздік – безопасность

заңнамалық – законодательный

мүдде – интерес, желание

ұйымдастырушылық– организационный

құқықтары – права

тұтастығын – компактность

тәртіп – правило, порядок

қолжетерлік – доступность

шаралар – мероприятия

жасырындылығын – секретность

өзгерту – изменить

санаулы – считанный

69 - тапсырма. Мәтіннен есім сөзден жасалған сын есімдерді теріп жазып,

жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: заңнамалық – заңнама (з.е.) + -лық (сөз тудырушы жұрнақ).

70 - тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын сәйкестендіріңіздер.

ашықтық

данные

заңсыз

открытость

деректер

незаконно

қасиет

важный

қабілет

свойства

маңызды

способность

71 - тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қалай

байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.

72 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауды жалғап, дәптерге

жазып алыңыздар.

1. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздік... қамтамасыз ету.

- тің

2. Жеке адам... құқықтары қорғалуы тиіс.

- ден

3. Ақпарат пен қорлар... тұтастығын қолдау қажет.

- қа

4. Ақпараттық қауіпсіздік... өте маңызды үш түрі бар.

- ның

5. Ақпарат... кедергісіз қол жетерлік өкілеттілігі бар субъектілер.

- дың

6. Жасырындылық - заңсыз қол жеткізу... қорғау.

- ті

73 - тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, сұхбат құрастырыңыздар.

Тірек сөздер: 1. Ақпараттық қауіпсіздік. 2. Қоғам мүдделері. 3. Кездейсоқ бұзылу. 4. Ұйымдастырушылық шаралар. 5. Адамның құқықтары. 6. Қорлардың тұтастығы. 7. Техникалық құралдар. 8. Өңдеу технологиялары. 9. Өкілетті субъектілер. 10. Заңсыз өзгерту.

74 - тапсырма. Берілген сөздерді болымсыздық формаға қойып,

жазыңыздар.

1. Мүдделерін қорғау

4. Деректерді өңдеу

2. Ақпаратты сақтау

5. Мәліметті тасымалдау

3. Қауіпсіздік режимін қалыптастыру

6. Жасырындылығын қолдау

75 - тапсырма. Берілген етістіктерді ауыспалы келер шақ формасына қойып, сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі: Қорғау - қорғайды. Елімізде құпия ақпараттарды мемлекеттік

деңгейде қорғайды.

1. Енгізу. 2. Сақтау. 3.Өңдеу. 4. Тасымалдау. 5.Жеткізу. 6. Қамтамасыз ету.

7. Бұзу. 8. Өзгерту. 9. Жасыру.

76 - тапсырма. «Ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің маңызы неде?»

тақырыбында эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекеттік қауіпсіздік тақырыбы бойынша ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, жоба дайындау, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [28-29]; 6 [72-73].

Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?

2. Ақпаратты қорғауға нелер жатады?

3. Ақпараттық қауіпсіздіктің қандай түрлерін білесіздер?

4. Ақпараттың қолжетерлігі дегенді қалай түсінесіздер?

5. Ақпарат тұтастығы дегеніміз не?

6. Ақпараттың жасырындылығы дегеніміз не?

7. Ақпаратты не үшін қорғаймыз?

3 - апта. 9 - тәжірибелік cабақ

77 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, түсінбеген сөздерді жазып алыңыздар және мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.