Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Компьютерлік вирустардың жіктемесі

Компьютерге вирус дискеттер мен лазерлік диск, сондай-ақ компьютерлік желі арқылы кіріп, қатқыл дискіні зақымдайды. Қазіргі кезде вирустардың елу мыңнан аса түрі бар. Олар шартты түрде келесі белгілері бойынша жіктеледі.

Мекендеу ортасы бойынша: желілік, компьютерлік желі арқылы тарайтын; файлдық, орындалатын файлға кіретін; жүктейтін, қатқыл дискінің немесе дискеттің жүктейтін секторына кіретіндер. Зақымдау әдісі бойынша: резиденттік, ДК-нің жадына жүктелетін; резиденттік емес, ДК жадын зақымдамайды және активті қалпында ұзақ уақыт сақталмайтындар.

Мүмкіндіктері бойынша: зиянсыздар, ДК-нің жұмысына әсерін тигізбейтіндер; қауіпсіздер, олардың әсері дискідегі бос жадты кішірейтумен және графикалық, дыбыстық және басқа әсерлермен шектеледі; қауіптілер, ДК-нің жұмысында елеулі жаңылыстар туғызуы мүмкін; өте қауіптілер, олар программалардың жоғалуына, деректердің жойылуына, жадтың жүйелік аймағындағы ақпараттың өшуіне, тіпті шалғай құрылғылардың уақытынан бұрын істен шығуына соқтыруы мүмкін. Бұл жіктеулер, әрине, барлық мүмкін вирустарды қамтымайды. Әрбір категорияда олардың өзіндік ерекшелігіне байланысты аталмаған нұсқалары да кездеседі. Мысалы, CMOS – вирустар немесе Microsoft Word ортасында «мекендейтін» вирусқа ұқсас құрылымдар. Бұдан басқа вирустардың барлық қасиеттеріне ие болмаса да, айтарлықтай қауіпті («троян аттары» және т.с.с.) бірқатар бағдарламалар кездеседі.

Сөздік:

қатқыл – жесткий

жіктеледі – классифицируется

қауіпсіздер – безопасные

жүктейтін – загружающий

шектелу – ограничиваться

жаңылыстар – ошибки

аймағы – территория

өшу – быть стертым, гаснуть

шалғай – отдаленный

істен шығу – выйти из строя

нұсқа – вид

бұзады – портит

ұқсас – похожий

мекендейтін – обитающий

172 - тапсырма. Негізгі және қатыстық сын есімдерді ажыратыңыздар.

Үлгі: негізгі – жаңа; қатыстық – файлдық

Компьютерлік, қабілетті, бәсекелес, антивирустық, атақты, оңай, желілік, мәтіндік, графикалық, резиденттік, қауіпсіз, дыбыстық, жүйелік.

173 - тапсырма.Мына сөздердің қалай жасалғанын түсіндіріңіздер.

Пайдаланушы, басқару, зақымдау, жұғу, кішірейту, жоғалу, жойылу.

174 - тапсырма. Қажетті жерге тыныс белгілерін қойып, «Қауіпсіздік ережесі» деген мәтінді мұқият оқып, шығыңыздар

Есептеуіштехникакабинетіндежұмысжасаукезіндетехникақауіпсіздігінсақтаустуденттерменоқытушылардыңнегізгіміндеттерініңбіріболыптабыладыжалпытехникақауіпсіздігінеережелерінеқойылатынталаптартөмендегідейкомпьютердітоққақосатынсымдарғақостілдірозеткілергештеккерлергетиісугежәнежабдықтардыоқытушыныңрұқсатынсызжылжытуғатыйымсалынадыдербескомпьютердесуланғанқолменжәнедымқылкиімменжұмысістеугеболмайдыдербескомпьютердіңжанынапортфельдерсумкаларкітаптарқоюғатыйымсалынадыүстелдеқаламмендәптерғанаболуымүмкінпернеліктақтаүстінеартықзаттарқоюғаболмайды

175-тапсырма. Мына етістіктердің қайсысы «вирус» сөзімен тіркеседі.

Вирус

көбейді

жұқты

көшірді

зақымдайды

алады

ұшады

бұзады

білдіреді

ашады

тарайды

зиян келтіреді

өзгереді

бөлінеді

қауіпсіз

176 - тапсырма. Төменде берілген сөздердің антонимдерін табыңыздар.

Шағын, ішінде, зиянды, жаңа, қатқыл, оңай, жиі, ұзақ.

177 - тапсырма Мәтін мазмұны бойынша өзара сұхбат құрыңыздар.

178-тапсырма Мәтінде кездесетін септік жалғаулы сөздерді теріп жазып,

жасалу жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі: файлды – файл-ды (т.с), компьютерге –компьютер-ге (б.с).

179-тапсырма.Мәтінге жоспар құрып, әңгімелеп беріңіздер.

180-тапсырма. “Компьютерлік вирустардан қалай қорғануға болады”

деген тақырыпта шағын эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Компьютерлік вирустардың түрлері жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [48-49]; 6 [42-43].

Бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерлік вирус деген не?

  2. Ішінде вирусы бар программа қалай аталады?

  3. Вирустың қанша түрі белгілі?

  4. Вирустар мекендеу ортасы бойынша қалай бөлінеді?

  5. Вирустар мүмкіндіктері бойынша қалай бөлінеді?

  6. Вирустар қайдан пайда болады?

  7. Оларды кім жазады?

7-апта. 21-тәжірибелік cабақ

181-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.