Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Бүкіләлемдік ғаламтор және оны тиімді пайдалану

* * * * *

Ғаламтордағы тср/ір қызметтері

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ұтымды пайдалану жолдарының негізгісі – бүкіләлемдік ғаламтор. Ғаламторда ТСР/ІР пайдаланылады. Бұл аббривиатуралар Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Ақпараттың берілуін бақылау хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді. Олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасады. Тірек желісі тізбектерінің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді.

Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады. Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, провайдерлер деп аталады.

Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты таратуға арналғандары: www мәліметтер базасы, FTP файлдық архивтер жүйесі, Telnet, т.б.; электрондық мәліметтер алмасу үшін: электрондық пошта (E-mail), Usenet телеконференциялар жүйесі, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалары. Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың әр түрлі функцияларын атқарады. Жыл сайын олардың кейбірі ескіріп жойылса, енді бірі жаңадан қолданысқа енеді.

201 - тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын және жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

1. Бүкіләлемдік. 2. Ғаламтор. 3. Желіаралық. 4. Талшықтық-оптикалық. 5. Кәсіпорындар. 6. Телеконференциялар.

202 - тапсырма. Қос шеңбердегі сөздерді біріктіре отырып, сөз тіркестерін

жасаңыздар.

1. _________________ 4. _______________

2. _________________ 5. _______________

3. ________________ 6. _______________

203 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді тірек сөздермен толықтырыңыздар.

1. Телекоммуникациялық технологияларды ұтымды пайдалану ... бірі – бүкіләлемдік ғаламтор. 2. Ғаламторда ІР ... адрестеуге жауап береді. 3. ТСР ... тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді. 4. Тірек желісінде ... жұмыс істейді. 5. Олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми ... орналасады. 6. Тірек желісі ... өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді. 7. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің ... желілері қосылады. 8. Кейін жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке ... қосыла алады.

Тірек сөздер: 1. Хабарларды. 2. Жолдарының. 3. Орталықтарда. 4. Жергілікті. 5. Тізбектерінің. 6. Пайдаланушылар. 7. Суперкомпьютерлер.

8. Желідегі.

204 - тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып, олармен

сөйлемдер құрастырыңыздар.

1

Атқару

орындау

Еліміздің өндірістерінде инновациалық бағыттағы шаралар жүзеге асуда.

2

Тарату

3

Алмасу

4

Қосылу

6

Пайдалану

7

жеткізу

205 - тапсырма. Мына сөздердің сыңарларын табыңыздар.

  1. Бүкіләлемдік

  2. Бақылау

  3. Спутниктік

  4. Тірек

  5. Жеке

  6. Мәліметтер

А. хаттамасы

В. ғаламтор

С. базасы

D. адамдар

E. тізбектер

F. желісі

206 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

1. Қолданысқа ену. 2. Ескіріп жойылу. 3. Мәлімет алмасу. 4. IP-телефония қызметі. 5. Usenet жүйесі. 6. Аспап жасау. 7. Интернетке шығару. 8. Тізбектің өнімділігі. 9. Жергілікті желілер.

207 - тапсырма. Мәтіннің мазмұнын берілген жоспар бойынша

баяндаңыздар.

  1. Бүкіләлемдік ғаламтор.

  2. Ғаламтордағы ТСР/ІР қызметтері.

  3. Суперкомпьютерлер жұмысы .

  4. Ұлттық интернет желілері.

  5. Жергілікті желілер қызметі.

  6. Ақпаратты таратуға арналған қызметтер.

  7. Электрондық мәліметтер алмасу жүйелері.

208 - тапсырма. «Ғаламтордың адам өміріндегі маңызы неде?»

тақырыбына сұхбат құрастырып, сөйлесіңіздер.

209-тапсырма Мына сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1.Ауқымды желілер. 2.Интернет желісі. 3.Тапсырыс бойынша. 4. Біріктіретін желі. 5. Қашықтағы компьютер. 6. Мәліметтер базасы. 7. Жеке пайдаланушы.

210-тапсырма. Дәрісханаларағы компьютерлердің жергілікті желіге

біріктірілу схемасын салып, түсіндіріңіздер.

211-тапсырма. Мәтін мазмұнын түсінгеніңізді шын (ш) немесе жалған (ж)

жауабын таңдай отырып, дәлелдеңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

1. Қазіргі уақытта 100- ден аса ауқымды желілер бар.

2. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.

3. Ол хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс

істемейді.

4. Желідегі компьютерлерде мәтін, сурет, аудио-бейнематериалдар, өте үлкен ақпарат көлемі сақталмайды.

5. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды.

6. Интернетте TCP/ IP пайдаланылмайды.

7. Тірек желісі тізбектердің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетпейді.

8. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылмайды.

9. Интернетте көптеген қызметтер жұмыс істемейді.

10. Егер ұйымдар мен жеке адамдар ақы төлеу негізінде Интернетке шығарылатын болса, оларды провайдерлер деп атайды.

11. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істемейді.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ұтымды пайдалану жолдарының негізгісі – бүкіләлемдік ғаламтор жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [67- 68]; 6 [98 - 99].

Бақылау сұрақтары:

1. Бүкіләлемдік ғаламтор дегеніміз не?

2. Ғаламторда нелер пайдаланылады.?

3. ТСР дегеніміз не ?

4. ІР желі дегеніміз не?

5. Интернетте қандай қызмет түрлері бар?

6. Сіз интернетті жиі қолданасыз ба?

9-апта. 26 - тәжірибелік cабақтар

212 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып

алыңыздар.

WWW – Интернеттегі ақпарат іздеу жүйесі

Қазіргі уақытта үйде отырып та, әлемдік деңгейдегі семинар, конференцияларға қатысуға толық мүмкіндік бар. Бұл ақпараттық-телекоммуникациалық технологиялардың виртуалды байланыстар бойынша жетістіктерінің дәлелі. WWW (World Wide Web – ғаламтор) – Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі, оны Wid деп те айта береді. Мәліметтер блоктары (Wid-парақтар) мекемелердің немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі WWW-сервер немесе Web-сервер деп аталатын жеке компьютерлерде сақталады. World Wide Web қызметіндегі құжаттар үшін арнайы бағдарламалар-броузерлер болады. Олар құжаттарды экранда көрсете алады. Броузердің көмегі арқылы біз WWW құжаттарына шыға аламыз. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте гиперсілтемелері болады. Гиперсілтеме – бұл басқа Web-құжаттың адресімен байланысқан мәтіннің фрагменті немесе құрамдас объектісі. Web-құжаттарға енгізілген гипермәтіндік сілтемелер арқылы тұтынушы олардың бірінен біріне ауыса береді.

Сөздік:

әлемдік – мир, вселенная

қатысу – участвовать

деңгей – уровень

мүмкіндік – возможность

дәлел – аргумент, основание

іздеу – искать

меншік – собственность

құрамдас – составной

сілтеме – ссылка

тұтынушы – пользователь

213 - тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын және жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

1. Гипермәтін. 2. Wid-парақтар. 3. Web-құжат. 4. Сілтемелер. 5.Жабдықтар. 6. Шолушы. 7. Тұтынушы. 8. Амал.

214 - тапсырма. Қос шеңбердегі сөздерді біріктіре отырып, сөз тіркесін

жасаңыздар.

1. _________________ 4. _______________

2. _________________ 5. _______________

3. ________________ 6. _______________

215 - тапсырма. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

1. WWW – интернеттегі гипермәтіндік ... іздеу жүйесі. 2. Мәліметтер

web-сервер деп аталатын жеке ... сақталады. 3. Броузердің көмегі арқылы біз www ... шыға аламыз. 4. Web құжаттарының кез келгенінің әдетте ... болады. 5. Гиперсілтеме – бұл басқа Web-құжаттың адресімен байланысқан ... фрагменті 6. WWW мен оның бағдарламалық ... – желінің ең қуатты құралдары. 7. Гипермәтіндік ... тасымалдау хаттамасы – НТТР. 8. WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін ... қолданылады. 9. Telnet клиенттің алыстағы сервер-компьютермен ... қамтамасыз ететін бағдарлама.

Тірек сөздер: 1. Құжаттарына. 2. Компьютерлерде. 3. Гиперсілтемелері. 4. Жабдықтары. 5. Мәтіннің. 6. Ақпарат. 7. Мәліметтерді. 8. Қатынасуын.

9. Броузер.

Әдістемелік ұсыныс: Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Кәсіби сөздерді қарым-қатынаста қолданып үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [103-104]; 6 [70].

Бақылау сұрақтары:

1. Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі қалай аталады?

2. WWW құжаттарына қалай шыға аламыз?

3. WWW-сервер дегеніміз не?

4. Гиперсілтеме дегеніміз не?

9-апта. 27- тәжірибелік cабақтар

216 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып

алыңыздар.