Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының

миссиясы - әлемдік білім стандарттарына сай келетін, кәсіптік және әлеуметтік құзырлары бойынша қазіргі заманғы өндірістік, жобалау, ғылыми және оқу орындарының, компаниялар мен ұйымдардың сұранысына жауап бере алатын инженерлерді дайындау.

Институтта инженер мамандарды дайындау екі бағытта: ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар салалары бойынша жүзеге асуда. Мысалы, оқу үрдісінде студенттер көп арналы телекоммуникация жүйелерін, электрондық ақпаратты түрлендіру және нысандарды компьютерлік басқару жүйелерін, телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау құралдарын тәжірибеде қолданудың қыр-сырын теориялық және практикалық тұрғыда меңгереді. Аспап жасау, ғарыштық технологиялар мамандықтары бойынша студенттер ғарыштық аспаптар, биотехникалық және медициналық аппараттар мен жүйелер, мехатроника және робототехника бағыттары бойынша білім алады. Ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарды таңдаған студенттер әр түрлі деңгейдегі программалау тілдерін, жүйелік және клиент-серверлік технологияларды, ақпаратты қорғауды, деректер базасын, компьютермен модельдеуді, жасанды интеллект жүйесін, әр түрлі жүйелерді: экономикалық, банктік, мекемелік, өнеркәсіптік технологиялық және т.б. басқаруды оқып-үйренеді.

Институт шетелдегі (Жапония, АҚШ, Ресей) оқу, ғылыми және өндірістік орталықтарымен тығыз қарым-қатынас жасайды. Академиялық ұтқырлық аясында жыл сайын студенттермен алмасу шараларын жүзеге асырып отырады.

(www.kazntu.kz. )

13 - тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын және жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

1. Құзырлары. 2. Жүйелері. 3. Сұранысы. 4. Нысандары. 5. Құралдары. 6. Шаралары.

14 - тапсырма. Қос шеңбердегі сөздерді біріктіре отырып, сөз тіркестерін

жасаңыздар.

1. ______________________ 4. ___________________

2. ______________ _______ 5. ___________________

3. ____________________ _ 6. ___________________

15 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тірек сөздердің қажеттісін қойып, берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1.Оқу үрдісінде студенттер көп арналы телекоммуникация ... меңгереді. 2. Электрондық ақпаратты түрлендіру және нысандарды компьютерлік басқару жүйелері ... болашақ инженер-бағдарламашылар оқиды. 3. Білікті оқытушылар студенттерге телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау ... тәжірибеде қолданудың қыр-сырын үйретеді. 4. Ғарыштық технологиялар мамандықтары бойынша студенттер мехатроника және робототехника ... бойынша білім алады. 5. Студенттер әр түрлі деңгейдегі программалау ... , ақпаратты қорғауды, компьютермен модельдеуді оқып-үйренеді. 6. Академиялық ұтқырлық аясында жыл сайын студенттер шетелдік оқу ... тәжірибеден өтеді.

Тірек сөздер: 1. Бағыттары. 2. Орындарында. 3. Пәндерін. 4. Құралдарын.

5.Тілдерін. 6. Жүйелерін.

16 - тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып, олармен

сөйлемдер құрастырыңыздар.

1

Білім беру

оқыту

Еліміздің білім беру жүйесі жаңаша дамуда.

2

Басқару

3

Меңгеру

4

Дайындау

6

Жасау

7

Алмасу

17 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Әлеуметтік құзырлар. 2. Ұйымдардың сұранысы. 3. Қорғау құралдары. 4. Компьютерлік басқару. 5. Телекоммуникациялық жүйелер. 6. Аспап жасау. 7. Тәжірибеде қолдану. 8. Робототехника бағыттары. 9. Ұтқырлық аясында.

18 - тапсырма. Берілген сөздердің сыңарларын табыңыздар.

  1. Көп арналы

  2. Электрондық

  3. Ақпаратты

  4. Деректер

  5. Жасанды

  6. Өндірістік

А.ақпарат

В. жүйе

С. интеллект

D. қорғау

E. орталықтар

F. базасы

19 - тапсырма. Мәтінді берілген жоспар бойынша мазмұндаңыздар.

  1. Институт миссиясы.

  2. Инженер мамандарды дайындау бағыттары.

  3. Халықаралық қарым-қатынастары.

20 - тапсырма. «Бұл мамандықты неліктен таңдадыңыз?» тақырыбына өзара сұхбат құрастырып, сөйлесіңіздер.

21 - тапсырма. Төмендегі мақалдарды ұтымды қолдана отырып, «Кәсіп түбі – нәсіп» тақырыбына эссе жазыңыздар.

1. Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы. 2. Күшті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Әдістемелік ұсыныс: Қазіргі инновациалық білім беру жағдайында «Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының» инженер мамандарды дайындаудағы жетістіктері жайында университет порталындағы ақпараттармен танысып, өзара пікір алмасу.

Әдебиет: Нег.: 4 [17-18]; 5 [7-10]; Қос.: 1 [14]; 3[3].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының

миссиясы не?

  1. Институтта инженер мамандарды дайындау қандай бағыттар бойынша

жүзеге асуда?

  1. Ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандықтарды таңдаған

студенттер нелерді оқып-үйренеді?

  1. Институт шетелдегі қандай оқу, ғылыми және өндірістік орталықтармен

қарым-қатынас жасайды?

1 - апта. 3-тәжірибелік cабақ

22 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.