Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электрондық пошта қызметі

Электрондық пошта қызметі өзімізге таныс «клиент-сервер» ұстанымы бойынша жұмыс істейді. Тұтынушы компьютерінде оның электрондық пошталық жәшігі тіркелген пошталық сервермен үнемі байланыс жасап отыратын клиенттің пошталық бағдарламасы (мысалы Outlook Express) орнатылған. Байланыс сеансы кезінде тұтынушыларға жөнелтуге дайындалған хат-хабарды жөнелту және тұтынушы компьютеріне келген хат-хабарды қабылдау әрекеті орындалады. Бұдан кейін байланыс сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. Тұтынушы хаттарды жазу және поштамен жіберу жұмысын клиенттік бағдарлама көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады. Пошталық қызмет кез келген жағдайда сіздің хатыңыз із-түссіз жоғалып кетпейтіндей етіп жасалған.

Дербес компьютерлерге арналған пошталық бағдарламалар поштаны қабылдау және жөнелту үшін әртүрлі хаттамаларды қолданылады. Поштаны жөнелту кезінде бағдарлама жөнелтілетін (шығыс) пошта серверімен немесе SMTP-серверімен SMTP хаттамасы бойынша бірге жұмыс істейді. Поштаны қабылдау кезінде бағдарлама қабылданатын (кіріс) пошта серверімен немесе РОРЗ-серверімен РОРЗ хаттамасы бойынша бірге жұмыс істейді. Бұл әртүрлі компьютерлерде, сондай-ақ бір компьютерде болуы да мүмкін. Бұл серверлердің аттарын өзіңіздің провайдеріңізден алу керек. Кейбір кезде поштаны қабылдау үшін пошталық серверден таңдамалы түрде кейбір хаттарды сіздің компьютеріңізге көшіру мүмкіндігін беретін кейінірек шыққан ІМАР хаттамасы қолданылады.

244 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мәлімет алмасу, дүниежүзілік өрмек, ақпарат іздеу, гипермәтіндік сілтеме, файл жіберу, мәселе талқылау, өзіндік адрес, байланыс орнату.

245 - тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін тірек ретінде алып, шағын мәтін

құрастырыңыздар.

Интернеттің қызметі, электрондық мәлімет, дүниежүзілік өрмек, мәлімет алмасу, гипермәтіндік сілтеме, көшіріп алу, электрондық пошта, файл жіберу.

246 - тапсырма. Мәтінге сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Web – құжаттарға енгізілген ... ауыса береді. Интернетте ... бар. 2. WWW мен оның ... бар құралдары. 3. Электрондық пошта көмегімен ... жібере алады. 4. Мұның электрондық поштадан ... тобына жолдайсыз. 5. Бұл электрондық поштаның ... ең негізгісі.

247 - тапсырма.Төмендегі сөздерді қолдана отырып, өзара сұхбат

құрастырыңыздар.

Электрондық пошта, тұтынушы, тұрмыстағы пошта, ақпараттық мәлімет, байланыс, поштаның адресі, жәшік, жөнелту, қабылдау, пошта сервері, ескерту.

248 - тапсырма Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның ұқсастығы және айырмашылығы неде, соны жазыңыздар.

ҰҚСАСТЫҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ

1................................................. 1........................................

2................................................ 2........................................

3................................................ 3.........................................

4................................................ 4 ............................................

Әдістемелік ұсыныс: Электрондық пошта қызметі, олардың түрлері жайында қосымша материалдармен танысып, кәсіби сөздерді меңгеру. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [73-74]; 6 [108-109].

Бақылау сұрақтары:

1. Электрондық пошта қалай жұмыс істейді?

2. Тұтынушы хаттарды қалай жібереді?

3. Жөнелтілетін пошта сервері дегеніміз не?

4. Қабылданатын пошта сервері дегеніміз не?

5. ІМАР хаттамасы туралы не білесіздер?

11-апта. 31-тәжірибелік cабақ

249 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.