Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электрондық пошта

Электрондық пошта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы поштаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу ұстанымдарын меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғызбайды. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар (хат, бандероль, посылкалар) емес, ақпараттық мәліметтер, бейнесуреттер мен бейнежазбалар жөнелтіледі. Бұл – байланысқа бірқатар шектеулер қоя отырып, электрондық алмасудың кәдімгіге қарағанда бірқатар айырмашылықтары бар екендігін білдіреді. Осы себепті де электрондық поштаны планетаның бүкіл аймағында бар пошталық қызметтің баламасы деп қарастыруға болмайды. Тек байланыстың бір түрін басқасымен алмастыру деп айтуға болады.

Электрондық пошта географиялық адрестеуді қолданбайды. Электрондық поштаның адресі төменгідей түрде болады: Тұтынушы_ аты @домен_ аты (мысалы, intkaz@ok.kz) «@» символы – тұтынушы аты мен домен атының айырым белгісі. Орыс тілінде мұны көбінесе күшік (собачка) деп атайды, ал ағылшынша - «аt» дейді, біздің тәжірибеде «ok.kz» доменінде «intkaz» тұтынушы аты.

232 - тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын және жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

1. Ұстанымдары. 2. Айырмашылығы. 3. Бейнелер. 4. Алмасу. 5. Құралдары. 6. Баламасы. 7 Аймағында. 8. Белгі.

233 - тапсырма. Қос шеңбердегі сөздерді біріктіре отырып, сөз тіркесін

жасаңыздар.

1. _________________ 4. _______________

2. _________________ 5. _______________

3. ________________ 6. _______________

235 - тапсырма. Мына сөздерді орысша аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

  1. Кәдімгі

  2. Қиындық

  3. Шектеулер

  4. Қызмет

  5. Тұтынушы

  6. Байланыс

А. трудность

В. обычный

С. функция

D. ограничение

E. связь

F. потребитель

236 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Қиындықтар туғызбау. 2. Бейнежазбалар жөнелту. 3. Электрондық алмасу. 4. Шектеулер қою. 5. Usenet жүйесі. 6. Аспап жасау. 7. Айырым белгісі. 8. Пошталық қызмет. 9. Басқасымен алмастыру.

237 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1.Оқу үрдісінде студенттер көп арналы телекоммуникация ... меңгереді. 2. Электрондық ақпаратты түрлендіру және нысандарды компьютерлік басқару жүйелері ... болашақ инженер-бағдарламашылар оқиды. 3. Білікті оқытушылар студенттерге телекоммуникациялық жүйелерде ақпаратты қорғау ... тәжірибеде қолданудың қыр-сырын үйретеді. 4. Ғарыштық технологиялар мамандықтары бойынша студенттер мехатроника және робототехника ... бойынша білім алады. 5. Студенттер әр түрлі деңгейдегі программалау ... , ақпаратты қорғауды, компьютермен модельдеуді оқып-үйренеді. 6. Академиялық ұтқырлық аясында жыл сайын студенттер шетелдік оқу ... тәжірибеден өтеді.

Тірек сөздер: 1. Бағыттары. 2.Орындарында. 3.Пәндерін. 4.Құралдарын. 5.Тілдерін. 6. Жүйелерін.

238 - тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін жазып, олармен сөйлем

құрастырыңыздар.

239 - тапсырма. Мына сөздерді сөз таптарына ажыратыңыздар.

Көп, хат, бұл, осы, мұны, сол, әрбір, бірнеше, ешқандай, екінші, қабылдау, жөнелту, немесе, кейбір, өзіңіз.

240 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріңіздер.

1. Пошталық қызмет кез келген жағдайда сіздің хатыңыз ... жоғалып кетпейтіндей етіп жасалған. 2. Дербес компьютерлерге арналған пошталық программалар поштаны ... және ... үшін әр түрлі хаттамаларды қолданылады.

3. Электрондық пошта ... адрестеуді қолданбайды. 4. Оның негізгі айырмашылығы – физикалық заттар емес, ... мәліметтер, бейнелер жөнелтіледі.

5. Электрондық пошта ... өзімізге таныс клиент-сервер принципі бойынша жұмыс істейді. 6. Бұдан кейін ... сеансы аяқталып компьютерлер бір-бірінен ажыратылады. 7. Тұтынушы ... құру және келген поштамен атқаратын жұмысты сол клиенттік программа көмегімен Интернетке қосылмай-ақ атқара алады.

8. Сіздің ... жөнелту әрекеті бірнеше күнге дейін қайталанады. 9. Егер бірнеше сағаттан кейін әрекет ... болса, сізге хабарламаның көшірмесі жазылған бірінші ескертпе мәлімет келеді. 10. Бұл ескертпе ... ақпараттық сипатта болады, сізден ешқандай әрекет талап етілмейді.

241 - тапсырма. Берілген сөздерге қандай қосымшалардың жалғанғанын

түсіндіріңіздер.

Принциптерін, поштаны, хаттамаларды, серверлердің, провайдеріңізден, компьютеріңізге.

242 - тапсырма. Сурет бойынша сұхбат құрастырып, өзара сөйлесіңіздер.

Әдістемелік ұсыныс: Электрондық пошта, оны қолдану тәсілдері жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Оларды кәсіби қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [74-76]; 6 [110-112].

Бақылау сұрақтары:

1. Электрондық пошта дегеніміз не?

2. Оның кәдімгі тұрмыстағы поштадан айырмашылығы неде?

3. Электрондық поштаның адрестері қалай аталады?

4. Қазақстандық электрондық пошталар қалай жазылады?

10-апта. 30-тәжірибелік cабақ

243-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.