Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Инновациалық технологиялар жаңалықтары

* * * * *

Қалтаға салып жүретін сканер

АҚШ пен Канадада “Докьюпен” деп аталатын қаламсап тәріздес кішкентай монохромдық сканер сатылуға шықты. Оның көлемі 205х12,7мм, салмағы 57 грамм. Онымен А4 пішіндегі құжаттарды сканерлеуге болады. Сканердің ақпарат сақтай алатын жадының көлемі 2 mb. Ол 100 парақтық мәліметті сыйғыза алады деген сөз.

Сканермен кез-келген адам жұмыс істей алады. Ол үшін парақтың үстіне параллель қойып, төмен қарай жүргізеді. Аппарат оптикалық сенсорлардың 200 дюймдегі құралымен қамтылған. Бір қағазды өңдеуіне 4-8 секунд уақыт кетеді. Оның ақпаратты сыйдыру мүмкіндігінің төмендігіне және жұмыс істеу жылдамдығының баяулығына қарамастан, ол өзіндік дербес ток көзінен жұмыс істей алады. Бұл сканердің қолданылу аясын кеңейтеді. Ондай аспапты, мысалы, кітапхананың оқу залында, университет дәрісханасында, тіпті көшеде де пайдалануға болады. Ақпаратты көшіріп алу үшін ең жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек.

Сөздік:

қаламсап – ручка

үстіне – наверх

тәріздес – подобный, похожий

өңдеу – обработка

сақтау – хранить

мүмкіндік – возможность

салмағы – вес

баяу – медленно

қамтылған – охвачен

қарамастан – несмотря

338 - тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, дәптерге жазыңыздар.

1. Сканердің ... сақтай алатын жадының көлемі 2 МБ. 2. Онымен А4 пішіндегі ... сканерлеуге болады. 3. Бір ... өңдеуіне 4-8 секунд уақыт шығындалады. 4. Оның ... 57 грамм. 5. Ол 100 ... мәліметті сыйғыза алатын деген сөз. 6. Ақпаратты ... үшін Windows 98 және одан да жоғары қуатты жүйеге ие компьютер керек. 7. Ол үшін парақтың ... параллель қойып, төмен қарай жүргізеді.

Тірек сөздер: 1. Құжаттарды. 2. Парақтық. 3. Ақпарат. 4. Салмағы. 5. Қағазды. 6. Көшіру. 7. Үстіне.

339 - тапсырма. Берілген сан есімді тіркестермен сөйлемдер құрастырып, дәптерге жазып алыңыздар.

1. 205 мм. 2. 12,7 мм. 3. 57 грамм. 4. 2 mb. 5. А4 пішіндегі. 6. 100 парақ. 7.200 дюйм. 8. 4-8 секунд.

Үлгі:Жаңа шыққан ноутбуктардың көлемі А төрт пішіндегі парақтай ғана.

340 - тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін әр түрлі мысалдармен көршіңізге түсіндіріп көріңіздер.

1.Қаламсап тәріздес. 2. Монохромдық сканер. 3. А4 пішіндегі құжаттар. 5.Жадының көлемі. 6. Дербес ток. 7. Жоғары қуатты.

341 - тапсырма. Көп нүктенің орына септік жалғауының тиістісін қойып, көшіріп жазыңыздар.

1. Мәтінді компьютер... өңдеу... негізгі құндылығы – ақпарат... өзгерту, көбейту және көшіру... жеңілдігі. 2. Компьютерлік алфавит ... 256 символ бар. 3. Мәтін математикалық, химиялық формулалар..., сандық кестелер... тұрады. 4. Мәтіндік редакторлар – магниттік дискі... мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығару... қолданылатын қолданбалы бағдарлама.

342 - тапсырма. «Болашақ кәсібіңіз қандай адами қасиеттерді және кәсіби біліктілікті қажет етеді?» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпараттық технологиялар саласының кейінгі кездегі жетістіктері, техникалық жаңалықтар жайында қосымша материалдармен танысып, презентация жасаңыздар және осы сала бойынша термин сөздігін дайындаңыздар.

Әдебиет: Нег.: 2 [156-157]; Қос.: 6 [14];

Бақылау сұрақтары:

1. Монохромдық сканер қашан шықты?

2. Сканер қалай аталады және оны қайда пайдалануға болады?

3. Қандай құжаттарды сканерлеуге болады?

15 –апта. 44 -тәжірибелік cабақ

343 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.