Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Телекоммуникация жүйесі

* * * * *

Телекоммуникация

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және communіcatіon – байланыс) – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы. Бір сөзбен айтқанда, телекоммуникация қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды да телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейнежазба түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аймақтық орналасу ұстанымына, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды.

Қазіргі күні байланыс саласы электроника жабдықтарымен жабдықталып, телекоммуникация мен электроника салаларының бір-бірімен бірігіп кеткені соншалықты, бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.

Сөздік:

қатысым – коммуникация

жасанды серік – спутник

қашық – далеко

бейнежазба – видеозапись

бейне – анимация, образ

тәуелді – зависимый

жиынтығы – комплекс

жабдық –оборудование

бөлу – делить

бірігу – объединяться

298 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Телекоммуникация – ғылым мен техниканың халықты ақпараттық ... барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы. 2. Бір сөзбен айтқанда, телекоммуникация ... ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. 3. Телекоммуникация саласы ... 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. 4. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды да ... жүйесі атқарады. 5. Бұл жүйе ақпаратты ... дыбыс немесе бейнежазба түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. 6.Қазіргі күні байланыс саласы электроника ... жабдықталып, телекоммуникация мен электроника салаларының бір-бірімен бірігіп кеткені соншалықты, бұл екеуін бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес.

Тірек сөздер: 1. Қашықтықтан. 2. Қазақстанға. 3. Пайдаланушыларға. 4. Жабдықтарымен. 5. Қызметтің. 6. Телекоммуникация.

299 - тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сәйкестендіріп,

жазып алыңыздар.

қамтамасыз ету

входить

жүзеге асыру

обеспечить

ене бастау

реализовать

мүмкін емес

принцип

орналасу

невозможно

ұстаным

звук

дыбыс

располагаться

300 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар құрыңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

301 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ақпараттық қызмет. 2. Барлық түрі. 3. Қашықтықтан алмасу. 4. Технологиялар жиынтығы. 5. Компьютердің көмегімен. 6. Қозғалмайтын бейне. 7. Халықты қамтамасыз ету. 8. Байланыс кабелі. 9. Тарататын жабдықтар. 10. Орналасу ұстанымы. 11. Телекоммуникация желісі. 12. Бір-біріне тәуелді.

302 - тапсырма. «Телекоммуникация саласының бүгінгі жетістіктері» тақырыбында баяндама дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Телекоммуникация саласының даму жолы, жетістіктері жайында қосымша материалдармен танысып, конспекті жасау, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Телекоммуникация саласы дегеніміз не?

2. Елімізге телекоммуникация қай кезеңнен ене бастады?

3. Телекоммуникация қызметіне нелер жатады?

4. Телекоммуникация желісі деп нені атайды?

5. Телекоммуникация қандай салалармен тығыз байланысты?

13-апта. 38-тәжірибелік cабақ

303 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.