Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Телекоммуникация желілері

Соңғы жылдары телекоммуникация жүйелері және байланыс саласы жедел қарқынмен дамуда. Олардың өзара тығыз байланыстағы жұмыс бағыты телекоммуникация желісі деп аталады. Телекоммуникация желілеріне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады.

Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі – телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.

Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен заманауи техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; арақашықтық байланыс; мәліметтерді арақашықтыққа жіберу жүзеге асады.

Сөздік:

кеңінен – широкое

заманауи – современные

алғаш – впервые

қашықтан – дистанционно

дестелеп – складывая

ұғым – понятие

арнаулы – специальный

жалпы – общее, общий

қатысты – связанный

арақашықтық – расстояние

310 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Соңғы жылдары телекоммуникация жүйелері және байланыс саласы жедел ... дамуда. 2. Олардың өзара ... байланыстағы жұмыс бағыты телекоммуникация желісі деп аталады. 3. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, ... тарату қызметін атқарады. 4. Телекоммуникацияның ең ... құрылған желісі – телеграф желісі. 5. Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу, ... байланыс, мәліметтерді арақашықтыққа жіберу жүзеге асады.

Тірек сөздер: 1. Арақашықтық. 2. Алғаш. 3. Тығыз. 4. Кеңінен. 5. Қарқынмен.

311 - тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, жасалу жолын

түсіндіріңіздер.

Үлгі: атқарады – атқару + -а (жұрнақ) + - ды ( 3-жақ жіктік жалғауы).

312 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Телекоммуникация желісі. 2. Байланыс саласы. 3. Заманауи құралдар. 4. Тұтынушылар сұранысы. 5. Қашықтан жеткізу. 6. Аналогты сигналдар. 7. Дестелеп тарату. 8. Тығыз байланыста. 9. Жалпы ұғым. 10. Жеткізуге қатысты.

313 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар жасаңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

314 - тапсырма. «Телекоммуникация жүйесінің еліміздің экономикалық

дамуындағы орны» тақырыбында баяндама дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Еліміздегі телекоммуникация жүйесі мен заманауи техникалық байланыс құралдары, олардың қызметі жайында қосымша материалдармен танысып, конспект жасау, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Елімізде телекоммуникация жүйелері қалай дамуда?

2. Телекоммуникация желілеріне нелер жатады?

3. Ең алғашқы телекоммуникация желісі туралы не білесіз?

4. Телекоммуникация жүйесі арқылы нелерді жүзеге асырамыз?

14 –апта. 40 -тәжірибелік cабақ

315 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.