Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі

* * * * *

Ақпаратты сақтау

Ақпараттарды сақтаудың әр түрлі тәсілдері қолданылады. Мысалы, біріншіден, ақпараттарды қағазда, таңбалар түрінде, перфокартада, перфолентада, таста, ағашта, матада, кілт бедерінде сақтауға болады. Ақпараттарды электромагниттік сигналдар түрінде: дискіде, дискетте, кассетада, кинопленкада да сақтауға болады. Сонымен қатар, ақпараттарды құрылымдық комбинациялар түрінде: биологиялық объектілердің клеткалары мен гендерінде сақтауға болады.

Ақпарат беру сигналдар түрінде және механикалық жолмен жүргізіледі. Сигналдар түрінде ақпарат телекоммуникациялар, қоғам өміріндегі әрекеттер, тірі жәндіктер арқылы беріледі. Ал адамдар қарым – қатынасында, техникалық құрылғыларда ақпарат механикалық жолмен беріледі. Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу техникалық құрылғыларына мыналар жатады: түрлі дискілер, дискеттер, аудио және бейнекассеталар, перфокарталар, перфоленталар, кинопленкалар, телекоммуникация объектілері: радио, теледидар, телефон, телеграф, ДК мен компьютерлік желілер. ЭЕМ көптеген техникалық құралдарының арасында ақпарат сақтау, беру және өңдеу елеулі орын алады. ЭЕМ - бұл электр сигналдарын қолданып, ақпаратты өңдейтін әмбебап есептеуіш машина. Компьютерлер шықпай тұрып та ақпаратты беретін, өңдейтін және сақтайтын аспаптар болған. Мұндай аспаптарды қолдану үшін ақпарат алдымен кодталған. Бұған ақпаратты Морзе әліппесінің көмегімен кодтау мысал бола алады.

Сөздік:

сақтау – хранить

әрекеттер – действия

тәсіл – прием, способ

қарым – қатынас – коммуникация

бедер – рельеф

өңдеу – обработка

әмбебап – универсальный

бейнекассета – видеокассета

желі – линия

құрылғы – устройство

елеулі – значительный

аспап – инструмент

59 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Ақпаратты сақтау. 2. Компьютерлік желі. 3. Ақпаратты өңдеу. 4. Әр түрлі тәсіл. 5. Техникалық құралдар. 6. Сигналдар қолдану. 7. Морзе әліппесі. 8. Таңбалар түрінде. 9. Ақпаратты кодтау. 10. Ақпаратты беру

60 - тапсырма.Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп жазып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Үлгі: сақта-у – мәліметті сақтау.

61-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дәптерге жазып

алыңыздар.

1. Ақпарат ... түрде болуы керек. 2. Ақпаратты өңдейтін және ... аспаптар болған. 3. ЭЕМ – бұл ... өңдейтін әмбебап есептеуіш машина. 4. Техникалық ... дербес компьютерлер мен компьютерлік ... жатады.

Тірек сөздер:1.Сақтайтын. 2.Ақпаратты. 3.Құрылғыларына. 4.Желілер. 5. Кодталған.

62-тапсырма. Мына суретке қарап, «Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау үшін не істеуге болады?» тақырыбына сұхбат құрастырыңыздар.

Нені не істеуге болады?

63 -тапсырма. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу

жолын түсіндіріңіздер.

Үлгі:желі-лер (-лер көптік жалғауы, сөз жіңішке дауысты дыбысқа

аяқталғандықтан, -лер жалғауы жалғанады).

64-тапсырма. Берілген сөйлемдерге иә, жоқ сөздерімен жауап беріңіздер.

1.Ақпарат тасушылар әр түрлі тәсілдер қолданбайды.

2. Ақпарат беру техникалық құрылғыларда жүргізіледі.

3. Ақпараттарды электромагниттік сигналдар түрінде сақтауға болмайды.

4. ЭЕМ – электр сигналдарын қолданбайтын есептеуіш машина.

5. Компьютерлер шықпай тұрып ақпаратты беретін, өңдейтін, сақтайтын аспаптар болмаған.

6. Ақпарат кодталған түрде болмауы керек.

65 - тапсырма. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.

Үлгі: Аламын - алу + -а +мын. Мен ғаламтар арқылы әр тараптан сан алуан ақпарат аламын.

66 - тапсырма. Суреттерді қолдана отырып, сабақ тақырыбына

байланысты сөйлемдер құрастырыңыздар.

67-тапсырма. «Ақпарат көзі дегеніміз не?» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: «Ақпаратты кодтап, сақтау үшін нені білу керек?» тақырыбы бойынша ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, меңгеру, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [27-28]; 6 [70-71].

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпаратты сақтаудың қандай тәсілдері бар?

  2. Ақпараттарды беру қандай жолмен жүргізіледі?

  3. Ақпаратты сақтап, өңдеу құрылғыларына нелер жатады?

  4. Ақпараттарды не үшін кодтаймыз?

3 - апта. 8 - тәжірибелік cабақ

68 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, түсінбеген сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.