Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Www мен оның бағдарламалық жабдықтары

WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары – желінің ең қуатты құралдары. WWW негізінде гипермәтіндік мәліметтерді тасымалдау хаттамасы – НТТР (Нуреr Teхt Transfer Protocol) арқылы жұмыс істейді. Оның ішкі ақпараттары құжаттарды белгілеудің гипермәтіндік НТМL (Нуреr Teхt Markup Language) тілі көмегімен құрастырылады. WWW мәліметтерімен жұмыс істеу үшін броузер, яғни шолушы деп аталатын бағдарламалар қолданылады. Ағылшынша browsers («browse» - қарап шығу, шолу) дегенді білдіреді. Қазіргі кезде Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator тәрізді броузерлер жиі қолданылады.

FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды тасымалдау хаттамасы. Ол қашықтықта орналасқан машинаның каталогтарымен және файлдарымен жұмыс істейтін бағдарлама. FTP құралдары сервер каталогтары мен файлдарын көріп, олардың бірінен біріне ауысып, керектілерін көшіріп алуға, жаңартуға мүмкіндік береді.

Telnet клиенттің алыстағы сервер-компьютермен қатынасуын қамтамасыз ететін бағдарлама. Байланыс орнатылғаннан кейін тұтынушы қашықтағы компьютердің амалдық жүйесіне кіріп, сондағы орнатылған бағдарламалармен өз бағдарламалары тәрізді жұмыс істей алады.

217 - тапсырма. «Web » сөзін қажетті формаға қойып, сөз тіркестерін

құрастырыңыздар.

құжаттар

218 - тапсырма. Мына сөздердің орысша баламасын табыңыздар.

  1. Іздеу

  2. Сақтау

  3. Ауысу

  4. Тасымалдау

  5. Шолу

  6. Жаңарту

А.хранить

В. поиск

С. переносить

D. переходить

E. обновить

F. обозреть

219 - тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Мәліметті көшіру. 2. Файлды жаңарту. 3. Жүйеге кіру. 4. Гипермәтін тілі. 5. Құжаттарды белгілеу. 6. Броузердің көмегі. 7. Тұтынушылар меншігі. 8. Тасымалдау хаттамасы. 9. Қуатты құрал.

220-тапсырма. Төмендегі мәтінді тыныс белгілерін қойып, оқыңыздар.

Броузердіқарағандамәтіндігиперсілтемелертүсіменастысызылуменал графикалықгиперсілтемелержақтауыменерекшеленедімаустыңкөрсеткішін гиперсілтемеболыпкелетінобъектігебағыттағандакөрсеткішпішінінөзгертіп алақанбейнесінқабылдайдыгиперсілтеменішерткендеброузеравтоматтытүрде бұлсілтеменұсқағанWeb-құжаттытіптібұлқұжатбасқаконтиненттеорналасқан компьютердеболсадажүктейдіосылайгиперсілтемелербойыншабірқұжаттан басқасынаөтіпжүріпWeb-кеңістігібойыншасаяхатжасауғаболадыеңтанымал жәнекеңтарағанброузерNetscapeNavigatorодансоңеnternetExplorerол Windows95операциялықжүйесінеқосатіркеледі

221 - тапсырма. Мәтіннің мазмұнын берілген жоспар бойынша

баяндаңыздар.

1. Интернеттегі гипермәтіндік ақпарат іздеу жүйесі.

2. Арнайы бағдарламалар-броузерлер қызметі.

3. Гиперсілтемелермен жұмыс.

4. WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары.

5. FTP файлдарды тасымалдау хаттамасы.

6. Telnet бағдарламасы.

222 - тапсырма. «WWW-пен жұмыс жасай білесіз бе?» тақырыбына сұхбат

құрастырып, сөйлесіңіздер.

Әдістемелік ұсыныс: WWW мен оның бағдарламалық жабдықтары жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздік жасау. Кәсіби сөздерді қарым-қатынаста қолданып үйрену.

Әдебиет: Нег.: 5 [105-106]; 6 [71].

Бақылау сұрақтары:

1. WWW -тың бағдарламалық жабдықтарына нелер жатады?

2. WWW құжаттарына қалай шыға аламыз?

3. Мәліметтерді тасымалдау хаттамасы қалай аталады?

4. Файлдарды тасымалдау хаттамасы қалай аталады?

5. Telnet дегеніміз не?

10-апта. 28 - тәжірибелік cабақ

222-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.