Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Халықаралық Электрбайланыс Одағы

Қазір ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, ақпарат жүйелері, ғаламдық Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының жетістіктері.

Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде телекоммуникацияны ғаламдандыру, дербестендіру.

Ғаламдандыру – әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау. Дербестендіру – UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады.

Сөздік:

Одақ – союз

үйлестіру – координировать

жолданған – направленный

зерделілік – определить

елестету – представить

өндірілетін– производимый

саты – ступень

ғаламдандыру – глобализация

тіркеу – регистрировать

дербестендіру – персонализация

304 - тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. Техника салаларының. 2. Жетістіктерін қолдану. 3. Өмірдің саласы. 4. Өндірілетін жабдықтар. 5. Ғаламдық Internet желісі. 6. Даму сатысы. 7. Параметрлерін үйлестіру. 8. Абоненттік желілер. 9. Шартараптық ақпараттық құрылым. 10. Дербес нөмір.

305 - тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Қазір ғылым мен техника жетістіктерін қолданбайтын саласын атау мүмкін емес. 2. Бұл салада ... таң қалдырғандай. 3. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар ... жетістіктері. 4. Халықаралық Электрбайланыс Одағының ... шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде телекоммуникацияны ғаламдандыру, дербестендіру. 5. Ғаламдандыру – әлемдік желі құрып, оған барлық ... және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау. 6. Дербестендіру бойынша дүние жүзіндегі ... барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі.

Тірек сөздер: 1. Жетістіктер. 2. Өмірдің. 3. Мақсаты. 4. Адамдардың.

5. Мемлекеттердің. 6. Саласының.

306 - тапсырма. Берілген сөздерді орысша баламасымен сәйкестендіріп,

жазып алыңыздар.

іздестіру

без них

зерделілік

выполняется

орындалады

итог, результат

мақсаты

концепция

нәтиже

способность

тұжырымдамасы

искать

осыларсыз

цель

307 - тапсырма. Мәтінді қайта оқып, жоспар құрыңыздар. Жоспар бойынша өз сөздеріңізбен мазмұнын айтып беріңіздер.

308 - тапсырма. «Халықаралық Электрбайланыс Одағы қызметінің маңызы мен мәні» тақырыбында эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Бүкіл әлемдік телекоммуникация саласының бүгінгі күні қол жеткен жетістіктеріне Халықаралық Электрбайланыс Одағының тигізіп отырған ықпалы жайында қосымша материалдармен танысу, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық Электрбайланыс Одағы дегеніміз не?

2. Халықаралық Электрбайланыс Одағының мақсаты не?

3. Телекоммуникациялар жүйелерін ғаламдандыру дегеніміз не?

4. Телекоммуникациялар жүйелерін дербестендіру дегеніміз не?

5. Телекоммуникация саласының жетістіктері туралы не білесіздер?

13-апта. 39-тәжірибелік cабақ

309 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.