Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар

* * * * *

Бірінші ЭЕМ ENIAC

ХХ ғасырдың бірінші жартысында радиотехника қарқындап дамыды. Радиоқабылдағыштар мен радио арқылы хабар беретін құралдардың негізгі элементі – электрондық-вакуумды шамдар болды.

Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі болды. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасалды, оны ENIAC деп атады.

ENIAC-тың конструкторлары – Дж. Моучли мен Дж. Эккерт. ENIAC-тың салмағы 30 т. және 18000 электрондық шамдары болды. Ол бір секундта 5000 қосу, азайту амалдарын, 300 көбейту амалын орындай алды. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығы мың есе жоғары болды.

Сөздік:

қарқынды – интенсивно

қатысуынсыз – без участия

қадам – шаг

тұңғыш – впервые

алдын ала – заранее

бағдарламашы – программист

көптеген – множество

басқарылатын – управляемый

саналады – считается

санақ – статистика, перепись

кесте – таблица

әйгілі – известный

108-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

1. Радиоқабылдағыш. 2. Жылдамдық. 3. Құрылым. 4. Жады. 5. Ұяшық. 6. Түтік. 7.Өзекше. 8. Құжат.

109-тапсырма. Төменде берілген сөздерді өзара сәйкестендіріңіздер.

1. Вакуумды

таспа

2. Есептеуіш

амалы

3. Жедел

шамдар

4. Магниттік

жады

5. Сәулелік

машина

6. Көбейту

түтік

110-тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақ тіліне аударып,

сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Электрондық (лампы) алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың негізі болды. 2. Бірінші электрондық (вычислительная) машина 1946 жылы жасалды. 3. Д.Ф. Нейман (в своей) мақаласында ЭЕМ-нің жұмысын баяндады.

4. 1947-1978 жылдары академик С. А. Лебедевтің басшылығымен бірінші ЭЕМ (создан).

111-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың жасалу және даму жолы жайында қосымша материалдармен танысып, терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [42-43]; 6 [35-37].

Бақылау сұрақтары:

1. ХХ ғасырдың бірінші жартысында ЭЕМ қалай дамыды?

2. Электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі неде?

3. Бірінші электрондық есептеуіш машина қаншан және қайда жасалды?

4. Оны қалай атады, конструкторлары кім еді?

5. Олардың релелік машиналардан айырмашылығы неде еді?

5-апта. 14 - тәжірибелік cабақ

112-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.

Электрондық есептеуіш машиналар

1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің жұмысы мен құрылымының ұстанымдарын баяндады. ЭЕМ жұмысының басты ұстанымы – сақталатын бағдарламалар мен мәліметтер машинаның жалпы жадына орналастырылады. Мақалада баяндалған идеялар “Джон Фон Нейманның ЭЕМ архитектурасы” деп аталды. Бұл идея негізінде 1949 жылы EOSAC машинасы құрастырылды. Алғашқы ЭЕМ-дар тек бір данадан ғана болды. Бұрынғы Кеңес Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары академик Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен жасалды, оны МЭСМ (Кіші электрондық санақ машинасы) деп атады. 1951 жылы ол ресми түрде пайдалануға енгізіліп, бұл машинада әр түрлі есептеулер жүргізіле бастады. Ол секундына 50 амал орындайтын болған, ал жедел жад электрондық шамдардағы 100 ұяшықтан тұрды.

1952-1953 жылдары оның жетілдірілген түрі (Үлкен электрондық санақ машинасы) пайдалануға енгізілді, ол секундына 10000 амал орындайтын еді.

Жедел жад алдымен электронды-акустикалық линияларда, содан соң элек-тронды-сәулелік түтікте, ол кейінірек ферриттік өзекшеде жинақталды. Сыртқы жад екі магниттік барабанда және магниттік таспаларда болды.

Сөздік:

түтік – трубочка, сосуд

өзекше – стержень

құрылым – структура

дана – штук, количество

ұстаным – принцип

басшылығы – руководство

баяндау – докладывать

ресми түрде – официально

басты – главный

енгізу – вводить

жады– память

жетілдірілген – совершенный

113 - тапсырма. Берілген етістіктерден болымсыз етістік жасап, көшіріп

жазыңыздар.

Үлгі: дамыды- даму+ -ы- + - ды; даму+ -ы- + -ма- + -ды.

1. Жасау. 2. Атау. 3. Болу. 4. Алу. 5. Баяндау. 6. Орналастыру. 7. Құрастыру. 8. Енгізу. 9. Бастау. 10. Орындау. 11. Жинақтау. 12. Істеу.

114-тапсырма. Мәтінде кездескен электрондық есептеуіш машиналардың

атауларын таблицаға толтырып, олар жайында әңгімелеңіздер.

ЭЕМ

115-тапсырма.Берілген етістіктерді өткен шақта жіктеңіздер.

Үлгі: айту - Мен айттым Біз айттық

Сен айттың Сендер айттыңдар

Сіз айттыңыз Сіздер айттыңыздар

Ол айтты Олар айтты

1. Білу. 2. Сөйлесу. 3. Енгізу. 4. Баяндау. 5. Орындау. 6. Танысу. 7. Тұру. 8. Тыңдау.

116-тапсырма. Мәтіннен жедел өткен шақта тұрған етістіктерді көшіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

117-тапсырма. Көп нүктенін орнына керекті етістіктердің бірін қажетті

формада қойып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізі ... . 2. Радиотехника XX ғасырдың бірінші жартысында қарқындап .... 3. Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы ... . 4. Америка математигі Д. Нейман өз мақаласында ЭЕМ-нің принциптерін ... . 5. Алғашқы ЭЕМ-дар тек бір данадан ғана ... . 6. Үлкен электрондық санақ машинасы 1952-1953 жылдары пайдалануға ... .

Тірек сөздер: 1.Даму. 2. Жасау. 3.Енгізу. 4. Болу. 5.Баяндау. 6.Саналды.

118-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Техникалық

Сапалы

Бағдарламалық

Магниттік

Акустикалық

Дербес

Сәулелік

Жарамды

119-тапсырма. ЭЕМ-ның қай түрі туралы сөз болатынын анықтаңыздар.

1. Релелік машиналарға қарағанда,оның амал орындау жылдамдығы мың есе

жоғары болды.

2. Мақалада баяндалған идеялар негізінде құрастырылды.

3. Бұл машина секундына он мың амал орындады.

120 - тапсырма. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, дәптерге

жазыңыздар.

1. Электрондық шамдар алғашқы электрондық есептеуіш машиналардың техникалық негізіболды. 2. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау жылдамдығымың есе жоғарыболды. 3. ЭЕМ жұмысының басты принципі –жадта сақталатынбағдарлама болатын. 4. Алғашқы ЭЕМ-дар текбір данаданғана болды. 5. 1951 жылы машинаныресми түрдепайдалануға енгізді. 6. Жедел жады электрондық шамдардағы100 ұяшықтантұрды.

121 - тапсырма. «ЭЕМ» ұғымы тіркесе алатын етістіктерді анықтап,

жасалған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

жасалды

аталды

дамыды

өндірді

баяндады

жинақталды

құрастырылды

басталды

122 - тапсырма. Берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. Электронды шам радио арқылы хабар беретін ... негізгі элементі. 2. Релелік машиналарға қарағанда, оның амал орындау ... мың есе жоғары

болды. 3. Д.Ф. Нейман ЭЕМ-ның жұмысы мен ... баяндады. 4. Жедел жад электрондық жүз ... тұрды.

Тірек сөздер: 1.Құралдың. 2. Ұяшықтан. 3. Жылдамдығы. 4. Ұстанымдары.

123 - тапсырма. «Электрондық машиналар эволюциясы» тақырыбына баяндама дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Алғашқы электрондық есептеуіш машиналарды жасаған ғалымдар жайында қосымша материалдармен танысып, жоба жасап, қорғау.

Әдебиет: Нег.: 5 [44-45]; 6 [38-39].

Бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы ЭЕМ қай ғасырда дамыды?

  2. Бірінші ЭЕМ қай жылы, қайда жасалды?

  3. Бірінші ЭЕМ қалай аталды?

  4. Д.Ф. Нейман мақаласында не туралы баяндады?

  5. Оның идеясының басты ұстанымы неде?

  6. 1951 жылы қандай машина құрастырылды?

  7. Үлкен электрондық санақ машинасы қашан пайдалануға енгізілді?

5-апта. 15-тәжірибелік cабақ.

124-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.