Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Электроника саласындағы жетекші компаниялар

Электроника саласындағы жетекші компаниялар теледидар бағдарламаларының өндірісі және ақпараттық технологиялар аумағындағы шешімдер бойынша жұмыс істейді. Электроника өндірісінің негізгі қызметтері мен ұялы байланыс бағыттарын көпшілікке таныстырады.

Бұл компаниялар қарым-қатынас құралы ретінде электроника мен компьютерлік желілер қатарына кіреді. Аталған салалардағы басты бағыттарды ұстанады. Олар кооперация үрдісіне белсенді түрде қатысады.

Ақпарат құралдары аумағында аталған компания бір жағынан инфраструктура, екінші жағынан маңызды құрылым ретінде жұмыс жасайды.

Аталған топтың құрамына Жапониядағы ең ірі кабельді теледидар операторы мен теледидар бағдарламаларын каналдарға топтастыратын компаниялар кіреді. Олардың маңыздылығын қамтамасыз ететін кабельді теледидар операторы болып саналатын компания да осы құрамға кіреді.

Аталған компания компьютерлік желілер аумағында да белсенді рөл атқарады. Компаниялар ақпараттық технологиялар аумағында бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ал МС коммуникация компаниясы ұялы байланыспен айналысады.

Электроника аумағындағы Самсунг компаниясы электрлік құрылымдарды Жапониядан Азияға тасымалдау қызметін атқарады. Сумитомо компаниясы электрлік құрылымдарды материалдармен қамтамасыз етеді.

Сөздік:

Тасымалдау – перенести

Маңыздылығы– значимость

Ұялы – мобильный

Үрдіс – процесс

Қызмет – служба

Көпшілік – общество, масса

Белсенді – активный

Аталған – названные

Байланыс – связь

Бағыттары – направления

325 - тапсырма. Берілген сөздерді ретімен орналастырсаңыздар, мәтін мазмұнына сай сөйлемдерді оқисыздар.

1) A) бағыттарын; B) байланыс; C) таныстырады; D) көпшілікке.

2) A) ұстанады; B) басты; C) бағыттарды; E) аталған.

3) A) үрдісіне; B) белсенді; C) қатысады; D) кооперация; E) түрде.

4) A) ретінде; B) жасайды; C) жұмыс; D) маңызды; E) құрылым.

326 - тапсырма. Мәтін мазмұнына сай тірек сөздерді пайдаланып, сұхбатты аяқтаңыздар.

1

Электроника не бойынша жұмыс істейді?

A

инфраструктура және маңызды құрылым ретінде

2

Ақпарат құралдары қалай жұмыс жасайды?

B

Самсунг компаниясы

3

Электрлік құрылымдарды қай компания Азияға тасымалдау қызметін атқарады?

C

Технологиялар аумағындағы шешімдер бойынша.

4

Қай компания электрлік құрылымдарды материалдармен қамтамасыз етеді?

D

Сумитомо компаниясы

327 - тапсырма. Берілген сөздерді аудармасымен сәйкестендіріңіздер.

1. Жетекші

2. Негізгі

3. Кабельді

4. Маңызды

5. Белсенді

A. важный

B. активный

C. главный

D. кабельный

E. ведущий

328 - тапсырма. Жақшаның ішіндегі сөздерді қазақша аударып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Жетекші компаниялар (телевидение) өндірісі бойынша жұмыс істейді. 2. (Мобильный) байланыс бағыттарын көпшілікке таныстырады. 3. Электроника мен компьтерлік (сеть) қатарына кіреді. 4. Олар кооперация (процесс) белсенді түрде қатысады.

Тірек сөздер: 1. Үрдісіне. 2. Теледидар. 3.Желілер. 4. Ұялы.

329 - тапсырма. Мәтіннің көмегімен сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Теледидар бағдарламаларын каналдарға топтастыратын компаниялар ... 2. Кабельді теледидар операторы ... . 3. Компания компьютерлік желілер аумағында белсенді рөл ... . 4. Компаниялар ақпараттық технологиялармен жұмыс ... .

Тірек сөздер: 1.Атқарады. 2.Кіреді. 3. Істейді. 4.Болады.

330 - тапсырма. Мәтінде берілген сөздердің тіркесін табыңыздар.

1. жетекші

2. ақпараттық

3. ұялы

4. компьютерлік

5. кабельді

А. технология

В. желі

С. теледидар

D. байланыс

Е. компания

331 - тапсырма. «Электроника саласындағы жетекші компаниялар

өнімдерінің сапасы мен көпшілікке қолжетімдігі» тақырыбында реферат дайындаңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Электроника саласындағы жетекші компаниялар жетістіктері жайында қосымша материалдармен танысып, презентация дайындаңыздар, термин сөздерді кәсіби қарым-қатынаста қолдануға үйрену.

Әдебиет: Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

Бақылау сұрақтары:

1. Электроника саласындағы жетекші компаниялар туралы не білесіздер?

2. Жапониядағы ең ірі кабельді теледидар жайында не білесіздер?

3. Самсунг компаниясы өнімдерінің сапасы қандай?

4. Сумитомо компаниясы туралы не білесіздер?

14 –апта. 42 -тәжірибелік cабақ

332 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып алыңыздар және олардың мағынасын сөздік арқылы анықтаңыздар.