Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Ақпаратты қорғау құралдары

Ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұзудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпаратты қорғау құралдарына - мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және ақпарат қорғаудың тиімділігін бақылау құралдары жатады. Ақпаратты қорғау жүйесінің сапасы әр түрлі жағдайларға байланысты. Бұл жағдайларға мыналар жатады: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері. Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізіледі:

- қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін

деректер өңдеу жүйесіне талдау жасау;

- ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;

- ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол

жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;

- ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.

78 - тапсырма. Берілген сөздерді дәптерге жазып алып, есте сақтаңыздар.

1. Бұзу. 2. Шектеу. 3. Құпия. 4. Тізбе. 5. Ықтимал. 6.Арна.

79-тапсырма. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу

жолын түсіндіріңіздер.

80 - тапсырма. Берілген сөздердің орысша баламасын сәйкестендіріңіздер.

іздеу

портить, ломать

жоғалту

менять

өзгерту

(по-) терять

бұзу

найти

қорғау

наблюдать

бақылау

защищать

81 - тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тауып, қалай байланысқанын және қай мүшеге қатысты екенін талдаңыздар.

82 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыздар.

1. Ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, бұзудың алдын алу үшін әр түрлі ... ... жүргізіледі. 2. Ақпаратты қорғау құралдарына техникалық, криптографиялық, бағдарлама -

лық және басқа да ... ... жатады. 3. Ақпаратты қорғау жүйесі ... ... ... жүргізілуі мүмкін. 4. Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу ... ... бойынша жүргізіледі. 5. Қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер ... ... талдау жасалынады. 6. Ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз ... ... барлығын іздеп табуға күш салынады.

Тірек сөздер: 1. Бақылау құралдары. 2. Әр түрлі жағдайда. 3. Қорғау шаралары. 4. Нақты тәртіп. 5. Қолжеткізу арналарының. 6. Өңдеу жүйесіне.

83 - тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрастырыңздар.

1. Ақпаратты

жасау

2. Көшірмесін

жою

3. Шектеу

бағалау

4. Өңдеу жүйесін

таңдау

5. Үлгісін

қою

6. Беріктігін

талдау

84 - тапсырма. Мәтін мазмұнын негізге алып, сұхбат құрастырыңыздар.

Тірек сөздер: 1. Ақпараттық қауіпсіздік. 2. Қоғам мүдделері. 3. Кездейсоқ бұзылу. 4. Ұйымдастырушылық шаралар. 5. Адамның құқықтары. 6. Қорлардың тұтастығы. 7. Техникалық құралдар. 8. Өңдеу технологиялары. 9. Өкілетті субъектілер. 10. Заңсыз өзгерту.

85 - тапсырма. «Ақпаратты қорғау жүйесінің әдістері?» тақырыбына эссе

жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ақпаратты қорғау жүйесі және қорғау құралдары мәселесі бойынша ғаламтор арқылы қосымша материалдармен танысып, меңгеру, оның терминологиялық сөздігін жасау.

Әдебиет: Нег.: 5 [29]; 6 [71-72].

Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараттық қорғау дегеніміз не?

2. Ақпаратты қорғау неден тұрады?

3. Ақпаратты қорғау құралдарына нелер жатады?

4. Ақпаратты қорғау жүйесі қандай жағдайларда жүргізіледі?

5. Бұл жағдайларға қандай параметрлер әсер етеді?

6. Ақпаратты қорғау жүйесі қандай тәртіппен жүзеге асады?

4-апта. 10-тәжірибелік cабақ

86 - тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, кәсіби сөздерді дәптерге жазып

алыңыздар.