Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаксылыкова К.УМК инф-doc- 25.06.2012- Ок.В+.doc
Скачиваний:
102
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.86 Mб
Скачать

Автоматтық басқару жүйесі жаңалықтары

Жапонияның “Пента Оушен” фирмасы 1995 жылдан құрылыс ісін толық автоматтандыру жүйесін жасауға күш салып келеді. Бұл жүйе Сингапурда қырық қабатты аспанмен тілдескен зәулім үйді салуда сынақтан өтті. Ғимараттың барлық элементтері, әрқайсысы технологиялық процестерге ыңғайлап жасалынған жапсырмалармен немесе тетікті қай жерге және қалай орналастыру керектігі жөнінде ақпараты бар микросұлбамен қамтылған. Әрбір зат құрылыс алаңының нақты белгіленген жерінде жатады. Орталықтандырылған компьютер желісінің бұйрығымен көтергіш крандар керек тетікті тауып алып, қажет жеріне жеткізеді. Компьютерлендірілген құрылыс жүйесінің тағы бір айтарлық кереметі – ол құрылыс элементтерінің орналасуын миллиметрлік дәлдікке дейін қамтамасыз ете алады. Тек қатты жел кезінде ғана крандарға краншылардың көтерілуіне тура келеді.

Қалған уақыттың барлығында да құрылыс алаңындағы тәртіпті жалғыз адам қадағалап тұрады. Құрылыс жабық шатырдың астында жүргізіледі. Өйткені телекамералар, белгі бергіштер және басқа да технологиялық электрондық қондырғылар жаңбыр мен күн сәулесінен қорғауды қажет етеді. Жұмыстар біткен соң жамылғы шатыр, көтергіш крандар, басқа да қондырғылар жиналып алынады.

Сөздік:

қаламсап – ручка

үстіне – наверх

тәріздес – подобный, похожий

өңдеу – обработка

сақтау – хранить

мүмкіндік – возможность

344 - тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, шағын мәтін

құрастырыңыздар.

1. Автоматтандыру жүйесі. 2. Қырық қабатты. 3. Зәулім үй. 4.Сынақтан өтуде. 5. Ыңғайлап жасалынған. 6. Нақты белгіленген. 7. Компьютер желісі. 8. Миллиметрлік дәлдікте. 9. Электрондық қондырғылар.

345 - тапсырма. Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдерді

толықтырыңыздар.

1. 1995 жылдан «Пента Оушен» фирмасы құрылыс ісін толық автоматтандыру ... жасауға дайындалуда. 2. Құрылыс жабық ... астында жүргізіледі. 3. Ғимарат ақпараты бар ... қамтылған. 4. Компьютерлендірілген құрылыс жүйесінің бір кереметі – миллиметрлік дәлдікке дейін ... орналасуын қамтамасыз етеді. 5. Орталықтандырылған компьютер желісінің бұйрығымен крандар керек ... тауып, қажет жеріне жеткізеді. 6. Әрбір зат құрылыс ... нақты белгіленген жерінде жатады.

Тірек сөздер: 1. Алаңының. 2.Микросұлбамен. 3.Жабдықтардың. 4.Тетікті. 5. Шатырдың. 6. Жүйесін.

346 - тапсырма. «IT жетістіктері өмірде» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Жапонияның “Пента Оушен” фирмасының соңғы жетістіктері жайында қосымша материалдармен танысып, презентация жасау, IT саласының термин сөздігін дайындау.

Әдебиет: Нег.: 2 [402]; Қос.: 6 [14];

Бақылау сұрақтары:

1. Жапонияның “Пента Оушен” фирмасы немен айналысады?

2. Олардың өндірісті автоматтандыру саласындағы жаңалығы неде?

3. Бұл компанияның компьютерлік желілері туралы не білесіздер?

15-апта. 45 -тәжірибелік cабақ

Қорытынды бақылау.

2.2. СОӨЖ т а қ ы р ы п т а р ы

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

Тақырыптар

Өткізу

түрі

Тапсырманы орындау үшін берілетін әдістемелік ұсыныстар

Ұсыныла-тын әдебиеттер

1

Еліміздің инженер мамандарын дайындау көшбасшысы

Баяндама

Тақырып бойынша қосымша материалдармен танысып, өздерінің пікірлерін жазу

Нег.: 4

[17-18]; 6

[3-8]; Қос.:

18 [14]; 7[3].

2

Ақпарат және ақпараттану туралы материалдар жинақтап, жоба дайындау

Жоба

Жобаға қажетті қосымша материалдарды саралап, ойларын тұжырымдау.

Нег.: 5

[22-25];

Қос.: 9 

[10-11].

3

Ақпарат көзі дегеніміз не?

Эссе

Қосымша материалдармен танысып,

меңгеру, ойын

қорытындылап басқаға жеткізе

білу.

Нег.: 5 

[36-37]; 6 [31-32].

4

ЕТ эволюциясы тақырыбына байланысты баспасөз материалдарын оқып, қысқаша аңдатпа жазу.

Аңдатпа

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды жинақтап, негізгі ойды ажырата білу.

Нег.: 5 

[38-41]; 6 [34].

5

ЭМ эволюциясы тақырыбына баяндама дайындау

Баяндама

Тақырып бойынша материалдарды жинақтап, саралауға үйрену.

Нег.:

5 [44-45]; 6 [38-39].

6

Адамның жады мен компьютер жадының ұқсастықтары бар ма?

Эссе

Қосымша материалдармен танысып, жан-жақты меңгеру

Нег.:

5 [46-47]; 6 [40-41].

6

Дербес компьютер жабдықтары туралы салалық журналдардан материал жинақтау.

Реферат

Дербес компьютер жабдықтары жайында қосымша материалдармен танысып, жан-жақты меңгеру.

Нег.:

5 [49-50]; 6 [52-53].

7

Компьютерді неліктен зақымдайды?

Эссе

Қосымша материалдармен танысып, ойын жүйелеуге үйрену.

Нег.:

5 [59-60]; 6 [80-81].

8

Адам денсаулығына компьютерден келетін қауіп. Аралық бақылау

Жоба

Тақырып бойынша материалдармен танысып, жүйелеу.

Нег.: 5 

[56-57]; 6 [60-61].

9

Әлемдік ғаламтор жүйесі туралы материалдарды салалық журналдардан, ресми басылымдардан жинақтау.

Жоба

Тақырыпты ашуға үйрену, жаңа

лексикалық бірліктерді кәсіби қатынаста

пайдалануға үйрену.

Нег.:

5 [103-104]; 6 [70].

10

Электрондық пошта қызметі, туралы материал жинақтап, баяндама жазу.

Баяндама

Тақырып бойынша материалдармен танысып, оларды

жүйелеуге үйрену.

Нег.:

5 [73-74]; 6 [108-109].

11

Радиотехника ұғымдарына қатысты сөздердің қазақша-орысша шағын сөздігін құрастыру.

сөздік

Жинақталған материалдардан кәсіби сөздерді ажыратып, сөздік жасауға үйрену.

Нег.: 1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

12

Электрондық күшейткіш құрылғылары жайында ақпараттарды салалық журналдардан, ресми басылымдардан жинақтау.

Реферат

Реферат жоспарын және ондағы ақпаратты логикалық үйлесіді беруге үйрену.

Нег.:

1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

13

Телекоммуникация саласының бүгінгі жетістіктері жайында қосымша материалдармен танысып, жоба дайындау.

Жоба

Жоба бойынша бір-біріңізге сұрақ қойып, мәселені талдауға үйрену.

Нег.:

1 [17-18]; Қос.: 6 [14]; 7[3].

14

Заманауи электрондық аспаптардың пайдасы мен

зиянды жақтары.

Эссе

Қосымша материалдармен танысып, негізгі ойды ажыратуға үйрену.

Нег.:

1 [19-20]; Қос.: 6 [15];

7[4].

15

IT жетістіктері – өмірде.

Эссе

Эссе жазу алдында тақырыпқа қатысты материалдармен танысып, жүйелеуге үйрену.

Нег.: 2 [402]; Қос.: 6 [14];