Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Сұрақ-жауап

– Газ құбырлары зақымданған жағдайда қандай қауіп туғызады?

  • Газ құбырлары, әсіресе, орташа және жоғары қысымдағы газ құбыры зақымданған жағдайда шыққан газ топырақ арқылы ғимараттар төлесіне, құдықтарға және каналдарға (коллектор) жиналып, газды-ауа қоспасын түзіп, жарылыс қаупін туғызады.

– Газ құбырларын қалай тартқан тиімді?

– Газ құбырларын жер үстімен тарту тиімді болып саналады (эстакада,

ғимарат фасады және т.б. бойынша).

– Газ құбырларын жер астымен тартқан жағдайда нені ескерген жөн?

  • Жер астымен тартқан жағдайда газ құбырларын ғимараттар, құрылымдар және коммуникациялардан, әсіресе, канализация, жылу тармақтары, сонымен қатар, су құбырлары мен телефон құдықтарынан, трамвай жолдарынан аулағырақ тартқан жөн.

– Газ құбырларын неден дайындайды?

– Газ құбырлары болаттан дайындалады. Газ аспаптары, арматуралары

және басқа жабдықтар орнатылған тұсқа фланец пен оймалы қосылыстар

қолданылады.

113-тапсырма. Берілген қаланың газ тарату схемасымен таныс болыңыздар. Курсивпен нөмірленген сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын жазыңыздар.

(1) Газ магистрал желісі бойынша (2) газ тарату станциясына беріледі, одан газ (3) жоғары қысымдағы газ тармағы арқылы (4) газгольдер станциясына жіберіледі, онда газ қоры сақталып, оның тұтынылу графигі теңеледі. Газгольдер станцияларынан кейін (5) орташа қысымның ГРО-нан шыққан газ (6) орташа қысымдағы газ құбырына беріледі, одан (7) төменгі қысымдағы ГРО арқылы төменгі қысымдағы газ құбырларымен коммуналдық-тұрмыстық мекемелерге беріледі.

Газ реттеу орындары (ГРО) мен қондырғылары (ГРҚ) газ қысымын төмендетіп, оны берілген деңгейде ұстап тұруға арналады.

Ү л г і :

Қаланың газ тарату схемасы:

  1. .... ; (4) – .... ; (6) – .... ;

  2. .... ; (5) – .... ; (7) – .... ;

  3. .... ;

114-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Газ, экология, құбыр, тұтынушы, мекеме, зауыт, қысым, ғимарат, бұранда, бөлме, пісіру, қала.

115-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, ондағы ақпараттың не туралы берілгенін мазмұндап айтып беріңіздер.

  • БӘРЕКЕЛДІ!

Ембіге газ берілді, мешіт ашылды

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласына газ құбырын тарту бұдан бес жыл бұрын басталған еді. Қаржы жағдайына байланысты бір ғана газ бөлу пункті іске қосылып, бірнеше әлеуметтік нысандар ғана газбен қамтамасыз етілген болатын. Ембі қаласына газ бөлу жүйесін жүргізуге және Жем қаласына газ құбырын тартуға облыстық бюджеттен 370,2 миллион теңге қаржы бөлініп, ол толық игерілді. Қала бойынша салынған 12 газ бөлу пункттері құрылысы аяқталып, енді тұрғын үйлерге кіргізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Қаладағы 3214 үйдің тұрғындары енді қолдарын жылы суға малып отыратын болды. Тұрғындар тонналап қымбат көмір түсіруден, бұрқыратып күл шығарудан құтылды. Мешітте бір мезгілде 400 адам намазға тұра алады. Ғимаратқа жылу, су, электр және кәріз жүйесі жүргізілген. Қос бірдей қуанышқа бөленген ембіліктер көңілдері көтеріңкі, жүздері жарқын.

«Егемен Қазақстан» №645-646 (27038)

116-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

117-тапсырма. Мәтіндегі цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңыздар.

118-тапсырма. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының «Индустриялық-инновациялық жобалар» атты 9-шы тарауындағы 5-6 бөлімдерінде айтылғандарды негізге ала отырып, газдандыру мәселесі жайлы әңгімелесіп, ой бөлісіңіздер.

119-тапсырма. «Қазақстан мұнай мен газ өндіретін ел» тақырыбына эссе жазыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Газбен жабдықтау жұмысындағы негізгі ережелерді қарастыру, мәлімет дайындау.

Әдебиет: Нег.: 13 [15-21]

Бақылау сұрақтары:

1. Магистралды газ жүйесіне қандай станциялар жатады?

2. Газ құбырларын тұрғын үйлерге орнатудың жолдарын айтып

беріңіздер?

3. Газды аспаптарды үйдің қай бөлігіне орнату керек және нені ескеру

қажет?

5-апта. 15-тәжірибелік сабақ

120-тапсырма. Жылыту жүйелерін тұтынушыларға жеткізу жолымен және олардың түрлерімен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Ж ы л у д ы т ұ т ы н у

Адамдардың өмір тіршілігі және жұмыс атқаруы жайлы болуына салқын мерзім кезінде ғимараттар мен үймереттердің бөлмелерінде бапты жылулық комфорттық жағдай тұрғызу қажет. Бұл үшін ең жоғарғы техникалық жылыту қондырғылары қолдануы керек.

Жылыту – ғимараттар мен үймереттердің бөлмелерінің ауасына және ондағы қоршау беттеріне температура беріп, оны қажетті деңгейде ұстап тұруға арналған инженерлік

жүйелердің бірі. Бұл инженерлік жүйелерге жылулық энергиясын өндіру үшін жылу көздері ретінде жылу электр орталықтары немесе қазандықтар қолданылады. Жылу өндіргіш қондырғыларында өндірілген жылу – тасымалдағыш ретінде жылулық желілерінің құбырлары арқылы тұтынушыларға жеткізіледі.

Бөлмелердің ішкі ауасының температурасы тек жылыту жүйесінің ғана емес, желдету жүйесінің жұмыс атқаруына байланысты болады. Бұл жүйелер бөлме ауасының қажетті температурасын, ылғалдылығын, оның қозғалыс жылдамдығын, құрамын және тазалығын қамтамасыз етіп отырады.

Тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың тұтынушыларына коммуналдық-тұрмыстық жағдайлары үшін ыстық сумен жабдықтау қажет. Тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау үшін жергілікті және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйелері қолданылады.

Қазіргі заманда тұрмыста да, өндірістік кәсіпорында да әр түрлі газ тәрізді отындар өте кең қолданылады (табиғи және сұйытылған газдар). Оларды тұтынушыларға жеткізу үшін, сақтау және үлестіру үшін газбен жабдықтау жүйелері қолданылады.

Жылыту жүйелері негізгі екі топқа бөлінеді:

1. Жергілікті жылыту жүйесі ретінде пешті қарастыруға болады. Пештің жылу көзі қызметін ошақ атқаратын болса, жану өнімдерін әкетуге арналған түтін жолы жылу құбырларын алмастырады. Ал жылу бөлмеге пеш қабырғалары арқылы беріледі. Пештен бір немесе жапсарлас салынған екі-үш бөлмені, кей жағдайда бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше бөлмелерді жылытуға болады.

2. Орталықтан жылыту жүйелерінің бір ғана емес, бірнеше ғимарат топтамаларын жылытуға мүмкіндігі бар.

Қолданатын жылу тасымалдағышқа байланысты жылыту жүйесі – сумен, бумен, ауамен, газбен жабдықтауға бөлінеді.

Сөздік:

жылыту жүйесі – система отопления жылу алмасу – теплообмен

бумен жылыту – паровое отопление қазандық – котельная

сумен жылыту – водяное отопление қазан – котель

инженерлік жүйелер, тораптар – инженерные сети

жылумен қамту жүйесі – система теплоснабжения

орталықтан жылыту – центарльное отопление

ауамен жылыту – воздушное отопление

жергілікті жылыту – местное отопление

жылытқыш – конвектор; подогреватель

желдету жүйесі – вентиляционная система

жылу тасымалдағыш – теплоноситель

газбен жылыту – газовое отопление

121-тапсырма. -лық/лік; -дық/дік; -тық/тік жұрнақтары арқылы жаңа сөздер жасаңыздар.

1. жылу- 5. инженер- 9. электр-

2. өндіріс- 6. тұрмыс- 10. мерзім-

3. қазан- 7. қабырға- 11. канализация-

4. техника- 8. қоғам- 12. коммунал-

122-тапсырма. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

123-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Салқын мерзім кезінде ғимараттар мен үймереттердің бөлмелеріне жоғарғы техникалық ....... ....... орнату керек. Жылыту – ғимараттар мен үймереттердің бөлмелерінің ауасына және ондағы қоршау беттеріне температура беріп, оны қажетті деңгейде ұстап тұруға арналған ....... ....... бірі. Инженерлік жүйелерге жылулық энергиясын өндіру үшін ....... ....... ретінде жылу электр орталықтары немесе қазандықтар қолданылады. Жылыту жүйелері жергілікті және ....... ....... деп екі топқа бөлінеді.

124-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Салқын мерзім кезінде адамдардың өмір тіршілігі жайлы болуы үшін ғимараттарды немен жабдықтау керек? 2. Жылыту дегеніміз қандай жүйе? 3. Инженерлік жүйелерге жылулық энергиясын өндіру үшін қандай жылу көздері қолданылады? 4. Желдету жүйелері қандай қызмет атқарады? 5. Газ тәрізді отындармен тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін не істеу қажет? 6. Жылыту жүйелері қандай топтарға бөлінеді? 7. Пеш арқылы жылу бөлмелерге қалай беріледі? 8. Жылу тасымалдағышқа байланысты жылыту жүйесі қандай түрлеге бөлінеді?

125-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Жылумен жабдықтау (теплоснабжение) – тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік үймереттер мен технологиялық тұтынушыларға жылыту, ауа алмастыру, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасығыштың (ыстық су не бу) көмегімен жылумен жабдықтау.

Жылу желісі (сеть тепловая) – жылумен жабдықтау көзінен тұтынушыларға жылу таратушы (ыстық су не бу) жүретін құбырлардың (жылу құбырларының) жиынтығы.

Табиғи желдетудің жүйесі (система вентиляции естественной) – құрылымдық бөлшектерден тұратын, бөлмеде берілген ауаның тазалығын қамтамасыз етуге арналған құрылғы.

Шаң тұтқыштар (шаң айырғыштар) – пылеуловители (пылеотделители) – сормалы ауа алмастыру жүйелеріндегі және газ тазалайтын өнеркәсіптік қондырғылардағы ауа (газ) легінен тозаң және басқа механикалық қоспаларды тұтатын құрылғылар.

Жылу сыйымдылықты пеш (теплоемкая печь) – бөлмеде тәулігіне екі реттен аспай от жаққанда ауаның мөлшерленген температурасын қамтамасыз ететін пеш.

126-тапсырма. Кестеде берілген сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақша

Орысша

  1. орталықтандырылған

  2. тұтынушы

  3. инженерлік жүйе

  4. сумен жабдықтау

  5. жергілікті жылыту

  6. тасымалдауыш

  7. газбен қамту

  8. қазандық

  9. жылыту

  10. қондырғы

а) отопление

ә) водяное отопление

б) транспортер

в) газоснабжение

г) котельная

ғ) установка

д) местное отопление

е) централизованная

ж) потребитель

з) инженерные система

127-тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Сұхбат

Тілші: Қазіргі таңда Алматы қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен

қай компания айналысуда?

Маман: Биылғы жылдан бастап қала әкімінің тапсырысы бойынша бұл

қызметпен тек «Алматы жылу желілері» ЖШС айналысатын болып

белгіленді.

Тілші: Алматы қаласын жылытатын жылу желілері қанша шақырымды

құрайды?

Маман: «Алматы жылу желілері» ЖШС-не қарайтын жылу желілерінің жалпы

ұзындығы – 1 120 403 метрді құрайды.

Тілші: Коммуналдық төлемақы жайында айта кетсеңіз?

Маман: Жылу қуаты үшін тек жылу беру маусымында, яғни, 15 қазан мен 15

сәуір аралығында төлейді. Жылу босату тарифі – пәтердің шаршы

метріне 111,15 теңге.

Тілші: Қаланы ешбір үзіліссіз су, жылу және жарықпен қамтамасыз ету қала

инфрақұрылымының шешуші түйіні екені белгілі. Осы мәселеге

байланысты алда қандай атқарар жұмыстар күтіп тұр?

Маман: Әрине, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету өте күрделі де

қымбат жұмыс. Өйткені, бұл үшін отын (газ, көмір, мазут) сатып алу

керек. Сосын, жылу құбырларын жөндеу кезек күттірмейтін мәселе.

Себебі, қаладағы 25 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келе

жатқан жылу магистарльдарының 54 пайызына жөндеу жұмыстарын

жүргізу қажет.

Әдістемелік ұсыныс: Жылыту, желдету және жарықтандыру жүйелерін меңгеріп, олардың қызметінен мәлімет дайындау.

Әдебиет: Нег.: 12 [9-18]; Қос.: 23 [15-24]

Бақылау сұрақтары:

  1. Инженерлік жүйелерге жылулық энергиясын өндіру үшін қандай жылу

көздері қолданылады?

2. Жылыту жүйелері қандай топтарға бөлінеді?

6-апта. 16-тәжірибелік сабақ

128-тапсырма. Мәтінді негізгі екі мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөлігіне жоспар құрып, жоспар бойынша мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]