Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Құрылыстық инженерлік жүйелер

* * * * *

Сумен жабдықтау және канализация

Ыстық сумен жабдықтау жүйелері ыстық су дайындау көзінен, қазандардан, суды аспаптарға дейін жеткізетін құбырлардан және жылу тасымалдағыш шығынын реттеу құрылғыларынан тұрады. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерін тұрғын, қоғамдық және өндірістік деп бөледі. Орналасу орны бойынша ыстық сумен жабдықтау жүйелері орталықтандырылған және жергілікті болып бөлінеді.

Сумен жылыту жүйелері тасымалдағыштың айналуына байланысты – табиғи (гравитациялық) және жасанды (насостық) болады.

Құбырларды жылыту аспабына жалғастыру схемасына қарай – екі құбырлы және бір құбырлы болады. Екі құбырлы жүйеде әр жылыту аспабы бөлек екі құбырға қосылады (беру құбырымен ыстық су келеді, қайтару құбырымен салқындаған су кетеді).

Құбырларды жергілікті жылу пунктінен су алу орындарына дейін тартылу схемасына қарай жоғарыдан, төменнен тартылған, тұйықталған және айналымды деп бөледі. Жүйедегі ыстық судың айналу түріне қарай табиғи айналымды және еріксіз айналымды ыстық сумен жабдықтау жүйелері деп бөлінеді. Табиғи айналым жоғарыдан тартылған жүйелер үшін тиімді. Кішігірім мекемелер мен аз қабатты ғимараттарда, сондай-ақ, монша-кір жуу орындарындарында жоғарыдан тартылған тұйықталған және аккумуляторлы жүйелер қолданылады. Мұндай жүйелерде ыстық су алдын-ала дайындалып қояды. Аккумулятордағы көп мөлшердегі су қоры оның жоғары температурасын, тіпті су көп қолданылған жағдайда да сақтауға мүмкіндік береді.

Көп қабатты тұрғын үйлерде су қолдану графигі тұрақсыз болғандықтан, аккумуляторсыз тұйықталған жүйелер қолданылмайды, себебі су алу ұзақ тоқтатылса, су суып қалып, оны төгуге тура келеді. Ұзын тасымал құбырлары бар ғимараттарда сорғы (сорап) көмегімен еріксіз су айналымын тудыратын жүйелерді қолданады.

Сорап дегеніміз сырттан әсер ететін күш қуатына (механикалық, электрлік және т.б.) байланысты су немесе басқа да сұйықты көтеруге және оны тиісті қысыммен тұтынушыға беруге арналған құрылғы.

Сорап станциялары канализация жүйесінің негізгі бөлігі болып есептеледі. Жиналған сарқынды сулар сорап станциясына канализация коллекторы немесе құбыр бойымен тікелей, қажетті жағдайда, тұндырғыш арқылы түседі. Бір станцияға екі-үш канализация құбырлары жалғануы мүмкін.

Канализациялық су станциялары жиналған сарқынды суларды арнайы тазалау, өңделген суларды су жинағыш қоймаларға немесе оларды пайдалану объектілеріне тасымалдау үшін салынады.

Сөздік:

сумен жабдықтау – водоснабжения бір құбырлы – однотрубная

сумен жылыту – водяное отопление сору, шығару – отсос

салқындаған су – охлажденная вода сорғы – насос

екі құбырлы жүйе – двухтрубная система

ыстық сумен қамту жүйелері – система горячего водоснабжения

жылумен қамту, жабдықтау – теплоснабжение

орталықтандырылған жүйе – централизованная система

жергілікті жылыту – местное отопление

тұйықталған жүйе – замкнутая система

айналымды жүйе – циркуляционная система

табиғи айналымды – естественная циркуляция

канализация құбыры – канализационная труба

97-тапсырма. Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Ыстық сумен жабдықтау жүйелері ....... және жергілікті болып бөлінеді. Сумен жабдықтау жүйелері ыстық су дайындау көзінен, су тасымалдағыш құбырлардан, қазандардан, жылу ........ құрылғыларынан тұрады. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелерін тұрғын, ........ , өндірістік деп бөледі. Жүйедегі ыстық судың айналу түріне қарай ........ және еріксіз айналымды деп бөлінеді. Табиғи айналым ........ тартылған жүйелер үшін тиімді. Көп қабатты тұрғын үйлерде аккумуляторсыз ........ жүйелер қолданылмайды.

Тірек сөздері: тасымалдағыш, жоғарыдан, қоғамдық, орталықтандырылған, тұйықталған, табиғи.

98-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Инженерлік жүйелер (сети инженерные) – тұрғын пунктерінің аумағында, ғимарат ішінде төселінетін әр түрлі тағайындаудағы құбырлар мен кабельдер (суқұбыр, канализация (су әкету), жылыту, байланыс т.б.).

Сумен жабдықтау (водоснабжение) – керекті мөлшерде және қажетті сапамен әр түрлі тұтынушыларды (халықты, өнеркәсіп кәсіпорындарын, көлікті, ауыл шаруашылығын) сумен қамтамасыз етуге арналған шаралар жиынтығы.

Су жұтылу (водопоглощение) – материалдың суды сіңіру мен ұстап қалу қабілеттілігі.

Су құбыры немесе сумен қамтамасыз ету жүйесі (водопровод или система водоснабжения) – тұтынушыларға суды тасымалдауды, тазартуды қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар және шаралар комплексі.

Канализация – елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және басқа да объектілер аумақтарынан ағынды суды қабылдауды, жинауды және бұруды, сондай-ақ ол суды пайдаға асыру немесе суатқа төгу алдында тазартуды және зиянсыз етуді қамтамасыз ететін инженерлік ғимараттар (құбырлар, сорғыш станциялары, тазарту ғимараттары) мен жабдықтар (санитарлық аспаптар, тік құбырлар және т.б.) кешені.

Сорап станциясы деп негізгі және қосымша сорап агррегаттарынан, су тасымалдайтын құбырлардан, көмекші құрал-жабдықтардан тұратын құрылымдарды айтады.

99-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Сумен жылыту, өндірістік, орталықтандырылған жүйе, қоғамдық мекеме, ыстық сумен қамту, төменнен тартылған, жасанды, сорап, екі құбырлы, салқындаған су, тұйықталған жүйе, құрал-жабдықтар, тасымалдағыш, қысым.

100-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын сәйкестендіріңіздер.

1. Ыстық сумен жабдықтау жүйелері

қандай құрылғылардан тұрады?

а) Ыстық су.

2. Орналасуы бойынша ыстық сумен

жабдықтау қалай бөлінеді?

ә) Жоғарыдан тартылған жүйелер

үшін.

3. Тұтынушыларына қарай қандай

түрге бөлінеді?

б) Сорғының көмегімен.

4. Ыстық судың айналуына

байланысты қалай аталады?

в) Жоғарыдан тартылған

тұйықталған және аккумуляторлы

жүйелер.

5. Беру құбырымен қандай су келеді?

г) Тұрғын, қоғамдық және өндірістік.

6.Табиғи айналым қандай жүйелер

үшін тиімді?

ғ) Орталықтандырылған және

жергілікті.

7. Аз қабатты ғимараттарда қандай

жүйелер қолданылады?

д) Себебі су қолдану графигі

тұрақсыз болғандықтан, су суып

қалады.

8. Көп қабатты тұрғын үйлерде неге

аккумуляторсыз тұйықталған

жүйелер қолданылмайды?

е) Сарқынды суларды тазалап, өңдеу

арқылы пайдалану объектілеріне

тасымалдау үшін.

9. Жасанды еріксіз су айналымы

ненің көмегімен атқарылады?

ж) Ыстық су дайындау көзінен,

қазандардан, тасымалдағыш

құбырлардан және т.б.

10. Канализациялық су станциялары

не үшін салынады?

з) Табиғи айналымды және еріксіз

айналымды.

101-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай орналастырып, сәйкестендіріңіздер.

1. табиғи а) жүйе

2. ыстық сумен ә) тасымалдағыш

3. беру б) айналым

4. канализациялық в) сулар

5. орталықтандырылған г) құбырлар

6. сумен қамту ғ) тартылған

7. төменнен д) құбыры

8. су тасымалдайтын е) су станциялары

9. сарқынды ж) жүйелері

10. жылу з) жабдықтау

102-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі судың түрлерінің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақша атаулары

Орысша аудармасы

  1. тазартылған су

  2. сүзілген су

  3. буға айналған су

  4. ағын су

  5. ауыз су

  6. лас су

  7. ыстық су

  8. қайтпалы су

  9. кеуектегі су

  10. лай су

  11. жерасты суы

  12. салқындатылған су

а) вода в виде пара

ә) оборотная вода

б) подземная вода

в) охлажденная вода

г) напорная вода

ғ) поровая вода

д) сточная вода

е) иловая вода

ж) фильтрационная вода

з) дистилированная вода

и) горячая вода

к) питьевая вода

103-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ыстық сумен жабдықтау жүйелері қандай құрылғылардан тұрады? 2. Тұтынушыларына қарай ыстық сумен қамту жүйелері қандай топтарға бөлінеді? 3. Орналасу орны бойынша қалай бөлінеді? 4. Қайтару құбырымен қандай су келеді? 5. Құбырларды тартылу схемасына қарай қалай бөледі? 6. Сумен жылыту жүйелері ыстық судың айналуына байланысты қандай болып бөлінеді? 7. Кішігірім аз қабатты ғимараттарда қандай жүйелер қолданылады? 8. Не себепті көп қабатты үйлерде аккумуляторсыз тұйықталған жүйелер қолданылмайды? 9. Сорап дегеніміз не? 10. Канализациялық су станциялары не үшін қажет?

104-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Судың да сұрауы бар. Балық аулай алмаған суды лайлар.

Су – тіршіліктің көзі. Суын ішкен құдыққа түкірме.

Сусыз өмір жоқ. Бұлақ көрсең, көзін аш.

105-тапсырма. Төмендегі сұрақтар бойынша өз пікірлеріңізбен бөлісіп, сұхбаттасыңыздар.

  1. «Су – өмір нәрі» деген мағынаны қалай түсінесіздер?

2. Судың негізгі бөлігі қай салада көп пайдаланылады?

3. Суды пайдалану әдісі жайлы не білесіздер?

4. Ғимараттар мен үймереттерді сумен жабдықтау дегеніміз не?

5. Қала тұрғындарының пайдаланылған тұрмыстық сулары қалай

жиналады?

6. Тұрмыстық-коммуналдық суларды тазарту, ақаба суларды

залалсыздандыру мәселесі бойынша қандай істер атқарылып жатыр?

7. Судың адамға пайдасы қаншалықты?

8. Суды қалай үнемдей аламыз?

9. Қазақстандағы су қоры туралы не білесіздер?

10. Суды ластаушы факторларды атаңыздар?

Әдістемелік ұсыныс: Ғимараттарды сумен қамамасыз ету жұмыстарына

нақты тоқталып, сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 12 [27-35]

Бақылау сұрақтары:

1. Ыстық сумен жабдықтау жүйелері қандай құрылғылардан тұрады?

2. Ыстық сумен қамту жүйелері қандай топтарға бөлінеді?

5-апта. 14-тәжірибелік сабақ

106-тапсырма. Мәтіндегі газбен жабдықтау жүйесін меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Г а з б е н ж а б д ы қ т а у

Газбен қамту жүйелері дегеніміз – табиғи немесе жасанды газды өндіру, оны тасымалдау, сақтау және химиялық шикізат немесе отын ретінде өнеркәсіпке, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жеткізуге арналған техникалық құрылымдардың күрделі кешені. Газ – құрғақ, күлсіз жану жылулығы жоғары отын, құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады, жеңіл тұтанады, жағу процесін механикаландыруға және автоматтандыруға ыңғайлы, экологиялық таза отын.

Газ қалалар мен елді мекендерге газ өндіру орнынан магистралды жүйемен тасымалданады. Магистралды газ жүйесіне газ тасымалдайтын құбырлар, газға қажетті 5 мПа қысым беруге арналған, әрбір 120-150 км сайын орнатылатын компрессор станциялары (КС), газ сүзгісі орнатылған және газ қысымын төмендететін газ тарату станциялары (ГТС) кіреді.

Газ тұтынатын ірі мекемелер (өндірістік, нан зауыттары, монша және т.б.) жоғары және орта қысымды газ тармақтарына жалғанады. Тұрғын, қоғамдық және ұсақ коммуналдық тұрмыстық мекемелер төменгі қысымды газ желілеріне қосылады.

Газ құбырлары тұрғын үйлерге кісілер тұрмайтын бөлмелер арқылы енгізіліп, қадағалап тұруға мүмкіншілік жасалады. Қоғамдық және коммуналдық үйлерге газ құбырлар дәліздер немесе газ аспаптары орналасқан бөлмелерге енгізіледі. Үйге кіреберістегі құбырларға ажыратқыш тетіктері орнатылады. Олар үй сыртында қалғаны жөн. Үй ішіндегі ажыратқыш тетіктер баспалдақ бөлмелері мен тамбурларда орналасады. Газ тарату құбырларын үй ішінде бірінші қабаттағы қабырғалардың жоғарысымен жүргізіледі. Тік құбырлар асханада, дәліздерде және баспалдақ бөлмелерде орналасады. Бұл құбырларды тұрғын және санитарлық бөлмелермен жүргізуге болмайды. Егер бір желіден бірнеше тік құбырлар тарайтын болса, онда әрбір тік құбыр ажыратқыш тетікпен жабдықталады. Газ құбырлары бір-бірімен негізінен пісіру арқылы жалғанады, ал фланец, резьба (бұранда) арқылы тек қана ажыратқыш тетіктер орналасқан жерлер жалғанады. Қабырғалардағы тесіктер арқылы өтетін құбырлар болат қорапта орнатылып, қораптың ұшы еденнен 3 см шығып тұруы қажет. Құбырлар қабырғаларға бекітіледі.

Газды аспаптар тұрғын үйлердің көбісінде асханада орналасады. Сондықтан да асханалардың биіктігі 2,2 м-ден, ал көлемі төмендегі мөлшерден кем болмауы керек: екі оттықты плитасы болса 8 м3; үш оттықты плитасы болса 12 м3; төрт оттықты болса 15 м3. Егер осы бөлмелерге қосымша су қыздырғыштары орнатылатын болса, онда бөлме көлемін 6 м3-ке үлкейту қажет. Газды аспаптар орналасқан бөлмелердің терезесінде форточка және желдету жүйесі болуы керек.

Сөздік:

газ құбыры – газовая труба тікқұбыр – стояк

газбен жылыту – газовая отопление пісіру – сварка

газ тәрізді отын – газообразное топливо дәліз – веранда

газөткізгіш – газопровод кіреберіс – вход

газдық тоттану – газовая коррозия

газбен қамту жүйесі – система газоснабжения

газ тарату бекеті – газораспределительная станция

тіке ағынды жүйе – прямоточная система

107-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Газ қандай отын? 2. Газбен қамту жүйелері дегеніміз не? 3. Газды қала мен елді мекендерге қайдан және қалай жеткізеді? 4. Магистралды газ жүйесіне қандай станциялар жатады? 5. Газ құбырларын тұрғын үйлерге орнатудың жолдарын айтып беріңіздер? 6. Газды аспаптарды үйдің қай бөлігіне орнату керек және нені ескеру қажет?

108-тапсырма. «Газ» терминімен сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Ү л г і : Жанғыш газ. Табиғи газ. Сирек газдар.

109-тапсырма. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп, сәйкестендіріңіздер.

1. газ құбырын а) таза отын

2. магистралды ә) газ желілері

3. газбен қамту б) станциясы

4. экологиялық в) жалғанады

5. жоғары г) газ жүйесі

6. пісіру арқылы ғ) жүйесі

7. желдету д) плита

8. төменгі қысымды е) жүйелері

9. газ тарату ж) қысым

10. үш оттықты з) тарту

110-тапсырма. Сөздердің антонимдерін жазыңыздар.

1) табиғи – 3) жоғары – 5) жеңіл –

2) құрғақ – 4) ыңғайлы – 6) ірі –

111-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Газ құбыры (Газопровод) – бір орыннан тұтынушыларға дейін жанғыш газдарды тасымалдауға арналған құбырлар, жабдықтар және аспаптар кешені.

Магистралды газ құбыры (Газопровод магистральный) – жанғыш газдарды шығаратын (не өндіретін) жерден қысымы тұтынушыларды жабдықтауға қажетті деңгейге дейін төмендететін газ тарататын станцияларға дейін тасымалдауға арналған газ құбыры.

Газгольдер (Газгольдеры) – шеті күмбез тәрізді, формасы көбінесе сфера немесе цилиндр болатын газдарды сақтайтын металдық резервуар.

Газбен жабдықтау (Газоснабжение) – халық шаруашылығы мен халық қажеті үшін газ отынын ұйымдастырып жіберу және тарату.

Газ тазарту (Газоочистка) – өнеркәсіп газдарында болатын қатты, сұйық және газ тәрізді қоспаларды бөліп шығаратын технологиялық процесс.

112-тапсырма. Сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]