Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

«Астана-Теплотранзит ақ»

Жарты ғасырға жуық тарихы бар «Астана-Теплотранзит» АҚ еліміздің бас қаласын жылумен қамтамасыз етіп отыр. Астаналық энергокешеннің жылу тарататын желілері 520,6 шақырымды құрайды. 1999 жылы 274,6 шақырым жылу магистралінің құрылысы салынды және қайта құрылды.

2009 жылы акционерлік қоғам қаланың жылу жүйесіне 29 550 қума метр жаңа жылу торабын қосты. Жаңадан қосылған жылу торабының 20,5 шақырымы бұрынғы орталықта, 4 шақырымы Есілдің сол жағалауында орналасқан. Осындай ұзындыққа тарайтын жылу желілеріне 10 насостық станса қызмет көрсетеді. 2005 жылы Астанада елбасының қолдауымен елімізде тұңғыш рет ППУ жылу тораптарын шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл зауыт шығаратын отандық өнім еуропалық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп беретін құбырлар болып табылады. Қазіргі уақытта «Астана-Теплотранзит» АҚ – бұл дамыған, жоғары білікті мамандары және қажетті материалдық базасы бар кәсіпорын. 2006 жылы Швецарияда өткен халықаралық жобада «Тиімді дамушы кәсіпорын» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

(«Егемен Қазақстан» 22 желтоқсан 2011 жыл)

147-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Бөлмелерді жылыту амалдарына көңіл аудару. Тұрғын үйлерге жылыту аспаптарын орналастыру жұмыстарымен танысу.

Әдебиеттер: Нег.: 12 [21-26]; Қос.: 23 [13-15]

Бақылау сұрақтары:

1. Жылыту аспатарына нелер жатады?

2. Радиаторлар дегеніміз не?

3. Электр конвекторлар қандай қызмет атқарады?

7-апта. 19-тәжірибелік сабақ

148-тапсырма. Мәтінмен танысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ғимараттардың қосалқы жұмыстары

* * * * *

Е д е н т ө с е у ж ұ м ы с т а р ы

Еден – жер немесе жамылғылар үстіне орнатылатын құрама конструкция. Еденнің үстіңгі элементін жабу «нағыз» еден деп атайды. Еденнің жабу түрі оның атымен анықталады: паркет, тақта, мозаикалық және т.с. Еденнің жабуы мен еден орналасқан үймереттің жүк көтеретін элементінің аралығында әрқайсысының нақты функционалдық міндеті бар аралық қабаттар болады: қабатша, тұтастырғыш (жиыстырма), су айыру, жылылықты өткізбеу, дыбыс өткізбеу, төсеніш қабаты.

Қабатша – еден жабуы мен астыңғы түзілістің өзара қатыстығын қамтамасыз ететін қабат. Жабу түріне байланысты қабатша қалыңдығы не 0,6-1 мм арнайы жабысқақ мастикалардан, не 10-15 мм ерітіндіден жасалады.

Тұтастырғыш – тығыз қыртыс жасауға, еденге еңіс беруге, линолеум, синтез тақтайшалар және т.б. жұқа қабатты жабуларға негіздер жасау үшін қызмет атқаратын қабат.

Су айыру – еденнің аралық қабаттарын судан қорғайтын қабат.

Жылылықты өткізбеу – еденнің жалпы жылу өткізгіштігін азайтатын қабат.

Дыбыс өткізбеу – көршілес бөлмелерде шу дыбысының қысым деңгейін төмендететін қабаты.

Құмнан және қиыршық тастан жасалған қатты емес төсеніш қабаты 100 және 200 мм қалыңдыққа дейін тығыздалып төселеді. Бетоннан жасалған қатты төсеніш қабат ең аз қалыңдықпен (80-100 мм) төселеді.

Жабулар келесі топтарға бөлінеді: тұтас құймалы, ағаштан жасалғандар, синтездік оралмалы материалдардан, дара тақта элементтерден жасалғандар.

Тұтас құймалы жабулар бетон, мозаикалық (терацалы) цемент-құмды, полимер, полимер-бетон, полимер-цемент, кселолит қоспарынан орындалуы мүмкін.

Бетон жабулары құрама тақталар, су айыру, тұтастырғыштан тұратын және цеменпен грунтталған негізге төселеді. Бетон жабуларын жасау технологиясы төсеніш қабатын орындау технологиясынан әрлеу және бет қабатын нығайту бойынша қосымша операция жиынтығымен ерекшеленеді.

Еден ғимараттың маңызды құрылымдық эементі болып табылады. Едендерге эстетикалық талаптармен қатар беріктік талаптары қойылады: олар механикалық ықпалға (үйкелуге, соғылуға, тесілуге, т.б.) жақсы кедергі көрсетуі керек, тегіс болуы, сырғанақ емес, жүргенде дыбыс шығармайтын және пайдалануда ыңғайлы болуы керек.

Сөздік:

еденнің жабыны – покрятие пола еден – пол

мозаикалық тақта – мозаичная плита тақта – плита

төсеніш қабаты – подстилающий слой қабатша – прослойка

тығыз қыртыс – плотный обзол тұтастырғыш – стяжка

жабысқақ мастика – липкая мастика еңіс – уклон

жамылғы – накрывка тақтайша – паркет

тұтас құймалы – монолитная беріктік – прочность

үйкеліс қадасы – свая трения қиыршық тас – щебень

серпімділік – упругость тегіс – ровный

сырғанақ емес – некатучая шу, дыбыс – звук

беттік қабат – лицевой слой беттік сіңіру – адсорбция

нығыздау, таптау – тромбовка

құрама конструкция – сборная консрукция

нығыздалған негіз – уплотненная основание

дыбыс шығармайтын – звукопоглощающая

149-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  1. Еден дегеніміз ------------------------------------------------------------------

  2. Қабатша дегеніміз -------------------------------------------------------------

  3. Жылылықты өткізбеу ---------------------------------------------------------

  4. Дыбыс өткізбеу -----------------------------------------------------------------

150-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі термин сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары

Орыс тіліндегі аудармасы

  1. едендік тақтай

  2. едендік тақтайша

  3. еден төсемі

  4. еденаралық

  5. еденнің жабыны

  6. беттік еден жабыны

  7. бетон қоспасы

  8. бетондық тұтастырғыш

  9. беттік сіңіру

  10. еңістің орнықтылығы

а) бетонная смесь

ә) покрытия пола

б) адсорбция

в) половая доска

г) лага

ғ) бетонная стяжка

д) устойчивость откоса

е) половая плитка

ж) лицевое покрытие пола

з) настил пола

151-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бетон қоспасы, дыбыс өткізбейтін, еден жабуы, қиыршық тас, құрама кострукция, төсеніш қабаты, ағаштан жасалған, мозаикалық тақта, беріктік қасиеті.

15-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Еден дегеніміз не? 2. Еденнің түрлерін атаңыздар? 3. Еден жабуы мен жүк көтеретін элементтің аралығында қандай аралық қабаттар болады? 4. Қабатша деген не? 5. Тұтастырғыш қандай қызмет атқаратын қабат? 6. Су айыру қандай қабат? 7. Еденнің жылу өткізгіштігін азайтатын қабаты қалай аталады? 8. Дыбыс өткізбеу дегеніміз не? 9. Қиыршық тастан және бетоннан жасалған төсеніш қабаттарының айырмашылығы неде? 10. Жабулар қандай топтарға бөлінеді? 11. Бетон жабуларын жасау технологиясы туралы айтып беріңіздер? 12. Едендерге қандай талаптар қойылады?

153-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Тіреуіш (забирка) – еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қоғауы қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Таскестелі тақтайша еденінің сыртқы жағы (лицевая сторона мозаичного паркета) – таскестелі жұқа тақтайшаның ескіру қабатының сырты.

Мозайка тегістейтін машина (мозаично-шлифовальные машины) – мозайкалы, мәрмәрді және гранитті бетінің өңдеуі мен тегістеу, ажарлау үшін қызмет етеді.

Төсем (стяжка) – шатыр, еден және айырушы жабуларын жасағанда негіз бетін тегістейтін материал қабаты.

Қалқымалы еден (пол плавающий) – көршілес бөлмелердің дыбыс айыру қасиетін көтеру мақсатында жабын мен қабырғалардан амортизациялаушы не айырушы құрылғылармен бөлінген еден.

Әдістемелік ұсыныс: Ғимараттардағы еден төсеуге арналған материалдарды атау, олардың қызметін анықтау.

Әдебиет: Нег.: 1 [48-51]

Бақылау сұрақтары:

1. Еденнің түрлерін атаңыздар?

2. Еден жабуы мен жүк көтеретін элементтің аралығында қандай

аралық қабаттар болады?

7-апта. 20-тәжірибелік сабақ

154-тапсырма. Мәтіндегі терезе салу жұмыстары туралы өз ойларыңызды ортаға салып, пікір алмасыңыздар.

Т е р е з е с а л у ж ұ м ы с т а р ы

Терезе – желдету және жарықтандыру үшін қолданылатын ғимараттың құрылымды элементтері. Терезе қуысын толтыру терезе қораптарынан, терезе түптеулерінен және терезе алды тақтайдан құралады. Терезе қораптары – терезе түптеулерін бекітетін және салатын элемент. Қорап байлаудан және импостан құралады. Терезе түптеулері жарма және фрамугтан құралады. Терезелер саны бойынша бір, екі және үш жармалы болады. Жармалары топсалар мен арнайы ілгешектер арқылы қосылады. Терезе шыныпакетпен жабдықталады. Жарма және фрамугалар ашылатын және керең болып келеді. Бөлмелерді желдету үшін ашылатын фрамугалар болмағанда, түптерде форточка орнатылады.

Терезе жақтауларын әйнектеу алдында олифа жағылып кептіріледі. Әйнек жиегі мен қию ернеуі аралығында 2 мм-ден кем емес саңылау қалдыру керек. Ағаш жақталарға әйнекті бітеуіш бойынша штапиктермен бекітеді. Металл жақтауларын әйнектеу дәл ағаш жақтауларындағыдай жасалады. Әйнекті клямер, штырлар, серіппелер немесе штапиктермен бекітеді.

Әйнек жұмыстарын орындағанда мынадай шыны түрлерін пайдаланады: терезенің табақ әйнегі (қалыңдығы 2-6 мм), жылтыратылған табақ әйнек (5-7 мм), жылтыратылған және жылтыратылмаған көрме әйнек (6,5-7 мм), әшекейлі табақ әйнек (4,5-6 мм), түрлі түсті арматураланған, күннен қорғайтын табақ, жылылықты қорғайтын, профильді әйнектер, қуыс әйнек блоктары, әйнек пакеттері, суарылған әйнек табақтары, шлакситалдар, стемалиттер және т.б.

Әйнек материалдары дара, қосарланған және қос қабат жақтауларда бекітіледі. Ойықтарды әйнектегенде сыр шеберханаларында әзірлейтін және объектіге дайын түрде жеткізілетін олифасыз бітегіштер қолданады.

Терезені жөндеуде келесідей жұмыстар: терезе жақтауларын бөлшектердің бөлігін ауыстыру арқылы қатайту; жаңа рамалар, жақтаулар, форточкалар, желдеткіш терезелер және басқа элементтерді орнату; сынған терезе шыныларын ауыстыру; жаңа терезе құралдарын қою және ескілерін жөндеу; терезе қораптарын тығыздау және ерітіндімен немесе мастикамен бітеу; ағаш және металл бөліктерін сырлау орындалады.

Сөздік:

терезе түптеуі – оконный переплет әйнек, шыны – стекло

әшекейлі шыны – узорчатое стекло әшекей әйнек – витраж

шыны пакеттері – стекольный пакет әйнектеу – остекление

күннен қорғайтын – солнцезащитное әйнек кесу – раскрой стекла

саңылаусыз қабырға – глухая стена жақтау – наличник; рама

жылу сақтағыш – теплозащитное серіппелер – пружины

терезе ойығы – оконный пресле кернеу – напрежение

табақты әйнек – листовая стекло саңылау – задор

терезе топсасы – оконная петля әшекей – декор

терезе қорабы – оконная коробка жарма – створок

терезелік жақтау – оконный наличник

терезе аралық кесек – простеночный блок

суарылған әйнек – поливочный; водосточный

жарық шашыратқыш шыны – светорассеивающие стекло

жылтырлатылған табақ әйнек – полированное стекло

терезе қуысын толтыру – заполнение оконного проема

байлаудан және импостан құралады – состоит из обвязки и импоста

155-тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Ғимараттарға ....... желдету және жарықтандыру үшін орнатылады. Әйнек материалдары ....... , қосарланған және қос қабат ........ бекітіледі. ........ жақтауларын әйнектеу алдында .... жағылып кептіріледі. Әйнек ... мен қию ернеуі аралығында 2 мм-ден кем емес ....... қалдыру керек. Ағаш жақталарға әйнекті бітеуіш бойынша ........ бекітеді. Металл жақтауларын ........ дәл ағаш жақтауларындағыдай жасалады. Әйнекті клямер, штырлар, ........ немесе штапиктермен ........ .

Тірек сөздері: әйнектеу, серіппелер, саңылау, терезелер, жақтауларда, жиегі, дара, олифа, штапиктермен, бекітеді, терезе.

156-тапсырма. Мәтіннен «әйнек» және «терезе» сөздерімен тіркес жасап тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.


157-тапсырма. Жаңа термин сөздермен танысып, оларды жаттап алыңыздар.

терезе сұқпатиегі – оконный шпингалет терезе топсасы – оконная петля

терезе маңдайшасы – перемычка окна терезе ойығы – оконный пресле

терезеасты кесек – подоконный блок терезе шынысы – оконное стекло

терезелік жақтау – оконный наличник терезе еңісі – оконный откос

терезе аралық кесек – простеночный блок

терезе толтырмасы – оконное заполнение

терезе түптеуі – оконный переплет

терезеалды тақтайы – подоконная доска

158-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Терезе салу жұмыстары, желдету және жарықтандыру үшін, жылтыратылған табақ әйнек, сыр шеберханаларында әзірлейтін, дайын түрде, мастикамен бітеу, металл бөліктерін сырлау, терезенің табақ әйнегі.

159-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ғимараттарға терезелер не үшін салынады? 2. Терезе бөлшектері қандай элементтерден құралады? 3. Терезе қораптары дегеніміз қандай элемент? 4. Терезе жақтауларын әйнектеу алдында не істейді? 5. Әйнекті нелермен бекітеді? 6. Қандай шыны түрлері бар? 7. Әйнек материалдары қандай жақтауларда бекітіледі? 8. Ойықтарды әйнектегенде қандай бітегіштер қолданылады? 9. Терезе бөлшектерін атаңыздар? 10. Терезені жөндеуде қандай жұмыстар орындалады?

160-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтар әзірлеңіздер.

  • БІЛГЕНІҢІЗ ЖӨН!

Пластмассалық жақтаулары бар терезелер техникалық және пайдалану сапаларымен ағаштан неғұрлым жақсы (аз қима, металға жақын, бояуларды талап етпейді, шірімейді, қисаймайды және кеппейді). Қораптар, оның доға тіреулері және жармалары шыны пластиктан дайындалады. Жармалар және доғатіреулер қалыңдығы 2–3 мм қабырғалары бар қуыс пішінді болады. Жармалар да шыны пластиктан жасалған топсаларға ілінеді. Терезе шыны пакетпен шыныланған. Жақтаулардың жылу техникалық сапаларын көтеру үшін, оның қуыс бөліктері пластмассалық жылытқыштармен толтырылуы мүмкін.

Терезелердің «Евростандарт» типті терезе, жұптасқан жармалары бар терезе блогы, бөлек жармалары бар терезе блогы, сияқты т.б. түрлері болады.

161-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Глазурь – бұйымға жағылған және күйдіру арқылы бекітілген қалыңдығы 0,1 – 0,2 мм шыны типтес жабын.

Сұйық шыны (жидкое стекло) – силикат натрийдің коллоидті сулы ерітіндісі.

Терезе алды тақтайлар (подоконные доски) – бөлме жағынан терезе өткелінің төменгі жағында орналасады. Терезе алды тақтайлары бөлме үйіне 1% көлбеулікпен орнатылады.

Құрылыс шыны (стекло строительное) – терезелі, көрмелік, профилді, қапталған, витраждар, көбік шыны, әрлеу, мүсінді, сонымен қатар шыныпакет, шыныблок, сәулет бөлшектері, мозайка, құрылыс бөлшектері, сәулет-әрлеу шыныпластик шынылары кіреді.

Әдістемелік ұсыныс: Бүгінгі таңда салынып жатқан пластикалық терезелердің ағаш терезелерден ерекшеліктерін сипаттау. Терезені әйнектеу жұмысы мен әйнек түрлеріне тоқталу.

Әдебиет: Нег.: 7 [32-38]

Бақылау сұрақтары:

1. Терезе бөлшектері қандай элементтерден құралады?

2. Терезе жақтауларын әйнектеу алдында не істейді?

3. Қандай шыны түрлері бар?

7-апта. 21-тәжірибелік сабақ

162-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап дайындап, оны рөлге бөліп оқыңыздар.

Е с і к о р н а т у ж ұ м ы с т а р ы

Есік және терезе блоктары нысандарға дайын күйінде, боялған және шыныланған, бүтін немесе жарма тоспаларымен келіп түседі.

Есіктерді пайдаланудың және жөндеудің басқа құралымдарға қарағандағы ерекшелігі – олар қозғалмалы күйде болады. Бұл ойықтардың герметезиясына әсер етеді, ескі қорабымен біріктіріліп қосылған жерлерді, түйістерді босатады. Есікті үнемі ашып-жабу қабырғамен түйіскен жерлерін босатады.

Сонымен қоса, әр түрлі себептерден есіктердің жарылуы, майысуы, шіруден бұзылуы мүмкін.

Есіктерді жөндеуге мыналар жатады: есіктердің майысуын түзету, металл бұрыштарды және жұқа тақтайларды қағу арқылы қатайту; жылуоқшаулағыш қою; шұңқырларды, сынықтарды, басқа да ақауларды кетіріп отыру; кіретін есіктердің тақталарын беттік темірмен қаптау; тақталарды және қораптарды ауыстыру, герметизациялау (резеңкелік төсем және т.б.) кіреді.

Қалқанды есіктер – тұрғын және қоғам үйлері үшін жасалынады. Бұлар брустармен тұтас немесе майда қуыстықпен толтырылған, екі жағынан да шпонмен немесе қатты ағаш талшықты плиталармен, не фанермен қапталынған рамадан тұрады. Тұтас толтырылған есіктер ағаш брускаларынан жасалынады, ал ұя тәрізді майда қуысты есіктер фанералардың, ағаш талшықты плиталардың тіліктерін немесе қағаз негізіндегі полимерлік соталарын қолдана жасайды. Сондай-ақ, есіктерді ағаш жоңқалы плиталардан да жасайды. Есік тоспалары майлы бояумен, эмальмен сырланады, жұқа қабықпен (шпонмен) немесе текстуралық қағазбен қаптап құнды ағаштар құбылысын бейнелейді (имитациялайды).

Сөздік:

қуыстық – пустотность білеу, сырғауыл – брус

қуыс – ниша; пора дефект қабықша – оболочка

отқа төзімді – огнеупорное жақтау, рама – рама

есік рамасы – рама дверная жиек, ернеу – кромка

жұқа қабық – тонкая скорлупа ойық – паз; пресле

ағаш білеу – деревьянный брус нысан – визир

майлы бояу – масленная краска түйіс – стык

ішкі әрлеу – внутренная отделка есік – дверь

екі аралық рама – рама двухпролетная

текстуралық қағаз – текстурированная бумага

ағаш талшықты тақта – древесно-волокнистая плита

163-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, қай септікте тұрғанын анықтаңыздар.

164-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Есік тоспасы, ағаш талшықты плиталар, майлы бояу, жөндеу жұмыстары, тұрғын үй, жұқа тақтай, темірмен қаптау, ішкі әрлеу, ақауды кетіру.

165-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі мәтіннің негізінде берілген термин сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атаулары

Орыс тіліндегі аудармасы

  1. есік құралдары

  2. есік жаппасы

  3. есік блогы

  4. есік маңдайшасы

  5. есік ойығы

  6. есік рамасы

  7. есік сұқпатиегі

  8. есік жақтауы

а) дверной наличник

ә) дверной шпингалет

б) дверной пресле

в) дверные приборы

г) дверной блог

ғ) перемычки двери

д) дверная рама

е) дверное полотно

166-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]