Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Пластмассадан жасалатын материалдар

Орманда қарағай діңінен мөлдіреп шығып тұрған шайыр тамшыларын көргендерің бар шығар. Оның икемге келгіштігін жұрт баяғыдан білуші еді. Бірақ оны іске жарату мүмкін емес-ті, өйткені шайыр суықта қатып, морт сынғыш күйге түсіп, ал жылыда балбырап еріп кететін. Химиктер шайырдың осы қасиетін ескере отырып, оның көптеген жасанды түрлерін – «ағайындарын» жасап шығарды. Оның бойында өңдеуге қолайлы қасиеттер мол еді. Қыздырған кезде тез жұмсаратын және қажетті пішінге келуі оңай болатын. Міне, осындай жасанды материалдардың бәрі – пластикалық массалар – пластмасса деп аталады.

Пластмассасинтетикалық материалдардың бір түрі. Ол өзінің негізі болып табылатын полимердің арқасында қалыпқа түскен пішінін жақсы сақтайды.

Ғалымдар пластмассалардың небір түрлерін жасап шығаруда. Кейбір пластмассалар ең сапалы деген болаттан да берік, енді біреулері – резинадан да жұмсақ, ал үшінші біреулері – хрустальдай мөлдір әрі оңайлықпен сынбайтын мықты болып келеді. Жоғары температураға төзімді, сондай-ақ кәдімгі тоз тығыннан 100 есе жеңіл пластмасса да бар.

Кейбір пластмассаларды қажетті температураға дейін қыздырады да, иненің жауындай ғана тесіктерден қысыммен сығып шығарады. Одан шыққан жіңішке талшықтар суына келе жіпке айналады. Капрон және нейлон жіптері міне, осылайша алынады.

Пластмассалардың бәрі дерлік ылғалға және күйдіргіш қышқылдарға төзімді, тот баспайды және шірімейді де. Олардың енді бір тиімді жері – анағұрлым арзан шикізаттардан алынады. Пластмассалар ағаш, металл, шыны орнына жүре береді. Өзінің осы бағалы қасиеттерінің арқасында, олар өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және медицинада кеңінен қолданылады.

Полимерлер өнімінің көлемі аз-ақ және олардың құны едәуір жоғарылау. Сондықтан да, полимерлер негізінде жасалынатын материалдар мен бұйымдар қымбат және айтарлықтай жетіспейді. Сондай-ақ пластмассалардың өздеріне тән өзгеше қасиеттері оларды тиімді түрде құрылыста қолданатын жерлерін анықтауды қажет етеді. Мұндай материалдарға жататындар ең алдымен, қазіргі кезде пайдаланып жүрген дайындығы толық өңдеуші құрылыстық бұйымдар (жуылатын тұсқағаз – әшекейлі жапсырма қағаз немесе мата, декоративтік өзі жапсырылатын пленкалар, жапырақты өңдеуші пластиктер, т.б.); еденді жабуға жұмсалатын өңдеуші материалдар (линолеум, плиткалар), тиімділігі жоғары жылу қоршағыш материалдар, әсіресе көбіктелінген пласмасса негізіндегі бұйымдар, құбырлар мен санитарлық-техникалық бұйымдар (шайып тұратын бочоктар); арнаулы полимер ерітінділері мен полимер бетондар.

Сөздік:

қарағай діңі – сосновый фуст шайыр – смола

қалып – опалубка қысым – давление

тығын, бітеуіш – пробка, заглушка пішін – форма

210-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шайырдың өзіне тән қандай қасиеттері бар? 2. Пластмассаның қандай түрлері жасалынады? 3. Капрон мен нейлон жіптер қалайша алынады? 4. Пластмассалардың тиімділігі неде?

211-тапсырма. Қажетті жалғаулық шылауларды тауып, тиісті орындарына қойып жазыңыздар.

1. Шайырдың икемге келгіштігін жұрт баяғыдан білуші еді, ... оны іске жарату мүмкін емес-ті, ... шайыр суықта қатып, морт сынғыш күйге түсіп, ... жылыда балбырап еріп кететін. 2. Қыздырған кезде тез жұмсаратын ... қажетті пішінге келуі оңай болатын. 3. Пласмассалардың кейбірі хрустальдай мөлдір ... оңайлықпен сынбайтын мықты болып келеді. 4. Полимер өнімінің құны едәуір жоғарылау,... полимерлер негізінде жасалынатын материалдар мен бұйымдар қымбат ...айтарлықтай жетіспейді. 5. Құрылыстағы пласмассалық бұйымдарға әшекейлі жапсырма қағаз ... мата жатады.

Керекті шылаулар: өйткені, және, әрі, бірақ, ал, сондықтан да, және, немесе.

212-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Пластмасса – өңдеудің кейбір сатыларында иілімділік сипаты бар және біршама немесе толық органикалық жоғары молекулалардың қосындысын құрайтын материал.

Кеуекті пласт – газды өткізетін, кеуектілігімен көрінетін газ толтырғыш пластмассалар.

Сотопласт полимер шайырымен сіңірілген қағаз немесе шыныматадан көбіктенбеусіз пішіндеумен алынған ауа қабатының жиі қайталануымен дұрыс геометриялық пішіні бар жылу оқшаулағыш материал.

Шыны пластик синтетикалық қарамаймен сіңген, ыстық шыны талшық престеуінің қалыптасуымен алынған материал.

213-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыздар.

Қазақ елінің мемлекеттілігінің белгісі – ежелден елді бір жерден басқаратын бас қалалары мен орталықтарының болуында. Қазақ жеріндегі ең алғашқы мемлекет, көне түріктер қағандығының ту көтерген жері – Алтай. Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандығының астанасы – Суябтың іргесі Ү ғасырда қаланған. Испиджаб (Сайрам) және Отырыр (Фараб) ҮШ-ІХ ғасырларда көне түріктердің бас шаһарлары болған. Жаңакент – оғыздардың, Ертіс бойындағы Имақия – Қимақ мемлекетінің, Сығанақ – Дешті қыпшақтардың орталығы, содан кейін қазақ хандығының астанасы болды.

214-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Пемза – вулканическая горная порода, образующаяся в результате вспучивания и быстрого застывания кислой лавы; легкая (не тонет в воде), пористая. Применяют как абразивный материал, добавку к цементу, заполнитель бетонов.

Подпорная стена – конструкция из природного камня, бетона, железобетона или дерева, удерживающая от обрушения находящийся за ней массив грунта.

215-тапсырма. Берілген етістіктерді кестеге орналастырыңыздар.

Іске жаратса, білгім келеді, ескере жүріңіз, жасағысы келеді, пішінге келтірейін, еріп кетсе, сақтап қой, қыздырсақ, жеткізсем екен, сығып шығарайық, оқығыңыз келеді, шара қолданайық, құрастырсам, боятқым келеді, орналастырыңыздар, қолданғың келіп тұр, тұрғызсақ, жуғың келе ме?

Қалау рай

Шартты рай

Бұйрық рай

Әдістемелік ұсыныс: Пластмассадан жасалатын құрылыс бұйымдарының тиімді тұстарын атап шығу.

Әдебиет: Нег.: 10 [450-467]

Бақылау сұрақтары:

1. Пластмассадан қандай құрылыс материалдар жасалады?

2. Пластмассаның қандай ерекшелігі бар?

10-апта. 30-тәжірибелік сабақ

216-тапсырма. Мәтінді оқып, акустикалық материалдардың пайдасы мен ерекшеліктерін түсіндіріп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]