Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Сұрақ-жауап

– Желдету жүйесі дегеніміз не?

– Бөлмедегі ауа алмасуды, ауа тазалығын қамтамасыз етеді.

– Ауа алмасу дегеніміз не?

– Бөлмедегі қызған немесе лас ауаны таза атмосфера ауасымен

алмастыру.

– Қызметіне қарай желдету жүйелері қандай түрге бөлінеді?

– Ауа беру және ауа шығару жүйелері.

– Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен қандай зиянды

заттарды жоюға болады?

– Ауадағы артық жылу, артық ылғал, шаң, улы химиялық заттар.

– Зиянды заттарды локализациялау үшін не істейді?

– Желдету мен жергілікті сору қондырғыларын орнатады.

– Желдеткіш деген не?

– Өндірістік ғимараттарда ауаны алмастыруға және ластанған ауаны

сорып алуға, ауа қысымын төмендетуге арналған механикалық

құрылғы.

132-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  1. Желдету жүйесі дегеніміз --------------------------------------------------------

  2. Ауа алмасу дегеніміз --------------------------------------------------------------

  3. Желдеткіштер дегеніміз ----------------------------------------------------------

  4. Желдету жүйесін жылына бір рет ----------------------------------------------

  5. Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен -------------------------

  6. Зиянды заттарды локализациялау үшін --------------------------------------

133-тапсырма. Терминологиялық сөздікті пайдаланып, кестедегі мәтіннің негізінде берілген термин сөздердің қазақша-орысша аудармаларын сәйкестендіріңіздер.

Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі аудармасы

1. ауаарна

  1. ауашық

  2. ауасүзгі

  3. ауабөлгіш

  4. ауажинағыш

  5. ауақыздырғыш

  6. ауаөлшегіш

  7. ауаөткізгіш

  8. ауашығарғыш

  9. ауаүрлегіш

а) вантуз

ә) воздуходувка

б) воздухомер

в) воздухосборник

г) воздушный фильтр

ғ) воздухоотводчик

д) воздухопровод

е) воздухоподогреватель

ж) воздухоотделитель

з) воздухоотвод

134-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Ауа ауыстыру (воздухообмен) – бөлменің ластанған ауасын таза ауамен жарым-жартылай не толық ауыстыру.

Желдету (вентиляция) – жұмыс аймағында тәулік бойы жұмыс істегенде 400 сағ/ж, ал күндізгі уақытта бір ауысымды жұмыста болғанда 300 сағ/ж рұқсат етілетін метереологиялық жағдайлар мен ауа тазалығын қамтамасыз ету мақсатымен жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа заттардың молдығын жою үшін бөлмелердегі ауаны алмастыру.

Ауа алмасу еселігі (кратность воздухообмена) – бір сағат ішінде бөлмеге берілетін немесе одан шығарылатын ауа көлемінің бөлме көлеміне қатынасы.

Ауа баптау (кондиционирование воздуха) – адамдардың көңіл-күйіне қолайлы жағымды болатын, технологиялық процесті жүргізуде керек оңтайлы метеорологиялық жағдайларды қамтамасыз ету, мәдени құнды заттарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жабық бөлмелерде ауаның барлық немесе кейбір параметрлерін (температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, тазалықты, қозғалыс жылдамдығын) автоматты түрде ұстап тұруы.

Жанама буландырып салқындату (косвенное испарительное охлаждение) – тікелей буландырып салқындату мен суытылған сумен беттік жылу алмастырғыштарда ауаны салқындату.

135-тапсырма. «Адамның тұрмыс салты мен денсаулығы» атты тақырыпта шағын мәтін құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Ауаны салқындатудың негізі және классификациясымен танысу.

Әдебиет: Қос.: 23 [58-62]

Бақылау сұрақтары:

1. Желдету жүйесі дегеніміз не?

2. Ауа алмасу дегеніміз не?

6-апта. 17-тәжірибелік сабақ

136-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен мұқият танысып, орыс тіліне аударыңыздар.

Ж ы л у ө т к і з г і ш т і к

Жылудың тасымалдануы үш негізгі әдістермен орындалады. Олар: жылу өткізгіштік, жылу сәулелену және конвекциялық тасымалдау.

Дененің құрылымдық бөлшектерінің қимылы және бір-бірімен соқтығысу нәтижесінде ішкі энергияны тасымалдауды жылу өткізгіштік деп атайды.

Әр түрлі заттар мен материалдардың жылу өткізу қабілеті әр түрлі болады. Мәселен, металдардікі жоғары, метал емес қатты заттардікі төмен, ал кеуекті материалдар (шыны, мақта, пробка, т.б.) жылу оқшаулағыш материалдарға жатады. Сұйықтардың ішінде жылуды ең жақсы өткізетіні су. Газдар жылуды ең нашар өткізетін заттар болып табылады.

Сәулелі жылу алмасу кезінде алдымен жылу энергия сәулелі энергияға айналады, содан соң қайта жылу энергияға өтеді.

Сұйықтың немесе газдың макрокөлемдерінің (бөлшектерінің) бір-біріне қатысты қозғалуын конвекция деп атайды. Жылудың конвекциямен тасымалдануына жылу өткізгіштік әрқашан ере жүреді. Мұндай біріктірілген процесс конвективтік жылу алмасу деп аталады. Техникада көбінесе сұйық (газ) ағыны және қоршаған қатты денелер беттерімен конвективтік жылу беріліс деп аталатын жылу алмасу процесі кездеседі.

Жылу техникалық құралдарда жылу ыстық ортадан суық ортаға бөліп тұратын қабырға арқылы тасымалданады. Мұндай процесс жылуды алып беру немесе жылу өткізгіштік әдісі деп аталады.

Сөздік:

жылу өткізгіштік – теплопроводность жылу алмасу – теплообмен

жылу тасымалдағыш – теплоноситель сұйық отын – жидкое топливо

жылу оқшаулағыш – теплоизоляция жылуға төзімді – теплостойкий

конвектор – жылытқыш, конвектор сұйықтар – жидкость

сәулелену – излучение; облучение шыны – стекло

сәулелі энергия – лучевая энергия мақта – вата

кеуекті материал – пористый материал

біріктірілген процесс – объединенный процесс

137-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыздар.

Жылудың тасымалдануы жылу өткізгіштік, жылу сәулелену, ...... ...... әдістері арқылы орындалады. Жылу өткізгіштік деп дене бөлшектерінің қимылы және бір-бірімен соқтығысу нәтижесінде ...... ...... тасымалдануын айтамыз. Әр түрлі заттар мен материалдардың ...... ....... қабілеті әр түрлі болады. Газдар жылуды ең ...... ...... заттар болып табылады. ...... ...... жылу оқшаулағыш материалдарға жатады.

Керекті сөз тіркестері: жылу өткізу, кеуекті материалдар, нашар өткізетін, ішкі энергияның, конвекциялық тасымалдау.

138-тапсырма. Сөйлемдердің ішінен антонимдік қатар құрып тұрған сөздерді тауып, астын сызыңыздар.

1. Металдардың жылу өткізу қабілеті жоғары, метал емес қатты заттардікі төмен болады. 2. Сұйықтардың ішінде жылуды ең жақсы өткізетіні су, ал газдар жылуды ең нашар өткізетін заттар болып табылады. 3. Техникада сұйық және қатты денелер беттерімен конвективтік жылу беріліс деп аталатын жылу алмасу процесі өтеді. 4. Жылу техникалық құралдарда жылу ыстық ортадан суық ортаға қабырға арқылы тасымалданады.

139-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сұрақтардың дұрыс жауаптарын сәйкестендіріңіздер.

1. Жылудың тасымалдануы қандай

әдістермен орындалады?

а) Сұйықтардың ішінде жылуды

жақсы өткізетіні су.

2. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

ә) Қатты заттардың.

3. Қандай заттардың жылу өткізу

қабілеті төмен болады?

б) Сұйық пен газдың бөлшектерінің

бір-біріне қатысты қозғалуы.

4. Жылу оқшаулағыш

материалдарға нелер жатады?

в) Жылу өткізгіштік, жылу

сәулелену, конвекциялық

тасымалдау әдістерімен.

5. Сұйықтардың ішіндегі жылуды

ең жақсы өткізетіні қайсы?

г) Дене бөлшектерінің қимылы және

бір-бірімен соқтығысу

нәтижесінде ішкі энергияның

тасымалдануы.

6. Конвекция дегеніміз не?

ғ) Конвекциялық тасымалдау мен

жылу өткізгіштіктің біріктірілген

процесін.

7. Конвективті жылу алмасу деп

қандай процесті айтады?

д) Кеуекті материалдар (шыны,

мақта, пробка, т.б.) жатады.

140-тапсырма. Төмендегі терминологиялық-түсіндірме сөздіктердіктердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Жылу өткізгіштік (теплопроводность) – материалдың өзінің бойынан жылулық ағынды өткізу қабілеті, бұл маиериалды шектейтін үстіңгі беттердегі температура айырымы салдарынан пайда болады.

Сәулелі жылу алмасу (лучистый теплообмен) – электр магнитті толқын түріндегі жылуды тарату үрдісі.

Конвекция – кеңістікте бөлшектің ауысуымен жылудың таралу үрдісі.

Жылулық ағын (тепловой поток) – бірлік уақыты ішінде таралатын жылудың саны.

Жұмыс сызбалары (чертежи рабочие) – тікелей құрылыс құрастыру жұмыстарын жүргізуге немесе құрылыс құрылымдары мен бұйымдарын әзірлеуге арналған сызбалар.

Әдістемелік ұсыныс: Ғимараттарды жылумен қамтамасыз ету мәселесін, жылу өткізгіштің берілу әдісін талқылау.

Әдебиет: Қос.: 23 [24-31]

Бақылау сұрақтары:

1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

2. Конвективті жылу алмасу деп қандай процесті айтады?

3. Жылу оқшаулағыш материалдарға нелер жатады?

6-апта. 18-тәжірибелік сабақ

141-тапсырма. Мәтіннің мазмұнымен танысып, жылыту аспаптарының түрлері мен олардың ерекшеліктерін ажыратып, айтып беріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]