Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Балуан Шолақ атындағы Спорт кешені

Республикалық орталық стадион – ірі спорт кешені. 1955-67 жылдары ірге көтерді. Абай даңғылы мен Есентай өзенінің қиылысында бір кварталды (ауданы 22.3 га) алып жатыр. Кешен құрамына спорт аренасы – стадион, футболшылардың жаттығу алаңы, спорт ойындарының кіші стадионы (5 мың орынды), жабық және ашық жүзу бассейні, спорт сарайы (4 мың орынды), жеңіл атлетика манежі, ашық теннис корты, спорт алаңдары енеді. Негізгі спорт аренасы 1958 жылы сәулетшілер А.Қ.Қапанов пен А.Я.Коссовтың жобасы бойынша салынды. Стадион трибунасы 30 мың адамға лайықталып жасалған, 6 қақпасы бар. Стадионға қажетті негізгі бөлмелердің бәрі трибуна астына орналасқан. Мұнда жаттығу залдары (бокс, күрес, ауыр атлетика, шахмат және дойбы), стадион қызметшілерінің, жаттықтырушылар мен төрешілердің бөлмелері, дәрігерлік пункт, жуынатын орындар бар.

Спортшыларға арналған қонақ үйі (220 орынды), радио торабы, қала аралық және халықаралық телефон қатынас жүйесі бар байланыс бөлімшелері жұмыс істейді. Стадионның спорт аренасы футбол алаңы (69х104 м) мен 400 (6 адамға) және 100 метрлік (8 адамға) жүгіру жолынан, оған қосымша жеңіл атлетика мен түрлі спорт ойындарына арналған секторлардан тұрады.

Қыс мезгілінде футбол алаңынан мұз айдыны жасалады. Жасанды мұз айдыны бар Спорт сарайы 1967 жылы сәулетші В.З.Кацевтің т.б. жобасы бойынша салынды. Оған басты зал, мұз дайындайтын машина бөлімшесі, медициналық және әдістемелік бөлмелер кіреді. Стадионда спорттың 16 түрінен жаттығу жүргізіліп, жарыстар өткізіледі. Жаттығуда 7 және 75 жас аралығы 2 мыңға тарта адам қатысады. Орталық стадионда мұнымен бірге көпшілік жиын-тойлары (ән мерекесі, жаңа жыл мейрамы т.б.) өткізіліп тұрады. Қазір Алматы қаласындағы Спорт кешеніне Балуан Шолақтың аты берілді.

Балуан Шолақ (Нұрмағамбет) Баймырзаұлы – қазақтың халық композиторы, өнерпаз спортшы, атақты балуан. Балуан Шолақ 1864 жылы Хан тауының маңында дүниеге келген, ал өскен, өнер ұстартқан жері Қараөткел (қазіргі Астана), Көкшетау төңірегі болған. Оның өз аты Нұрмағамбет. Ол жасынан ән-күйге құмар болып өседі. Кейін бір қолының басы отқа күйіп саусақсыз қалады. Кейбір деректерде үсіп саусақсыз қалған. Сөйтіп, Нұрмағамбет Шолақ атанады. Ал Балуан деген сөз – оның ерен күшіне байланысты халықтың қадірлеп қойған аты. Сонымен ол халық арасында Балуан Шолақ атанған.

Бала кезінен-ақ ол күреске құмар болып, күштілігімен көзге түседі. Ат үстінде түрегеліп, кейде төбесімен тұрып, шауып келе жатқан аттың баурынан айналу немесе үзеңгіден бір аяғын шығармай, аттың бір жағында тұрып шабу сияқты сан алуан ат ойынымен де жастай айналысқан. Осындай күші мен шеберлігіне қоса ол жасынан домбыра тартып, ән айтуға да құмартып өседі. Есейе келе әншілік, шығармашылық өнерінің үстіне сан рет топ жарып күреске түседі. Цирк аренасында профессионал күресшілермен сайысқа шығып, жеңіске жетеді, сөйтіп жаурыны жерге тимеген балуан атанады. Ол 1919 жылы қайтыс болады.

Сөздік:

кешен – комплекс лайық – достойное

қиылыс – перекресток радио торабы – радио сеть

321-тапсырма. Мәтін негізінде сұхбаттасыңыздар.

322-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгісін қойып, себебін түсіндіріңіздер.

Қоғамның басты байлығы ... адам. Адамның басты байлығы ... денсаулық. Ал денсаулықты сақтап, байытатын ... қимыл-қозғалыс. Яғни, қимыл-қозғалыс дегеніміз ... дене тәрбиесі. Сондықтан спорт өмірге өте қажет. Спорт ... салауатты тұрмысымыздың басты кепілі.

323-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын меңгеріп, жаттап алыңыздар.

  1. Денсаулық – зор байлық. 3. Тазалық – саулық негізі,

  2. Денің сау болса, Саулық – байлық негізі.

Жарлымын деме. 4. Ауырып ем іздегенше,

Жолдасың көп болса, Ауырмайтын жол ізде.

Жалғызбын деме.

324-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерден сын есімдерді тауып, оларға жалғанған жұрнақтардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер.

Қазақтар көпшіл және әзілқой халық. Қазақ батырлары бойшаң, алып тұлғалы болған. Еңбекқор қазақ жастары шетінен өнерпаз. Жас мамандардың білімдар болғаны абзал.

325-тапсырма. Берілген мәліметпен танысып, есте сақтаңыздар.

Қазақтардың архитектуралық-шаруашылық құрылыстарының түрі әркелкі болып келуі олардың көшпенді тұрмысына байланысты. Соның бірі – сардоба деп аталады. Ол шөлейт өңірде жаңбыр суын, қарды сақтауға арналып салынған, кірпіштен шегенделген шыңырау құдық. Қазақстанда, оның ішінде Маңғыстау мен Үстіртте таспен шегенделген, тереңдігі 50 метрге жететін шыңыраулар да бар. Олардың жанында сыйымдылығы он шелек болатын тас астаулар қойылған.

326-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Портал – П-образная часть конструкции.

Фриз – декоративная композиция (орнамент или изображение) в виде горизонтальной полосы на предмете: в кайме на ковре или паркете, поверху стены и т.д.

327-тапсырма. Төмендігі сұрақтар төңірегінде пікірлесіңіздер.

1. Сіз өзіңіздің өлкеңізге қандай сәулет өнерін тұрғызғыңыз келеді?

2. Ұлттық нақышты қалай берер едіңіз?

3. Бүгінгі таңдағы сәулет-құрылыс жұмыстарына көңіліңіз тола ма?

4. Болашақ білім ордаларының, мәдениет орындарының қандай болғанын

қалайсыз?

Әдістемелік ұсыныс: Б.Шолақ атындағы Спорт кешенінің құрамын атап шығу, жалпы қазақ спорт өнерінің даму қарқыны туралы мәлімет беру.

Әдебиет: Қос.: 20

Бақылау сұрақтары:

  1. Б.Шолақ атындағы Спорт кешені іргесін қашан көтерді?

  2. Жаңа салынған құрылыс кешендері жайлы қандай мәліметтер білесіз?

15-апта. 43-тәжірибелік сабақ

328-тапсырма. «Астана-Бәйтерек» монументі туралы мәліметтерді оқып, есте сақтаңыздар. Монументтің салыну тарихы, ерекшелігі туралы мазмұндап, мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

А с т а н а – Б ә й т е р е к

Астанадағы ірі архитектуралық көркем композицияларының бірі – «Астана-Бәйтерек» монумент ескерткіші. «Астана-Бәйтерек» монументі бұл дүниеде жоқ аналогтардың әмбебап ғимараты, оны салу идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтікі.

«Астана-Бәйтерек» монументінің маңызы – ол қазақ халқының өмірінің жаңа кезеңінің символы сияқты, оны «Аялы Алақан» – Қазақстан Республикасының алғашқы Президентінің оң алақанының бедерлемесі шығармашылық композициясынан көруге болады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылыққа деген ниеті көрінеді. Оған қол тигізгенде спираль түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылса, Қазақстанның әнұраны ойнай жөнеледі. Ал 97 метр биіктікте орналасуы 1997 жылды көрсететін Астананың мемлекеттің жаңа астана болғанын және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа кезең нүктесі. Соның ішінде «Бата» композициясы да бар – 2003 жылы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада жиналған он жеті әлемдік діни конференциялардың жетекшілері Қазақстан халқына және жеріне берген ақбатасы.

«Астана-Бәйтерек» монументі – металдан, шыныдан және бетоннан жасалған әдемі архитектуралық ғимарат, оның масштабы таңқаларлықтай: 105 метр биіктіктегі металл конструкция, салмағы 1000 тоннадан артық және 500 діңгек қадамен ұсталынады. Алғаш рет дүниежүзінде күннің көзінің түсінен түсін өзгертіп тұратын «хамелион» әйнегінен 22 метр диаметрімен және 300 тонна салмағымен шар 97 метр биіктікке көтерілді. «Астана-Бәйтерек» монументі бейнелейтін негізгі идея – бұл Әлем Ағашы.

Ағаштың негізгі функциясы: негізгі үш ел мекемесінің деңгейін біріктіру – төменгі (жер асты), ортаңғы (жердегі) және үстіңгі (аспандағы). Монумент архитектурасына төменгі деңгейі 4,5 метр, онда кафе, аквариум сонымен қатар белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың еңбектерімен «Бәйтерек» минигалереясы бар. «Бәйтерек» ағашының бағанымен панорамалық лифтімен көтерілгенде келушілер аспандағы қабаты – шардың ішіне түседі. Оның ішінде бар және астанамыздың жаңа кескінін қызықтайтын панорамалық зал бар.

Келушілер панорамалық лифтімен әйнек шарда орналасқан көретін жарық, кең залдарға көтеріліп «құс ұшатын» биіктіктен егеменді Қазақстанның жаңа астанасында болған және болып жатқан масштапты өзгерістерді көре алады. Келушілердің жайы үшін жаңа қаланың мәдени-әкімшілік орталығының макеті бар. Экскурсоводтар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде астанамыздың алыс және жақын шетелдік, сонымен қатар Қазақстанның астанаға келген қонақтары үшін шолу экскурссияларын өткізеді және оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.

«Астана-Бәйтерек» монументі жалпы тек архитектуралық ескерткіш емес, біздің мемлекеттің өткенінің, қазіргі күнінің және болашағының айқын көрінісі. «Бәйтерек» жас, күшті өсетін ағашты білдіреді, ол өзінің тарихи тамырын сақтап қалған, мықты тірегі бар және болашақтағы дамуына бағытталғандықтың символикасы.

«Астана-Бәйтерек» сәулет-құрылыс кешені халықаралық сәулет триенналының күміс медаліне ие болды. Бұдан басқа ТМД Сәулетшілер одағы халықаралық ассоциациясының қатысушы елдерінен шыққан сәулетшілердің 2002 жылғы үздік шығармаларының халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медальді жеңіп алды.

Сөздік:

әмбебап – универсальный ескерткіш – памятник

әкімшілік – административный шыны, әйнек – стекло

үздік шығарма – выдающееся произведение

сәулет-құрылыс кешені – строительно-архитектурный комплекс

329-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. «Астана-Бәйтерек» монументі кімнің идеясы бойынша салынды? 2. Монументтің биіктігі неше метр? 3. Қандай материалдардан жасалған? 4. «Астана-Бәйтерек» монументі қандай бөліктерден тұрады? 5. Аялы алақанды тамашалау қандай әсерге бөлейді? 5. «Бәйтерек» минигалереясынан қай суретшінің еңбектерін көруге болады? 6. Бәйтерек деген атау қандай мағына береді? 7. Халықаралық байқауда қандай марапаттарға ие болды.

330-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Астана, монумент, сәулет-құрылыс кешені, әмбебап, сәулетші, тарихи ескерткіш, дүниежүзілік, құрылыс материалдары, ғимарат.

331-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнына сәйкес тақырып қойып, курсивпен берілген сөз тіркестеріне түсініктеме беріңіздер.

«Алтын Ғасыр» кешені көпсалалы соңғы үлгідегі кешен. Көктөбенің таулы бөктерінде орналасқан көпсалалы кешенде бизнес орталық, қонақ үй, сауда және фитнес орталығынан құрылған. «Алтын ғасыр» достық даңғылына жақын орналасқан. Ол қазіргі уақытта өзіндік өмірі бар тыныш, оқшау жерде жайғасқан.

Кешенде әкімшілік ғимараттары, бизнес орталық және халықаралық қонақ үй орналасқан. Бес жүз алпыс көлікті қамтитын кең екі қабатты жер астындағы паркинг тұрғындардың ыңғайына сай салынған. Тұрғын үйдің алдында сол үйге келетін қонақтар үшін арнайы көлік орындары бар. «Алтын ғасыр» кешенінде өзіндік дамыған ифраструктура қалыптасқан. Осының негізінде кешеннің әр адамы өзін жайлы және еркін сезінеді. Инженерлік қондырғылар соңғы үлгіге сай жайлы, тез жүреді. Кешенде телекоммуникация, бейне бақылау, күзет және өрт дабылы бар. Орталық жылу жүйесі және салқындату жүйесі адамдардың жыл бойына жақсы демалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Алтын ғасыр» кешені – Алматы қаласының қазіргі, ертеңгі құрылысына үлгі болатын және қаланың қоғамдық – экономикалық өсуіне ықпал ететін әмбебап құрылыс кешендерінің бірі.

Әдістемелік ұсыныс: Астана-Бәйтерек құрылысы туралы пікір алмасу.

Әдебиет: Қос.: 21 [44-47]

Бақылау сұрақтары:

1. «Астана-Бәйтерек» монументі қандай бөліктерден тұрады?

2. Бәйтерек деген атау қандай мағына береді?

15-апта. 44-тәжірибелік сабақ

332-тапсырма. Мәтінді оқып, пирамида құрылысы туралы мәліметпен танысып, мазмұндаңыздар.

П и р а м и д а

Осыдан бес мың жылдай бұрын б.д.д. 2700 жылдарда перғауын Хеопс бұйрығымен алғашқы пирамида құрылысы басталып және кейінірек салынған бірнеше үлкенді-кішілі пирамидалардан соң мыңжылдықтар бойына үзіліп қалған осынау ғажайып құрылыс ХХІ ғасырда өзгеше қырмен Сарыарқаның жүрегіндегі сәулетші қауымның небір арман-қиялдардың жүзеге асатын қаласы – Астана төрінде жарқ етті.

Пирамида авторы – сәулетші лорд Норман Фостер Британ музейін, Берлин Рейхстагіндегі жаңа парламентті, Гонконгтың «Чек Лап Кок» аэропортын, Франкфурттегі банк ғимараттарын, Малайзиядағы университет қалашығын және т.б. құрылыстарды жобалап, 400 арнайы жүлделер мен алғыстар алып, 65 халықаралық және ұлттық байқаулардың жеңімпазы атанған. Сәулетші аталған жобаны жасауда «Табаноглы Мимарлық» атты архитектуралық компаниясымен тізе қоса еңбек етіпті. Ол дүниежүзілік аренада танылып көптеген халықаралық және ұлттық конкурстардың жүлделерін қанжығасына байлаған көрінекті компания екен.

Пирамида құрылысына дүниежүзіндегі ең жақсы, ең сапалы, мықты әрі әсем деген құрылыс материалдары жұмсалды. Қабырғасы да, әйнектері де, лифтілері де, колонналары да иіліп, қиғаштай орналасқан мұндай ірі нысанды салу машығының бүгінгі заманғы құрылысшылардың ешқайсысында жоқ екендігі белгілі.

Көлбеу бойымен пирамида биігіне шығарар лифтімен жоғарыға көтерілгеніңізде, алдыңыздан пейіш бағындай жасыл желекке жолығады екенсіз. Мұндағы нәзік гүлдер мен пальма тектес, табақтай жапырақтары бар биік гүлдер мен алуан түрлі өсімдіктері иранбақ ертегісін көргендей әсер қалдырады. Осы әсемдік арасымен тікке көтерілсе, Пирамиданың ұшар басында 230 тонна болаттан жасалған үлкен зал орналасқан. Ал 14 метрлік жасыл бақ ішін жарып өтіп, төменге баспалдақпен түсер болсаңыз, Елбасының қонақтармен әңгімелесетін бөлмелері мен мейрамхана, одан төменгі қабатта дін өкілдерінің құдайға құлшылық ететін 32 бөлме орын тепкен. Жалпы пирамиданың жер астындағы көрінбейтін қабатының биіктігі 13 метр болса, жер бетінен үшкіл биігіне дейінгі аралық 62 метр, сонда барлығы 75 метрді құрайды. Пирамидаға кіргендегі холл мен опера залы алдыңғы 13 метрде орналасқан. 8 қабат сарайдағы барлық бөлмелердің жалпы көлемі 29 мың шаршы метр. Құрылысқа 5500 тонна болат қолданылған және осының бәрі өртке қарсы сырланыпты.

Адамзаттық ізгі мұраттарды өрістете түс – Пирамида.

Сөздік:

ғажайып – чудесный жоба – проект

байқау – конкурс болат – сталь

баспалдақ – лестница нысан – объект

сапалы – качественный дін – религия

332-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Пирамида Қазақстанның қай қаласында салынды? 2. Пирамиданың авторы кім? 3. Автор қандай компаниямен бірлесіп жұмыс істеді? 4. Норман Фостер кім? 5. Пирамиданың ең жоғарғы қабатында не орналасқан? 6. Құрылысқа көбіне нені пайдаланды? 7. Неге қарсы сырланды?

333-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. ХХІ ғасырда Астана төрінде .....................................................................

2. Сәулетші лорд Норман Фостер .................................................................

3. «Табаноглы Мимарлық» деген архитектуралық компания ...................

4. Пирамида құрылысына .............................................................................

5. Баспалдақпен жоғары көтерілгенде ..........................................................

6. Бұл ғажайып құрылысқа.............................................................................

7. Төменгі қабатта ..........................................................................................

Түсіндірме сөздік:

Лифт көп қабатты үйлерде, шахталарда адамдарды, затты көтеретін, түсіретін машина.

Эскалатор жылжымалы баспалдақ.

334-тапсырма. Берілген сөз және сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Бас қала, пирамида, ұлттық байқау, болат, сәулетші, құрылыс материалдары, елбасы, баспалдақ, құрылыс, жоба, бүгінгі заманғы.

335-тапсырма. Төмендегі сөздерге ілік септігінің (-ның, -нің; -дың, -дің; -тың, -тің) жалғауларын жалғаңыздар.

1. автор 4. баспалдақ 7. биіктігі

2. құрылыс 5. пирамида 8. жер

3. жоба 6. Ескерткіш

336-тапсырма. Сұрақтардың дұрыс жауаптарын табыңыздар.

1. Астана төрінде орналасқан қандай

құрылыс?

1. Дүниежүзіндегі ең жақсы, ең

сапалы, мықты әрі әсем.

2. Жобаны қандай компаниямен

бірлесіп атқарды?

2. Барлығы 75 метрді құрайды.

3. Құрылысқа қандай материалдар

жұмсалды?

3. Дін өкілдеріне арналған 32

бөлме.

4. Пирамиданың биіктігі қанша?

4. 5500 тонна болат.

5. Үлкен зал неше тонна болаттан

жасалған?

5. «Табаноглы Мимарлық» атты

Архитектуралық

компаниясымен.

6. Төменгі қабатта нелер орналасқан?

6. Ғажайып құрылыс – пирамида.

7. Құрылысқа неше тонна болат

қолданылды?

7. 230 тонна болаттан жасалған.

337-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша әңгімелесіңіздер.

1. Қазақстанның сәулетшілерінен кімдерді білесіздер?

3. Қазақстандағы сәулет-құрылысы саласы қалай дамыған?

4. Әлемге танымал сәулетшілер жайлы білетіндеріңізді ортаға салып, ой

бөлісіңіздер.

5. Пирамида жайында қандай аңыздар білесіздер?

338-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын меңгеріп, жаттап алыңыздар.

  • Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

  • Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.

  • Ел іші алтын бесік.

  • Өз үйім өлең төсегім

  • Әркімнің өз жері – Мысыр шаһар.

339-тапсырма. Кестедегі сөздерді орыс тіліндегі аудармаларымен сәйкестендіріңіздер.

1. сәулетші

2. жоба

3. құрылыс

4. байқау

5. қабат

6. болат

7. сапалы

8. өсімдік

1. проект

2. конкурс

3. качественный

4. растение

5. сталь

6. этаж

7. строительство

8. архитектор

340-тапсырма. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазбаша жазыңыздар.

341-тапсырма. «Ғажайып пирамида» тақырыбы бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Пирамида мәселесіне жеке тоқталу. Қазақстанда салынған пирамида құрылысымен танысу.

Әдебиет: Қос.: 21 [49-51]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстандағы пирамиданың құрылысы туралы айтып беріңіздер.

  2. Норман Фостер қандай туындылардың авторы?

15-апта. 45-тәжірибелік сабақ.

Аралық бақылау жұмысы.

Қорытынды бақылау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]