Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Төтенше жағдай кезіндегідей жаттығу ойындарын өткізді

Қазақтан республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып, Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқаулары мен шешімдеріне сәйкес. Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 2-сәуір күні Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың оқу-жаттығу полигонында төтенше жағдайдағы қауіпсіздік шараларына дайындық ретінде жаттығу ойындары болып өтті.

Жаттығу ойынына қалалық төтенше жағдайлардан құтқару қызметкерлері, өрт қауіпсіздігінің қызметкерлері, қалалық қызыл крест қызметі, ішкі істер бөлімінің полициялары мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері де келіп қатысты. Жаттығу барысында барлық құтқару мамандары мен қызметкерлері өздерінің шеберліктерімен дайындықтарын көрсетті.

Төтенше жағдай кезіндегі жаттығу ойындары сәтті өтті. Университет ректоры Ж.М.Әділов бұл ұйымдастырылған іс-шараның университет студенттері үшін маңызды екенін атап айтты және жаттығу ойындарының өту қорытындысына баға беріп, қызметкерлерге марапаттау грамоталарын табыс етті.

Алматы қалалық «Өрт сөндіруші» АҚ-ның

ҚазҰТУ қарауындағы өрт қауіпсіздігін

сақтау маманы Нурадин Асанов

242-тапсырма. Мәтінді пайдаланып сұхбат құрастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін біліп, есте сақтау.

Әдебиет: Қос.: 25 [16-19]

Бақылау сұрақтары:

1.Азаматтық қорғаныс күштері қандай бөлімшелерден тұрады?

2. Құтқару жұмыстарын атқаратын қандай бөлімшелер бар?

3. Азаматтық қорғаныстың атқаратын негізгі міндеттерін атаңыздар?

12-апта. 34-тәжірибелік сабақ

243-тапсырма. Мәтінді негізгі бөліктерге бөліп, оларға тақырыптар қойып, әр бөлікті жеке-жеке толықтырып, мазмұндаңыздар.

Ү л к е н п а р а с а т и е л е р і

* * * * *

Қ о ж а А х м е т Я с c а у и

Қазақстандағы, ғажайып сәулет ескерткіштерінің бірі – XII ғасырда өмір сүрген ақын, философ Қожа Ахмет Яссауиге салынған Түркістан қаласындағы кесене. Ахмет Ясауи – өз кезіндегі сауатты, білімді адамдардың бірі болған. Оның білімділігі, ақындығы, дін жолына шын берілгендігі тағы басқа, көптеген қасиеттермен көпшілік құрметіне бөленген Әзірет Сұлтан, «Әулие» атанған.

«Әулиеге» деген халық құрметі қаһарлы Ақсақ Темірдің де, назарын аударады. 1397 жылы Темір құлауға жақын тұрған күмбезді бұзып, орнына жаңа кесене салуға бұйрық береді.

Ескерткішке кіретіндер: мешіт, Ахмет Яссауи кесенесі, салтанатты сарайлар, Үлкен және Кіші Ақсарай, кітапхана, шаруашылық жайлары (құдық), ас үй, қоймалар, ортадағы қазандық.

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ескерткіші – қазақ халқының сәулет мұраларының ішіндегі жоғары орын алатын тамаша туындысы. Алыстан көрінетін көк күмбезді ғимарат XIV-XV ғасырларда салынған. Кесене сырты көк таспен қапталған. Дәл ортада Ахмет Яссауидің құлпытасы орныталған. Ол ақшыл, жасыл түсті асыл таспен қапталған.

Ескерткіштің ені 46,5, ұзындығы 62,5, ал биіктігі 40 метрге жуық. Ол 35 бөлмеден тұрады. Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар. Оның төбесі күмбезделіп көмкерілген. Осы бөлмеде 60 шелек су құятын үлкен қазан орнатылған. Оған аптаның жұма, дүйсенбі күндері 2,5 батпан бидай, 2 батпан (12 пуд) ет пісірілетін болған. Қазан суын немесе осындағы құдық суын қасиетті деп санайды.

Ескерткіштің қабырғалары құйма кірпіштен, күмбездері арша ағашынан жасалған. Мешіт іші өте сәнді әшекейленген. Әсіресе, алып қазан, күміспен қапталған шырағдандар, есіктердің әсем тұтқалары көз тартады.

Ескерткіштің барлық сыртқы қабырғаларының жел, күн, жауын-шашынға төзімді, құйма кірпіштен қапталуы ескерткіштің ғасырлар бойы жақсы сақталуын қамтамасыз еткен.

ЮНЕСКО-ның қызыл кітабына енгізілген бұл кесене – әлем жұртшылығы келіп тамашалайтын ғажайып мұражай, мұсылман қауымы сиынатын қасиетті орын.

Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен шығармасы «Диуани Хикмет» (Даналық жайындағы кітап) – жалпы түркілік әдеби мұра. Одан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына деген, экономикасы, этнаграфиясына қатысты фактілер табуға болады. Сонымен қатар Яссауи сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни-мистикалық идеяларды насихаттаумен де айналысқан.

Сөздік:

ескерткіш – памятник күмбез – купол

мұражай – музей қабырға – стена

кесене – мавзолей күміс – серебро

тұтқа – рукоятка, ручка қазандық – очаг

қасиетті – священный,святой қазан – котел

сырты – наружная часть ені – ширина

құлпытас – надгробный камень, памятник кірпіш – кирпич тамаша – прекрасный,великолепный қойма – склад қауым – община, народ, общество құдық – колодец

құйма – литье, сплпв, отливка ұзындығы – длина

244-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ахмет Яссауи кім? 2. Ахмет Яссауи кесенесін қай қалада, кім тұрғызған. 3. Кесене қандай құрылымдардан тұрады? 4. Бұл ескерткіш қай ғасырда салынған? 5. Ескерткіштің ені, ұзындығы, биіктігі қандай? 6. Жұма күндері не істеледі? 7. Ескерткіштің қабырғалары, күмбездері неден жасалған және қалай салынған? 8. Ахмет Яссауидің жазған шығармасы туралы айтып беріңіздер?

245-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерінің синонимдік қатарларын жазыңыздар.

  1. тамаша туынды --------------------------------------------------------

  2. ежелгі мәдениетіне --------------------------------------------------------

  3. қасиетті орын --------------------------------------------------------

  4. халық құрметі --------------------------------------------------------

  5. сауатты адам --------------------------------------------------------

  6. кең тараған --------------------------------------------------------

  7. сәнді әшекейленген --------------------------------------------------------

  8. мұсылман қауымы --------------------------------------------------------

  9. алып қазан --------------------------------------------------------

  10. әлем жұртшылығы --------------------------------------------------------

246-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Түсіндірме сөздік:

Қазандық қазан орнатуға арналып жасалған ошақ.

Күмбез мешіт, сарай, тағы басқа да құрылыстардың сәнді өрнектермен

әшекейленген шаңырақ тәрізді төбесі.

247-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша, дұрыс жауаптарын (А, В, С, Д) белгілеңіздер.

1. Ол білімділігі, ақындығы, тағы басқа көптеген қасиеттерімен көпшілік құрметіне бөленген Әзірет Сұлтан ... атанған.

А) би С) әулие

В) батыр Д) әкім

2. Осы бөлмеде 60 шелек су құятын үлкен ... орнатылған.

А) самаурын С) құман

В) қазан Д) тостаған

3. Оған аптаның жұма, дүйсенбі күндері ... ... ... 2 батпан ет пісірілетін болған.

А) 2,5 батпан арпа С) 1,5 батпан күріш

В) 2,5 батпан бидай Д) 1,5 батпан сұлы

4. Қазан суын немесе осындағы құдық суын ... деп санайды.

А) шипалы С) тәтті

В) қасиетті Д) емдік

248-тапсырма. Төменде берілген сөздердің антонимдерін жазыңыздар.

1. үлкен – 4. жаңа –

2. салу – 5. сыртқы –

3. жоғары – 6. барлық –

249-тапсырма. «Ахмет Яссауи ескерткіші» деген тақырыпта мазмұндама жазыңыздар.

250-тапсырма. Өзін-өзі тексеру бойынша, тест тапсырмаларын орындаңыздар.

5) Ахмет Яссауи ескерткішін 7) «Диуани Хикмет» шығармасының

салуға бұйрық берген кім? аудармасы қандай?

А) Тәуке А) шеберлік жайындағы кітап

В) Темір В) даналық жайындағы кітап

С) Абылай С) халық жайындағы кітап

Д) Абай Д) экономика жайындағы кітап

1) Ахмет Яссауи кесенесі қай 2) Ахмет Яссауи қай ғасырда

қалада орналасқан? өмір сүрген?

А) Отырар А) XV ғ.

В) Ақмола В) XVI ғ.

С) Туркістан С) XII ғ.

Д) Тараз Д) XIII ғ.

251-тапсырма. «Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштері» тақырыбына шағын мәтін құрастырып, әңгімелеп беріңіздер.

Әдістемелік ұсыныс: Ахмет Яссауи ескерткішінің салыну тарихы мен құрылыс ерекшелігі жайлы мәлімет алу.

Әдебиет: Қос.: 19, 20

Бақылау сұрақтары:

1. Ахмет Яссауи кесенесін қай қалада, кім тұрғызған.

2. Кесене қандай құрылымдардан тұрады?

12-апта. 35-тәжірибелік сабақ

252-тапсырма. Мәтінді оқып, меңгеріп алыңыздар. Қорқыт ата туралы естіген мәліметтеріңізбен ой бөлісіп, мәтінді мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]