Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік

Төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи, өрт, індеттер мен малдың аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар – өнеркәсіп, көлік және т.б. авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

– өрт қауіпсіздігі адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншікті ұлттық байлық пен қоршаған ортаны өрттен қорғау;

– ұйымдар мен азаматтардың қызметіндегі қатер деңгейін алдын-ала анықтау, өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыру шараларына оқытып үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;

– өрт сөндіру, медециналық қызмет көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау.

Кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және басқа да объектілер үшін өрт қауіпсіздігі шараларын әзірлеу, жобалау барысында, өрт кезінде адамдардың басқа жерге қауіпсіз көшірілуі міндетті түрде қамтамасыз етілуі тиіс.

Радиациялық қауіпсіздік – белгіленген нормаларға сәйкес қызметшілерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін радиациялық жағдайдың жай-күйі.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

– қоршаған орта объектілерінің радиоактивтік ластануының алдын алу және иондаушы сәулелендірудің табиғи көздерін бақылау;

– иондаушы сәулелендіру әсерінен халықтың денсаулығын қорғау;

– үйлер мен ғимараттар құрылысы кезінде топырақтан радонның бөліну деңгейін ескере отырып, жер учаскелерін таңдау; жобалау және салу.

Электр барлық халық шаруашылығында, тұрмыста, өндірісте қолданылады. Сондықтан электр қауіпсіздігі мәселесіне үлкен мән беру керек. Электр қауіпсіздігі – зиянды және электр тоғының қауіпті әсерінен, электр доғасынан, электр магнитті алаңнан және тұрақты электр тоғынан қорғауды қамтамасыз ету құралы.

Сөздік:

қоршаған орта – окружающая среда тіршілік – жизнь, существование

төтенше жағдай – чрезвычайная ситуация қауіпсіздік – безопасность

қауіп-қатер – угроза, опасность, бедствия ластану – загрязнение

зілзала (жер сілкінісі) – землетряяясссение

сақтандыру – предостерегать, предохранять, сраховать

232-тапсырма. Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

233-тапсырма. Мәтіннің мазмұнының негізінде сөйлемдерді аяқтап, толықтырып айтып беріңіздер.

Төтенше жағдай ------------------------------------------------------------------------

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай ------------------------------------------------

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай ------------------------------------------

Өрт қауіпсіздігі -------------------------------------------------------------------------

Радиациялық қауіпсіздік -------------------------------------------------------------

Электр қауіпсіздігі --------------------------------------------------------------------

234-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, біліп алыңыздар.

Авария – технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

Зілзала – төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Апат – аймақтың және ірі ауқымды төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс.

Төтенше жағдайлардың алдын алу алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкіндігінше азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.

235-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Төтенше жағдай дегеніміз не? 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз не? 3. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай мәселелер жатады? 4. Өрт қауіпсіздігі деген не? 5. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптерін атаңыздар? 6. Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі принциптерін атаңыздар? 7. Электр қауіпсіздігі дегеніміз не? 8. Құрылыстық және санитарлық-техникалық ЭҚ бөлігі қалай орындалуы керек?

Әдістемелік ұсыныс: Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік іс-шараларымен танысып, меңгеру.

Әдебиет: Қос.: 25 [9-19] Қос.: 24

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай дегеніміз не?

2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай мәселелер жатады?

3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптерін атаңыздар?

11-апта. 33-тәжірибелік сабақ

236-тапсырма. Мәтіндегі мәліметтермен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп алыңыздар. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері туралы айтып беріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]