Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Азаматтық қорғаныс күштерінің құрамы

Азаматтық қорғаныс – басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу обьектілерін осы заманғы зақымдау құралдарының факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

Азаматтық қорғаныс күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінен, аумақтық, объектілік құрамалар мен азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамаларынан, республикалық, облыстық, қалалық және аудандық жедел құтқару отрядтарынан, өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелерінен тұрады.

Азаматтық қорғаныс күштері бейбіт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің бөлімдері мен бөлімшелері, ведомстволық мамандандырылған авариялық құтқару, авариялық қалпына келтіру, әскерилендірілген және басқа да құрамалар бөлінуі мүмкін. Бөлінген күштер оқып жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және іздестіру-құтқару жұмыстарын дербес жүргізуге сақадай сай болуға тиіс. Азаматтық қорғаныс күштерін пайдалану тиісті деңгейлердегі Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

– басқару, құлақтандыру, байланыс жүйелерін ұйымдастыру, дамыту және оларды ұдайы әзірлікте ұстау;

– азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде дайын тұру;

– орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметшілерін даярлау және халықты оқыту;

– радиациялық, химиялық, бактериологиялық жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау;

– іздеу-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілігін және оларды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастыру;

– азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізаттарын, мал және өсімдіктерді радиоактивтік, бактериологиялық уланудан, мал індеттерінен қорғану.

Сөздік:

азаматтық қорғаныс – гражданская оборона атқарушы – исполнитель

шұғыл жұмыстар – оперативные работы аймақ – территория, регион

әскерлендіру – военизация, военизировать әскери – военный, воинский

қадағалау – следить, проверять, наблюдение жергілікті – местный

індет – мор, эпидемия; выслеживать зверя улану – отравиться

құлақтандыру – объявить, оповестить қауіпті – опасный

237-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не? 2. Азаматтық қорғаныс күштері қандай бөлімшелерден тұрады? 3. Құтқару жұмыстарын атқаратын қандай бөлімшелер бар? 4. Оларға қандай талап қойылады? 5. Азаматтық қорғаныстың атқаратын негізгі міндеттерін атаңыздар?

238-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Әскери бөлім, халық шаруашылығы, төтенше жағдай, басқару органдары, байланыс жүйелері, дайындық жұмыстары, өртке қарсы, мемлекеттік жүйе, қауіпті аймақ, авариялық құтқару.

239-тапсырма. Мәтіннен ілік септігінде тұрған сөздердің тіркестерін теріп жазыңыздар.

Ү л г і : Ұйымдардың қызметшілері. Азаматтық қорғаныстың.

240-тапсырма. Мәтіннен 5-6 терминдерді теріп жазып, түсініктеме беріңіздер.

241-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, не туралы ақпарат берілгенін мазмұндап айтып беріңіздер.

  • ҚазҰТУ-да күнде бір жаңалық!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]