Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Жақсылардың үлгісі жанып тұрған шамдай

* * * * *

Құрылысшы т.Қ. Бәсенов

Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы – кеңес одағының архитекторы, бұрынғы ҚазКСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы, Кеңес одағы Архитектура академиясының корреспондент мүшесі, Коммунистік партияның мүшесі болған. Ол 1909 жылы 12 қыркүйекте қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген.

Т.Қ. Бәсенов 1934 жылы Ленинград азаматтық инженерлер институтының архитектура факультетін бітірген.

1934-37 жылдар аралығында ол Жамбылда, Алматыда, Қырғызстанда қызмет етті.

1937-41 жылдар аралығында ол Алматы қаласының бас архитекторы болды.

Соғыстан кейінгі жылдары ол ҚазКСР Министрлік кеңесі жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы болды.

1958-72 жылдар аралығында ол ҚазКСР Министрлік кеңесінің құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары болды.

Т.Қ. Бәсенов – ҚазКСР Архитекторлар одағының алғашқы ұйымдастырушысы. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ол аудандық жоспарлау, қала салу істеріне басшылық жасады. Оның архитектура саласындағы басты еңбектері: Алматы қаласының бас жоспары (өзгелермен бірігіп), ҚазССР ішкі істер министрлігінің клубы, тұрғын үйлер мен Азаматтық әуе флоты басқармасының үйі, Аманкелді ескерткішінің архитектуралық жоспары, Кеңес одағы бойынша халық шарушылығы жетістігі көрмесіндегі Қазақстанның павильоны (өзгелермен бірігіп), Алматының Достық даңғылын қайта құру мен орталығын сәулеттендіруге арналған жоспарлар (өзгелермен бірігіп). Сонымен қатар, ол Қазақстан архитектурасын зерттеу саласында ғылыми еңбектер жазды.

Атап айтсақ:

1. Сам ауданындағы архитектуралық ескерткіштер. –Алма-Ата., 1947 ж;

2. Сәулет өнеріндегі Қазақстанның ою-өрнегі. –Алма-Ата., 1957 ж;

3. Қазақстанның сәулет өнері.-Алма-Ата., 1959 ж (авторлық бірлестікте).

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дағы Сәулет және құрылыс институтына Т.Қ. Бәсеновтың есімі берілді. Оның атына Алматыда көше берілген. Т.Қ. Бәсенов 1976 жылы төртінші мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.

Сөздік:

кеңес одағы – советский союз

төрағаның орынбасары – заместитель председателя

алғашқы ұйымдастырушысы – первый организатор

басшылық жасады – возглавлял

басты еңбектері – основные труды

зерттеу саласында – в отрасли исследования

271-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

272-тапсырма. Мәтіннен бірыңғай мүшелерді табыңыздар.

ХІХ ғасырдың басынан бастап-ақ халықтың қолөнері туралы байыпты зерттеулер мен кітаптар шығарылды. Мысалы, австриялық ғалым В.Куррердің бояу және бояушылық өнері жайында, Ф.Т.Куглердің, кеңестік ғалымдар С.В.Ивановтың, В.В.Стасовтың, А.Н.Бернштамның және қазақ ғалымдары Ә.Марғұланның, Т.Бәсеновтың, Э.Масановтың, М.Мұқановтың және тағы басқаларының зерттеу материалдарын айтса да жеткілікті. Бұлар өздерінің еңбектерінде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректерді келтіреді. Мысалы, Т. Бәсенов – ою-өрнек элементтерінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады. Мысалы, «арқар мүйіз», «қырық мүйіз», «сыңар мүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқар мүйіз», «жапырақ», «гүл» т.б.

273-тапсырма. Мәтіннен өздік есімдіктерін табыңыздар.

Шеберлер халықтық ою-өрнектерден өздері көріп, көңілдеріне ұнағандарын не қағазға, не жарғақ теріге, не матаға түсіріп, ойып алатын. Оюдың осындай қиындысын «үлгі» дейді. Үлгі қиюмен көп айналысқан шеберлер қолындағы ою үлгілеріне өз бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырды. Қай кезде болса да ер өнері еліне ортақ. Қарапайым әдістің өзімен неше түрлі сурет жасап, ұнасым мен әдемілік жағынан көздің жауын алғандай ою-өрнектің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп. Солардың бірі Рахым Сәрсембиннің оюлары бірнеше рет одақтық көрмелерде жүлде алған. Р.Сәрсембиннің салған өрнектердің бір тамашасы олардың көпшілігі архитектуралық құрылыстарды ажарлауға, қыш пен ағаш, мүйіз, сүйек заттарын әшекейлеуге арналған. Оның қыл қаламынан туған үй сыртының ішкі кәрнездері мен діңгектердің әдемі өрнектерін қазір Алматы көшелеріндегі үйлердің көбінен кездестіреміз.

274-тапсырма. Төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгімелесіңіздер.

а) Қазақстанның сәулетшілерінен кімдерді білесіңдер?

ә) Сәулет өнері жайлы не айта аласыз?

б) Қазақстанның сәулет-құрылысының саласы қалай дамыған?

275-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді оқып, есімшелерді табыңыздар.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы – құрылыс аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау үшін белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған комиссия.

Жұмыс қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объект бойынша орындалған жұмыстарды қабылдап, мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін белгіленген тәртіп бойынша тағайындалған комиссия.

Сапа бағасы – объектінің қойылған талаптарға қаншама сай орындалуын қадағалайтын жүйелі тексеріс.

Мемлекеттік стандарт (МСТ) – стандарттау, метрология және куәландыру жөніндегі Мемлекетаралық кеңеспен не құрылыста стандарттау, техникалық мөлшерлеу және куаландыру жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми техникалық комиссиясымен (МНТКС) қабылданған стандарт.

276-тапсырма. Ғибрат сөздерді мұқият оқып, онда не айтылғанын мұқият түсіндіріңіздер.

Болмасаң да ұқсап бақ, Сізге ғылым кім берер,

Бір ғалымды көрсеңіз… Жанбай жатып сөнсеңіз.

(Абай Құнанбаев)

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек. (әл-Фараби)

Дүниетану, білімге талпыну әрбір адамның есейген дәуірінен аңсап қараған түбегейлі ісінің бірі болып келеді. Егер бұл талпыну болмаса, тек ақшаға қарын тойдырып, ұйқымен уақыт өткізсе, ешбір ілгері басу-прогресс те болмас еді. (Әлкей Марғұлан)

Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет істеген әрбір адамға лайық, халқымыздың мәпелеп, бетке ұстары – ғылым адамдары.

(Евней Букетов)

277-тапсырма. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.

Ғалымды мен тұңғыш рет Қазақ кен-металлургия институтында оқып жүрген кезімде көргем-ді. Қ.И.Сәтбаев еліміздің мыс қоймасы – Жезқазғанды және Ұлытау өңірінде бірқатар маңызды кен ошақтарын ашып, геологиялық барлау жұмыстарының білгір ұйымдастырушысы және қажымас геолог-ізденуші ретінде өзін көрсете білді. Қаныш біреулердің ізденгіштігін, ғылыми жұмысқа деген талабын және ұйымдастыру қабілетін байқаса, оларға үнемі қол ұшын беріп отырған. Бұл – Қ.И.Сәтбаевтың ғылымдағы ұйымдастырушылық талантының бір көрінісі, яғни кадрларды өсіру жолындағы көрегендігі.

Ғылым саласында жаңа қанаттанып келе жатқан, талаптанып жүрген азамат болса, оқып жүрген зейінді ұл-қыз болса, олардың әрбіреуінің академик Қ.И.Сәтбаевтан ақыл алмағаны, қолдау көрмегені, көмегіне сүйенбегені жоқ деуге болады. (М.Сәрсекеев)

278-тапсырма. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың, Т.Қ.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының тарихы жайлы әңгімелесіңіздер.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақстанның сәулет өнеріне үлес қосқан сәулетшілер мен құрылысшылардың еңбектерімен танысу.

Әдебиет: Қос.: 20; Қос.: 21

Бақылау сұрақтары:

1. Төлеу Бәсеновті кім деп танимыз?

2. Қазақстанның сәулетшілерінен кімдерді білесіздер?

13-апта. 38-тәжірибелік сабақ

279-тапсырма. Мәтінді оқып, архитектор М. Меңдіқұловтың өмір жолынан берілген мәліметпен танысып, өзара пікір алмасып, сабақ барысында талқылаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]