Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Марғұлан Әлкей Хақанұлы (1907-1985)

Еліміздің аса көрнекті ғалымы және Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұлан Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол Қазақстан ғылымының тарих, әдебиет, өнер, археология, этнография, география, архитектура, сияқты алуан саласында қажырлықпен еңбек етіп, өзіндік із қалдырған ғалым.

1925-1931 жылдары Ленинградтың Шығыс институты мен Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бөлімінде қатар оқиды. Ол «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихынан», «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті, «Қазақстанның киіз үйі және оның жасауы», «Шоқан және Манас» т.б. кітаптардың авторы. Әлекең 300-ден астам ғылыми-зерттеу жұмысының, 100-ден астам энциклопедиялык мақалалардың авторы. Ал Шоқан Уәлихановтың одақтағы түрлі архивтерде шашырап жатқан мол мұрасын жинақтап, оның бес томдық шығармалар жинағына басшылық жасап, қыруар күш-жігер жұмсауы – Марғұланның Қазақстандағы тарих ғылымына қосқан зор үлесін танытады.

286-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрактарға жауап беріңіздер.

1. Әлкей Марғұланды кім деп танимыз? 2. Қай жерлерде оқып білім алды? 3. Қызметі мен еңбектері жайлы не білесіздер? 4. Ә.Марғұлан Шоқан Уәлихановтың мұрасын жинақтаушы екендігі жайлы не айтасыздар?

287-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша әңгімелеңіздер.

288-тапсырма. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.

  1. Мұра. 2. Ғалым. 3. Ел. 4. Мұғалім. 5. Жинақтаушы. 6. Өлке.

289-апсырма. Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіздер.

Қажырлыкпен еңбек ету; өзіндік із қалдыру; тәлім алу; еңбек жолы; зерделеген құнды еңбектер; шашырап жатқан; күш жұмсау; талмай іздену; ғұмыр бойы; мақсатқа жету.

Әдістемелік ұсыныс: Қазақ даласындағы бекет, бекініс салу жұмыстары мен сол кезде жүргізілген саяси жағдайды сипаттау.

Әдебиет: Қос.: 20

Бақылау сұрақтары:

1. М.Меңдіқұловтың атқарған еңбектері қандай?

2. Ә.Марғұланның қызметі мен еңбектері жайлы не білесіздер?

13-апта. 39-тәжірибелік сабақ

290-тапсырма. Мәтінді өздеріңіз білетін тарихи деректермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Уәлиханов Шота Ыдырысұлы

Уәлиханов Шота Ыдырысұлы – қазақтың әйгілі сәулетшісі. Оған 1978 жылы Қазақ Кеңес социалистік республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі атағы берілген.

Ол 1932 жылдың 26 сәуірінде бұрынғы Көкшетау облысы, Айыртау (қазіргі Павлодар) ауданының Сырымбет аулында дүниеге келген.

Ш.Ы.Уәлиханов 1956 жылы Мәскеудің сәулет өнері институтын бітірген.

Ол 1956-1965 жылдар аралығында Қазақ қала құрылысын жобалау институтында және КСРО (Кеңес социалистік республикалар одағы) құрылыс және сәулет өнері академиясының Қазак филиалында сәулетші, кіші ғылыми қызметкер болып істеді.

Ал 1966-1967 жылдар аралығында ол Алматы қаласы бас сәулетшісінің орынбасары қызметін атқарды.

1967-1970 жылдар аралығында ол Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау институтының («Қазпромстройниипроект») аға ғылыми қызметкері болып істеді. Ол 1971-1978 жылдар аралығында Қазақ КСР-нің мәдени ескерткіштерін қорғау қоғамы төрағасының бірінші орынбасары болып, 1973-1975 жылдар аралығында Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарды. 1975 жылдан бері ол КСРО Сәулетшілер одағы' басқармасының хатшысы қызметінде, ал 1982 жылдан бастап Қазақ азаматтық ауыл құрылысын жобалау институтында («Граждансельпроект») бас сәулетші қызметін атқарады. Уәлиханов Шота – бірнеше қоғамдық ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштердің (басқалармен бірге) авторы. Солардың ішінде: Алматыдағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» магазині (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983) ғимараттары бар.

Сонымен қатар, 1969 жылы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің (ол үшін оған 1970 жылы Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығы берілді) және 1970 жылы бұрынғы Семей облысының Қарауыл селосындағы Абай ескерткішінің, 1975 жылдары Әліби Жангелдин мен Тоқаш Бокиннің, 1984 жылы Ғани Мұратбаевтың т.б. ескерткіштерінің авторы. Ол Қазақстан сәулет өнері мәселелеріне арналған көптеген еңбектер жазды.

Шота Уәлиханов – драматург, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Оның «Шоқан», «Ағнұр», «Тағдыр» атты пьесалары республика театрларының сахналарында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12-13 конгрестеріне қатысты.

Сөздік:

кіші ғылыми қызметкер – младший научный сотрудник

өнеркәсіп құрылысы – индустриальное строительство

мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы – охрана памятников культуры

291-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.

292-тапсырма. Мәтіннен жіктеу есімдіктерін табыңыздар.

Біздің елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – щаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді, қазақ үшін киелі үғым. Қазақ халқында «Отан от басынан басталады» деген мақал бар. – Шаңырақ, сіздің үйіңіз. Қара шаңырақ – Ұлттық алтын бесік. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны қос пырақ қанатымен көмкеріп тұр. Жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз. Ол тәуелсіз мемлекетіміздің кұшағы бес құрылыкка бірдей ашық екенін білдіреді. Елтаңбаны жасаған – Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

293-тапсырма. Синоним сөздердің мағынасын түсініп, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Көкейі – есі – жады – ойы; Мұң – қайғы;

Тұтастық – бірлік – ынтымақ; Отаншыл – ұлтжанды;

Адалдық – ақиқат – шындық; Парыз – борыш – міндет;

Қазына – байлық – молшылық; Белгі – таңба – нышан;

Қастерлеу – құрметтеу – пір тұту; Төлқұжат – төлтұмар;

Жетелі жұрт – дамыған ел – өркениетті республика;

Қазақстан – отан – ел – мемлекет – республика;

Тәжім ету – бас ию – қастерлеу – тәңір тұту.

294-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өзіңіз оқитын оқу орны туралы айтып беріңіздер.

Жоғары оқу орны, биік гимарат, кітапхана, оқу залы, дәрісхана, жатақхана, оқытушылық құрам, көркемөнерпаздар үйірмесі, инженер мамандар, техника саласы, сумен жабдықтау.

295-тапсырма. Төмендегі сөздердің түсініктемелерін меңгеріп алыңыздар.

Шаңырақ – жарық түсіру және түтін шығару үшін жасалған киіз үйдің төбесіндегі күлдіреуішті шеңбер ағаш (оның шеңбер аймағы киіз үйдің ірге шеңберінің1/3). Уық – кереге мен шаңырақтың арасын қосып тұратын бір басы түзу, екінші басы бүгілген жіңішке сырықтар.

Кереге – киіз үйдің қабырғасын құрайтын, тор көзді жиналмалы ағаш бұйым.

296-тапсырма. Ғибрат сөздердің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Адамдық өмірдің негізгі мақсаты – шындық іздеу, шындық табу.

Адамды түсіндіру, адамды түсіне білу деген нәрселер білімнің басты шарты.

Ғылым шындық жолынан тайса адам баласын апатка ұшыратады.

Өзін-өзі ұстай білу – барлық жақсылықтың басы.

Надан адамды әкімшілік басына қою – жас баланың қолына ұстара беру сияқты: ол сол ұстарамен өзін де, өзгені де қансыратады.

Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келген бақ көтеріп, таққа отыру бола береді, бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын ашатындар бар.

Менің білгенім – ешнәрсе білмейтінім.

(«Әл-Фараби және Абай» кітабынан)

297-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы негізгі ойынды ашыңыздар. Мәтінге атау беріңіздер. Ғалым не айтпақшы болды екен? Түсініктеме беріңіздер.

Сөзден құрастырып әңгіме шығару үшін жұмсайтын зат – сөздер. Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасағаны сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгімелер айтылады. Үйдің түрлі болып шығуы – балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны – тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен. Балшық жаман болса, кірпіш жақсы болмайды. Кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды. Бұл рас. Бірақ кірпіш жақсы болса да, қалауы жаман болса, онан жақсы үй шықпайды. Сол сияқты дыбыстың қосылуы жақсы болмаса, сөз құлаққа жағымды болып шықпайтыны рас. Бірақ тізуі жаман болса, дыбысы жақсы сөздерден де жақсы әңгіме шықпайды.

(А.Байтұрсынов)

Әдістемелік ұсыныс: Шота Уәлихановтың еңбек жолынан, сәулетшілік өнерінен жан-жақты материалдар дайындау, сипаттау, нақты мағлұмат беру.

Әдебиет: Қос.: 20

Бақылау сұрақтары:

1. Шота Уәлихановтың сәулетшілік қызметі?

2. Қазақстанның сәулет-құрылысының саласы қалай дамыған?

14-апта. 40-тәжірибелік сабақ

298-тапсырма. Мәтінмен танысып, «Қазақстан» қонақ үйінің құрылысын ғылыми-зерттеу әдебиеттерінің негізіндегі мәліметтермен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]