Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

* * * * *

Қ о р ш а ғ а н о р т а н ы қ о р ғ а у

Біздің елімізде қоршаған ортаны қорғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес салаларды дамытуды жоспарлауда, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Қалалар мен елдімекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда, олардың бас жоспарларында табиғаттың барлық элементтерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуы тиіс. Өйткені жете ойластырылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады. Мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режиміне, ортаның экологиялық тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соғады.

Құрылыс салынып жатқан территорияда сақталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады. Ағаштардың және көшеттердің бағалы түрлері нөмірленіп қабылданады, ал оларды өткізу акті бойынша дендрологтың қатысуымен жүргізіледі.

Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін, құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерін, құрылыс материалдарының қалдықтарын, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.

Объектіні жобада көрсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң, су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын ала техникалық қабылдаудан өткізіп, қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға болады.

Сөздік:

елді мекен – населенный пункт көгалдандыру – озеленение

қалпына келтіру – восстановить көшет – рассада, саженец

жерасты суы – подземная вода жоспарлау – планировать

қоршаған орта – окружающая среда қалдық – отход, отброс

225-тапсырма. Мәтінді негізгі бөліктерге бөліп оқып, сөйлем мүшелеріне талдау жасаңыздар.

226-тапсырма. Төменде берілген сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

Міндет, тиімді, қорғау, бағалы, даму, қоқыс.

227-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану, қалпына келтіру, бағалы көшеттер, үймереттің жерүсті бөлігі, жерасты сулары, көгалдандыру жұмыстары, ауаның ластануы.

228-тапсырма. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Табиғат, елдімекендер, орман, экология, құрылыс, су, жоспарлау, қалдықтар.

229-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Табиғатты қорғау шараларын талапқа сай жүзеге асыру қандай ұйымдарға міндеттелген? 2. Өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда қандай іс шараларды қарастырған міндетті? 3. Алдын ала ойластырылмаған жұмыстар қандай мәселелер туындатуы мүмкін? 4. Құрылыс алаңындағы бағалы көшеттер мен ағаштарды қалай сақтайды? 5. Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда қандай талаптарды орындау керек? 6. Объекті қай кезде пайдалануға беріледі?

230-тапсырма. Мәтіннің тақырыбымен байланыстырып өзара пікірталас ұйымдастырыңыздар.

Әдістемелік ұсыныс: Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі міндеттермен танысу.

Әдебиет: Нег.: 11 [46-48]; Қос.: 25 [9-15]

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда қандай іс шараларды

қарастырған міндетті?

  1. Құрылыс алаңындағы бағалы көшеттер мен ағаштарды қалай сақтайды?

11-апта. 32-тәжірибелік сабақ

231-тапсырма. Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік шараларымен танысып, мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]