Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Сұрақ-жауап

– Құрылыста қолданылатын негізгі тал жыныстары қандай топтарға бөлінеді?

– Қылқанды жапырақты (хвойлық) және жапырақты (листвалық) ағаштар

болып екі топқа бөлінеді.

– Қылқанды жапырақты ағаштарға қандай ағаштар түрлері жатады?

– Қарағай, шырша, бал қарағай, самырсын ағаш, кедр, тисс.

– Қылқанды жапырақты ағаштардың сапасы листвалық ағаштарға қарағанда

қандай?

– Сапасы біраз жоғарылау, әрі табиғатта көбірек тараған. Сабағы түзік және

биік, шіруге онша берілмейді.

– Фанера дегеніміз не?

– Қабырға қаптау үшін уақытша және қосымша ғимараттарды салғанда

пайдаланатын құрылыстық жұқа тақтай.

– Плинтус қандай бұйым?

– Еден мен қабырға аралығындағы саңылауды бекіту үшін қолданатын,

сүргіленген метрбойлық (погонажды) бұйым.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыстардағы ағаштан жасалған бұйымдардың артықшылықтарын сипаттау.

Әдебиет: Нег.: 10 [23-259]

Бақылау сұрақтары:

1.Фанера дегеніміз не?

2. Плинтус қандай бұйым?

9-апта. 27-тәжірибелік сабақ

195-тапсырма. Мәтіндегі керамика материалдары туралы берілген мәліметпен танысып, мазмұндаңыздар.

Жасанды құрылыс материалдары

Керамика деп keramike грек сөзі (keramos – саз деген сөзден шыққан) – қыш өнері деген мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалыпталып және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын тас материалдары мен бұйымдарын айтады.

Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі құрылыс кірпіштері, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, қабырғалық блоктар мен панельдер, черепицалар, құбырлар, қаптаушы плиталар мен плиткалар, санитарлық-техникалық бұйымдар, жылу айырушы материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглоперит) және т.б. толып жатқан түрлі керамикалық материалдар мен бұйымдар.

Керамикалық бұйымдардың маңызды физикалық-механикалық қасиеттері 900-11000С аралығындағы температурада күйдірілуі нәтижесінде қалыптасады. Күйдіру нәтижесінде бұйымдар тас тәрізді күйіне көшіп беріктік, суға және аязға төзімділіктерін жоғарылатып, керекті құрылыстық қасиеттеріне ие болады. Керамикалық бұйымдардың су сіңіргіштік, аязға төзімділік, механикалық беріктігі, химиялық және термиялық тұрақтылық, үйкелістігі, су өтімділік қасиеттері олардың кеуектігі мен тығыздығына байланысты.

Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестері механикаланған және автоматикаланған өндіріс саласы.

Сөздік:

керамика – қыш

кеуектігі – пористость

жабынқыш – черепица

керамикалық тастар – керамические камни

кәдімгі құрылыс кірпіштер – обыкновенный строительный кирпич

жасанды құрылыс материалдары – искусственные строительные

материалы

196-тапсырма. Төмендегі сөздерге ілік септігінің (-ның, -нің; -тың, -тің; -дың, -дің) жалғауларын жалғаңыздар.

1. керамика- 5. материал- 9. керамзит-

2. құрылыс- 6. беріктігі- 10. бұйым-

3. саз- 7. кірпіш- 11. кеуектігі-

4. қыш- 8. тәсіл- 12. өндіріс-

197-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Керамика деген сөз қандай мағына береді? 2. Керамика дегеніміз қандай материал? 3. Керамикалық материалдарға қандай бұйымдар жатады? 4. Керамиканы күйдіру нәтижесінде қандай қасиеттерге ие болады? 5. Керамиканың су сіңіргіштік, аязға төзімділік, механикалық беріктігі сияқты т.б. қасиеттері несіне байланысты? 6. Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қандай салаға жатады?

198-тапсырма. Мәтіннен зат есімдерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

199-тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар.

Керамика, қоспа, өнеркәсіп, кірпіш, құбыр, тығыздық

200-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Қыш тақтай (керамическая плита) – қыш массаның күйдіру жолымен алынған бетінің әрлеу үшін қолданылған жазық бұйым.

Кеуектілік (пористость) – материал көлемінің кеуекпен толтырылу дәрежесі.

Беріктік (прочность) – материалдың жүктемелер мен әсерлердің әр түрлерін қирамай қабылдайтын қасиеті.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыстағы жасанды материалдардың тиімді тұстарын атап шығу.

Әдебиет: Нег.: 10 [281-328]

Бақылау сұрақтары:

1. Керамика дегеніміз қандай материал?

2. Керамикалық материалдарға қандай бұйымдар жатады?

3. Керамиканы күйдіру нәтижесінде қандай қасиеттерге ие болады?

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ

201-тапсырма. Мәтіннен металл материалдарын құрылыс саласында қолданудың маңыздылығына нақты тоқталып, мәтінді мазмұндаңыздар.

Металл материалдары, оларды қолдану

Қазіргі заманда құрылыс саласында металдардың және ерітпелердің маңызы өте зор. Олай болатыны металл материалдары мен бұйымдарына құнды құрылыстық қасиеттер тән. Атап айтатын болсақ – мықтылығының жоғарылығы, едәуір созымталдық деформацияға қабілеттілігі, яғни қысымдық әсерімен оны өңдеу мүмкіншілігі, оның ішінде езгіленуге, соғу арқылы созылуға, штампталуға, созуға икемділігі, сондай-ақ құйылу қасиеті, дәнекерленуі, төменгі және жоғары температурада мызғымайтындығы және т.б. қасиеттері бойынша басқа құрылыс материалдарынан ұтымдылығымен ерекшеленеді.

Металл дегеніміз атомдары кеңістік тор түйіндерінде белгілі бір заңдылықпен орналасқан кристалдық дене. Құрылыста, әдетте таза металды емес, ерітпені қолданады. Ең кең қолданылатын қара металл негізіндегі (94 пайыздай шамада) және аздаған түсті металдар ерітіндісі (қорытпасы) негізінде жасалған бұйымдар.

Қорытпалар (оларды ерітпе немесе балқыма деп те атайды) металдық қасиеттерге ие. Олар екі немесе одан да көп элементтерден тұрады. Мысалы: қола – қалайы мен мыс қоспасы, құйылу қабілеті өте жоғары, сантехникалық элементтерді жасауға кеңінен қолданылады. Қола дәуірінде металл құралдардың (балта, тескіш, қашау т.б) ойлап шығарылуы ағашты жақсылап өңдеуге, кесуге, жонып тегістеуге, тесуге және шауып қиюға мүмкіндік берді, бұл өз кезінде ағаш құрылымы мәселесін шешуге жол ашты. Металл құрал-саймандар тас өңдеу ісінде де, тас құрылымдарын өркендетуде де прогрестік рөл атқарды. Қола құю ісі және түсті металдарды өңдеу сақ тайпаларында жоғары дәрежеде болды.

Түсті металл қорытпаларын агрессивтік ортада істейтін, үйкеліске ұшырайтын, жоғары жылу өткізгіштігін, электр өткізгіштігін және массасы төмендігін қажет ететін бөлшектерді жасау үшін қолданады. Кейінгі кездері алюминийдің және оның қорытпаларын құрылыста кең қолданып келеді.

Алюминий – күміс сияқты ақ және майысқақ, жұмсақ металл, атмосфералық коррозияға берілмейді. Ол көпшілігінде бояу, фольгалар, газ шығарушы ретінде қолданылады.

Дюралюминдер – алюминийдің мыс, марганец, магний қоспаларымен бірге қорытылған күрделі құрамдағы балқымалар. Дюралюминдерді үлкен аралық ғимараттар конструкциялары үшін, сейсмикалық құрылыста басымырақ қолданады.

Темір кенінен қара металдар өндіру – күрделі технологиялық процесс. Оны шартты түрде екіге бөледі. Бірінші сатысында шойын алады, ал екінші сатысында – оны қайтадан өңдеу арқылы құрыш алады. Шойын деп темірдің көміртегімен (2 - 6,67 пайыз) қорытпасын айтады. Құрыш деп 2 пайызға дейін көміртегі бар теміркөміртекті қорытпаны айтады. Құрылыста құрыш конструкцияларын жасау үшін, темірбетон конструкцияларын арматуралауға, жамылтқы орналастыруға, темірбетон бұйымдарын қалыптастыруына және т.б. мақсаттарға қолданады.

Сөздік:

үйкеліс күші – сила трения қола – бронза

кеуек тас – пемза қорытпа – сплав

кеуектер – поры шойын – чугун

ерітінді қоспа – растворная смесь

202-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Металл материалдары мен бұйымдарына қандай құрылыстық қасиеттер тән? 2. Металл дегеніміз не? 3. Қорытпалар қанша элементтерден тұрады? 4. Металл құралдардың ойлап шығарылуы қандай жұмыстарды атқаруға жол ашты? 5. Түсті металл қорытпаларын қандай бөлшектерді жасау үшін қолданады? 6. Алюминийді, дюралюминдерді қандай мақсатта қолданады? 7. Шойын мен құрыш не үшін қолданылады?

203-тапсырма. Төменде берілген сөздерді пайдаланып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Мықтылық, жоғарылық, төмендік, созымталдық, қабілеттілік, мүмкіншілік, ұтымдылық, өткізгіштік, майысқақтық.

204-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, түсінгендеріңізді айтып беріңіздер.

Шойын балқытқыш – қарсы токтың приципімен жылу алмасу пайда болатын толассыз әрекеттердің шахталық балқыту пеші.

Құю – созылымды массаның металл таспада немесе барабанда жұқа қабатпен үйлестіріп және қатайтып жұқа үлдір ретінде алынатын технологиялық үрдіс.

Кеуек бетон – біркелкі таралған кеуектерден тұратын минералды тұтқырғыш пен кремнеземдік құрам негізіндегі жасанды кеуекті материал.

Кеуектілік – материал көлемінің кеуекпен толтырылу дәрежесі.

Ашық кеуектілік – сумен қаныққан барлық кеуектің қосынды көлемінің материал көлеміне қатынасы.

Жаншып жұқарту – айналу білігі арасындағы саңылауда пластмасса қалыптасатын технологиялық операция.

205-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыздар.

Сақтардың шаруашылығында мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту да үлкен рөл атқарды. Олар темір қорыту әдісімен бір шама ерте кезде танысқан. Б.з.б. мыңжылдықтың бас кезінде-ақ сақтар қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын пайдалана білді. Орталық Қазақстан, Жетісу және Арал маңынан б.з.б VII ғасырда сақтардың темірден жасаған көптеген бұйымдары табылған, сондай-ақ ертедегі кен орындары, металлургиялық өндірістің қалдықтары белгілі.

206-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздыр.

Түріктердің жалпы тарих сахнасына ала шыққан мамандығы – темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «жужандарға темір өндіреді». 546 ж. Жужан қағаны Анахуан түркіттер көсемін: «менің темір қорытатын тұтқыным» деп, түріктердің басты кәсібін айрықша атайды.

Археологиялық барлау ісі түркіт металлургиясының VI-IX ғғ жәдірігерлерін тапқан. Алтайдың сол кездерге жататын тайыз апандар, забойлар сияқты өндіру ісінің іздері кездескен. Темірді балқытып алу әдісі – сызды үрлеу. Темір қышқылы көміртегі қышқылымен химиялық жол арқылы қосылғанда, ол кәдімгідей күйтіне келіп, кеуекті құйма металл болып шығады. Кеуек темірдің сапасы қазірдің өзінде домналық темірден артық саналады.

... Темір көшпенділерге бұрын да белгілі болған, бірақ оны халықтың жаппай қолдануына жеткізген тек түркіттер ғана болды. (Лев Гумилев)

207-тапсырма. Термин сөздерді жаттап алыңыздар.

кеуек темір – железо губчатое тайыз руст – мелкий руст

көмір қышқылы – угольная кислота көміртегі – углегрод

кеуек аратөсем – пористая поверхность қышқыл – кислота

кеуектендіргіш – порообразователькеуекті жік – пористый шов

208-тапсырма. Металл құралдары атауларының түсіндірмесін біліп алыңыздар.

Ара – ағаш кесетін құрал, темір қышқы.

Аталғы – қашау темір, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Балға – ұсталардың, шеберлердің ұстанатын ұрғыш темірі.

Кескіш – темір кесетін бір басы жүзді жұмыр шапқы.

Айбас – ет шабатын жарты ай бейнелі темір түйгіш.

Қадаубас – темір тесетін құрал, асыл тескіш.

Қазиек – пышқы, темір ара.

Масатемір – қысқаш темір.

Пәрбі (бәрбі) – шойын тесетін үскі.

Теміртек – жасық, жай темірден соққан пышақ.

Тескіш – темір тесетін, ұшының асылы бар қадау тас темір.

Тістеуіш – араның тістерін оңдайтын кілт сияқты темір.

Шақпы (шапқы) – темір кесетін асыл жүзді темір.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыс саласында қолданылатын металдар мен ерітпелердің маңызына тоқталу.

Әдебиеттер: Нег.: 10 [413-419]

Бақылау сұрақтары:

  1. Металл дегеніміз не?

2. Түсті металл қорытпаларын көбінесе қайда қолданады?

10-апта. 29-тәжірибелік сабақ

209-тапсырма. Мәтінмен танысып, пластмассадан жасалған материалдар төңірегінде өзара ой бөлісіп, пікір алмасыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]