Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Түркі дүниесінің кемеңгер ойшылы

Қорқыт – бұл Алтай мен Каспий аралығындағы шексіз даланы мекендеген көптеген халықтарды байланыстырушы жалпы түркілік аңыз, миф.

Ерте заманның білімпаз-ғұламаларының жазуына қарағанда, бүкіл түркі тілдес халыктарға ортақ ойшыл, шешен, күйші болған Қорқыт Сыр жағалдауындағы Жаңакент қаласында VІІ-ІХ ғасырларда дүниеге келіп, өмір сүрген. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар.

Ал, енді оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақтаған «Қорқыт ата күйі», «Қорқыт сарыны» т.б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жыраулар өздеріне Қорқыт атаны ұстаз тұтқан.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі.Ол өмірінің соңында «өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Ұлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шынында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, ұлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге айналып кеткен өлең-жырлары ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқыт жерленген Сырдария жағалауына шамамен ІХ-ХІ ғасырларда кесене тұрғызылған. Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты жырау деп, мазар-күмбезіне бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны «Қорқыт атаның күй тартатын жері» деп басына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді, бірақ осы ғажайып ескерткішті Сырдарияның суы шайып бұзылуға әкеп соқтырды.

1980 жылы Қорқыттың күмбезді мазары жанынан сәулетші Б.Ибраев, физик-акустик С.Исатаевтардың жобасы бойынша төрт алып қобызды біріктіру арқылы ерекше сәулеткерлік үйлесімде құйылған ескерткіш кесене орнатылды. Кесенеден желді күні қобыздың сарынындай үн шығып тұрады.

1997 жылы мемориалдық ескерткішке жүргізілген реставрациялық жұмыстар нәтижесінде амфитеатр, қонақ үй сияқты тағы да басқа объектілерден тұратын тұтас архитектуралық ансамбль жасалды.

2000 жылы мемориалдық ескеркіш жанынан мұражай ашылды. Мұражай қорында 700-ге жуық экспонат сақталуда.

Сөздік:

аңыз – легенда шешен – оратор

ойшыл – мыслитель жағалау – берег

мәңгілік өмір – вечная жизнь

253-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынща берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Қорқыт ата кім? 2. Қорқыт қай қалада дүниеге келіп, өмір сүрген? 3. Данышпан қарттың қандай қызмет атқарғанын дәлелдейтін деректер бар? 4. Халық оның қандай шығармаларын жадында сақтаған? 5. Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына не іздеген? 6. Қорқыт қобызды не үшін ойлап тапқан? 7. Қорқыт жерленген ескерткіш бізге сол қалпында жетті ме? 8. 1980 жылы орнатылған кесенеден қандай үн шығып тұрады?

254-тапсырма. Мәтінде берілген негізгі ойды /ақпаратты/ орыс тіліне аударыңыздар.

251-тапсырма. Мәтіннің негізінде кестені толтырыңыздар.

Нені білемін

Нені білмеймін?

Нені білгім келеді ?

255-тапсырма. Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, діни және мемориалдық ескерткіштердің түрлерін жазыңыздар.

Біздің халқымыз өзі өмір кешкен қай ғасырларда да өткен ата-бабаларына, ел билеушілерге, елін қорғаған батырларына құрмет ретінде кесенелер, құлпытастар орнатып, кейінгіге қалдырып отырған. Ол белгілер көбіне бұрынғы елді мекендер мен кенттерге (Отырыр, Түркістан, Сарайшық т.б.), тоғыз жолдың торабы бөктеріндегі тау сілемдеріне (Маңғыстау, Ұлытау, Алатау, Алтай), ел жайлауға көшкенде тоқтап өтетіндері «сулы-нулы» жерлерге (Сырдария, Жетісу, Есіл, Ертіс т.б. өзендер бойы) маңайлас салынып, оның сәулеттік тұрғыдағы маңыздылығына аса мән берілген. Құлпытастар мен кесенелер балбал тастар мен діңдердің табиғи жалғасы.

256-тапсырма. Берілген мәтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Өте ерте заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Жаңакент қаласы – ұзақ жылдыр бойы оғыз мемлекетінің астанасы болған. «Су аяғы Қорқыт» деген мақал осыдан шыққан. Осылай Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау қойнаулары мен Сырдария бойында тұрған қалалар, елді мекендер, күмбездер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында дәл осы күнге дейін айтылып жүр. Өйткені бұл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып, ұштасып жатады. Мәселен, Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бірі – Баршынкент. Бұл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуірдегі ең көрікті қала болғанын тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Баршынкент сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы кезге дейін Қыз қала деп атап келді. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршын сұлу (яғни Гүлбаршын) осында тұрған делінеді.

257-тапсырма. Қорқыт ата туралы қандай аңыз әңгімелерді білесіздер? Біреуін дайындап, ауызша айтып беріңіздер.

258-тапсырма. «Қорқыт мәңгілік өмірді тапты», «Қорқыт мәңгілік өмірді тапқан жоқ» тақырыптарына дебат ұйымдастырыңыздар.

259-тапсырма. Музыкалық халық аспаптарын атап шығыңыздар.

Музыка адам жүрегінің тереңінен жарып шыққан жан самалы, жан сыбдыры болып ұрпақтан-ұрпаққа ортақ тіл, жүрек тілімен жалғасады. Бірі қамыстан, бірі саз балшықтан, енді бірі мал терісі мен сүйегінен және темірден жасалып, ойып өрнектелген музыка аспаптардың әрқайсысының өзінше үні бар. Солардың ішінде домбыра – Қазақстанның жеті кереметінің бірі болып саналады. Домбыра, қобыз т.б. халық аспаптарының маңызы жайлы пікір бөлісіңіздер.

260-тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіздер.

Қ

О

Р

Қ

Ы

Т

1. Асыл тастың аты.

2. Аңдар мекендейтін орын.

3. «Мола» сөзінің синонимі.

4. Қорқыт мәңгілік өмірді қандай аспаптан тапты?

5. «ракета» сөзінің қазақша баламасы.

6. Қорқыт дүниеге келіп, өмір сүрген қала.

Әдістемелік ұсыныс: Этнограф ғалымдардың зерттеулерінен алынған Қорқыт ата мазары мен қазіргі мемориалдық ескерткіш құрылымы туралы конспект жазып келу.

Әдебиеттер: Қос.: 19, 20

Бақылау сұрақтары:

1. Қорқыт ата кім?

2. Қорқыт жерленген ескерткіш бізге сол қалпында жетті ме?

12-апта. 36-тәжірибелік сабақ

261-тапсырма. Мәтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Б е к е т а т а – с ә у л е т ш і

ХІХ ғасырдың орта шеніне дейін Батыс Қазақстанның оңтүстік аудандарының тұрғындары, әсіресе Солтүстік Үстірт қазақтары Хиуа хандығының тарапынан күшті саяси, мәдени-идеологиялық ықпалға ұшырап келді. Бұл кезеңде қазақтар мен хиуалықтардың арасында ағайындық саяси қатынас басым болды. Хиуаның ықпалы қазақ жеріне, әсіресе Маңғыстау және Үстірт халықтарына күшті болды, ислам дінін таратуға, мұсылман идеологиясының терең енуіне бұлар тікелей әсер етті. Мұны ХҮШ-ХІХ ғасырларда қазақ жерінде көптеген мешіттердің салынуы дәлелдейді. Мешіттердің көптеп салынуының исламды таратумен қатар қазақтардың арабша сауаттануына кең жол ашқанын айту керек. Мешіттердің көпшілігі бара-бара мектеп-медресеге айналды. Бұл тұрғыдан алғанда бүкіл батыс қазақтары аруағына бас иетін 1813-жылдың шамасында дүние салған Бекет атаның өмір-тірлігі бастама болған.

«Бекет – Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – Маңғыстаудың, жалпы Батыс Қазақстанның халқы пір тұтқан діни қайраткер, халық батыры, абыз, әулие-көреген, сәулетші. Туып-өскен жері – Жем өзені бойындағы Ақмешіт-Құлжан, Маңғыстау өңірі. Мүрдесі Маңғыстауда-Оғыландыдағы өз мешіт-ғимаратына қойылған. Бекет-Ата жастайынан оқу-білімге құмартып, білім іздеген, өз еңбегімен күнелткен жігерлі, қайсар, ерекше дарынды, көріпкел, әулие адам болған. Хорезм ойында Пақыржан қажыдан оқыған. Жем бойынан (Ақмешіт), Бейнеуден, Баялыдан, Оғыландыдан жер асты медресе-мешіттер жасап, бала оқытқан. Бекет-Ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан ежелгі сәулетші. Бұл сәулеттік туындылар әлі күнге дейін сақталған.

Сонымен қатар, Бекет ата өз замандасы Барақ батыр сынды қайраткермен үзеңгілес болып, қол бастап талай айқаста ерлік, ақыл көрсетіп, батыр, ақылшы атанған. Ел тәуелсіздігі үшін басқыншы, шапқыншыларға қарсы жорықтарға қатысып, ақыл-кеңес беріп қол бастаған.

Бекет-Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбек-сүйгіштік, абыз-көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айырықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адай елі өзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет-Ата өмірін, оның қысылғанға жар болған ерекше қасиет-қадірін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ұластырған».

Сөздік:

көреген – ясновидящий сауатты – грамотный

еңбек сүйгіш – трудолюбивый кеңес – совет

ұран – боевой клич ағайын – братья

діни қайраткер – религиозный деятель

262-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

263-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бекет ата сияқты сәуегейлілігімен аты шыққан қандай әулие адамдарды білесіздер? Көріпкелдік қасиеттер туралы ғылымда қандай болжамдар бар?

264-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Қазақтар мен хиуалықтар арасында .....................................................

2. Бекет ата жастайынан................................................................................

3. Өз әкесі.......................................................................................................

4. Ел тәуелсіздігі үшін...................................................................................

5. Бекет атаның білімдарлық, батырлық......................................................

6. Халық оны..................................................................................................

265-тапсырма. Мәтіннен күрделі зат есімдерді табыңыздар.

Қазақстан архитектурасында Каспий өңірінің, оның ішінде Батыс Қазақстанның мемориалды ескерткіштері өзіндік ерекшеліктерге ие. Оның ішінде біздің заманымызда ІІ мың жыл бойы қалыптасқан Маңғыстаудың сан қырлы архитектурасының орны бір төбе. Мұнда өте ертедегі ғибадатхана кешендері мен шөл дала аймағының некропольдері орналасқан. Олардың ішінде оғыз-қыпшақ кезінде пайда болғандары да бар. Маңғыстауда мешіттердің тастан салынған жерүсті және жерасты түрлері де аз емес.

266-тапсырма. Бір топ ғалымдар арнайы зерттеу жүргізе отырып, қазақ халқының рухани байлығынан айрықша маңызды орын алған, теңдесі жоқ жердің тамаша жеті кереметін таңдап алды. Солардың бірі – Маңғыстау жер асты мешіттері. Маңғыстау жер асты ғимараттары туралы не білесіздер? Осы тақырыпта әңгімелесіңіздер.

267-тапсырма. Төмендегі мақал-мателдерге тиісті -нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарын қосып жазып, олардың жалғану ережесін түсіндіріңіздер.

1. Кітап – оқыған... 3. Қоралы мал – ел...

Білім – тоқыған... Қорасыз мал – жел...

2. Жол – үлкен... 4. Мал – баққан...

Жүк – түйе...

5. Өзім... дегенде өгіз қара күшім бар,

Өзге...дегенде болар-болмас ісім бар.

268-тапсырма. Синоним сөздердің мағынасын түсініп, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

әдет – машық – дағды;

салт-дәстүр – әдет-ғұрып – рәсім;

сауап – жақсылық – алғыс – бата;

кесір – жамандық – бәле – жауыздық – зиян;

обал – күнә – өкпе – реніш;

ысырап – шығын – залал – босқа шашу;

әдеп – әдептілік – сыпайылық – ізеттілік

269-тапсырма. Берілген термин сөздердің аудармаларын жаттап алыңыздар.

Алыптас ескерткіштер сәулеті – мегалическая архитектура

Арматура шыбығы – арматурная стержень

Блокты іргетас – блоковый фундамент

Бүктеу тістеуігі, қысқышы – фальцовочные

Ескерткіш ғимараттар – мемориальные сооружения

Ескерткіш саяжайлар – мемориальные парки

Жарылған, шағылған, шақпақталған тас – колотый камень

Әдістемелік ұсыныс: Маңғыстаудың жер асты ғимараттарымен жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан ежелгі сәулетші – Бекет ата жайлы мәлімет беру.

Негізгі әдебиеттер: Қос.: 19

Бақылау сұрақтары:

1. Бекет атаның сәулетшілік қызметі?

2. Көріпкелдік қасиеттері туралы ғылымда қандай болжамдар бар?

13-апта. 37-тәжірибелік сабақ

270-тапсырма. Мәтінді оқып, құрылысшы Т.Қ. Бәсеновтың еңбек жолын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]