Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Сұрақ-жауап

– Табиғи тас материалдары дегеніміз не?

– Тау жыныстарын механикалық өңдеу (жару, тілу, ұсақтау және т.б. тәсілдер)

арқылы алынатын өнімдер.

– Табиғи тас материалдарына қандай өнімдер жатады?

– Плиталар, блоктар, қаптағыш материалдар, жолға төселінетін кесек және

жалпақ тастар, жол жиек тастары, щебен, ұсақталған құм, т.б.

– Табиғи тас материалдары қандай топтарға жіктеледі?

– Құрылыста тікелей қолданылатын материалдар мен бұйымдар және жасанды

материалдар шығару үшін шикізат ретінде қолданылатын минералдық

жыныстар деп екі топқа жіктеледі.

– Жекелеген қабырға тасы деген қандай бұйым?

– Арнаулы механизмдер көмегімен тікелей тас сілемінен кесіліп алынатын

геометриялық дұрыс пішінді бұйымдар.

Әдістемелік ұсыныс: Құрылыстағы табиғи тас материалдардын пайдалануды меңгеру, түсіну үшін, ғылыми әдебиеттерді оқып, интернет желісінен мәлімет жинау.

Әдебиет: Нег.: 10 [185-216]

Бақылау сұрақтары:

1. Табиғи тас материалдары дегеніміз не?

2. Қаптаушы және әсемдеуші тас бұйымдарына нелер жатады?

9-апта. 26-тәжірибелік сабақ

188-тапсырма. Ағаш бұйымдары қайда қолданылып, қалай топтастырылады, ерте кезде сәулетшілер не үшін пайдаланған? Сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндаңыздар.

Ағаш материалдары мен бұйымдары

Ағаш көп ғасырлар бойы пайдаланып келе жатқан дәстүрлі материал. Оның тамаша қасиеттері (тығыздығының төменділігі, беріктілігінің жоғарылығы, оңай өңделетіндігі, жеке бөліктерін бір-бірімен оңай біріктірілетіндігі, жылу өткізгіштік коэффицентінің төмендігі, аязға төзімділігі, химиялық реагенттерге шыдамдылығы) қарай ағаш материалдары мен бұйымдарын құрылыста кең қолданатын болды. Сонымен бірге, ағаштың құрылыстық қасиетін нашарлататын кемістігі де бар. Олар: құрылысының біркелкі еместігі (анизотроптығы), су буын сіңіріп, мөлшерін, пішінін өзгертіп, қисая деформацияланатындығы, жанғыштығы, шірігіштігі.

Ағаштың құрылыста қолданылуы өте ерте заманнан басталған. XII-XIII ғасырлардың өзінде орыс сәулетшілері ағаштарды қолдана отырып, көптеген зәулім ғимараттарды, көпірлер, шіркеулер, бекіністер, тамаша тұрғын үйлер, т.б. көрнекті де сәулетті биналар салғаны белгілі. Сондықтан, ерте замандардан бастап ағаш бұйымдарының төзімділігін түрлі ерітінділер көмегімен оларды кеселденуден, шіруден, жанудан қорғау тәсілдерімен қорғанатын болған.

Қазіргі кезде ағаш қорының азаюына және күрделі құрылыс көлемінің үдемелей дамуына байланысты, ағаш материалдары мен бұйымдарын құрылыста бұрынғыдай кең қолданатын мүмкіншілік шамалы болып қалды.

Желімделінген және құрастырмалы ағаш бұйымдары мен конструкцияларын өнеркәсіптік және қоғамдық үй құрылыстарында қолданады. Әрине, есік пен терезе блоктарын жасауға, тұрғын үйлердің еденін төсеуге және қабырғаны өңдеуге ағашқа теңесер материал жоқ.

Ағаш өнімдері былай топталады: дайын бұйымдар мен конструкциялар – жиналмалы үйлер және олардың бөлшектері; ұсталық бұйымдар; ағаш бұйымдары өндірісінің қалдықтары мен полимер негізіндегі композициялық материалдары және бұйымдары; желімделінген конструкциялар мен фанерлер.

Сүргіленген ағаш бөліктеріне қылқанды жапырақты және жапырақты ағаш жыныстарынан жасалынатын станокпен сүргіленген, еден төсеуге пайдаланатын тақтайлар, брускалар, маңдайшалар, рамка, рейка, т.б. метрбойлық (погонаждық) материалдар жатады.

Паркеттік бұйымдар – жекелеген паркет, паркеттік тақтай, қалқа және мозайкалық (әшекейлі) паркет болып бөлінеді.

Ұсталық құрылыс бұйымдарына терезе және есік блоктары, тұрғын үйлерде кең қолданылатын ұсталық қалқандар мен панельдер жатады.

Сөздік:

ағаш материал – лесоматериал тығыздық – плотность

сүргіленген – строганный беріктік – прочность

желімделінген – клеенная өңдеу – оброботка

ағаш бұйымдары – столярные изделия

жапырақ текті ағаш – древесина лиственных пород

құрастырмалы ағаш бұйымдар – сборно-деревьянный изделие

189-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын пайдаланып, сөйлемдерді аяқтаңыздар.

  1. Ағаштың пайдалы қасиеттеріне -----------------------------------------------

  2. Ағаштың материалдарының кемістігіне ------------------------------------

  3. Желімделінген және құрастырмалы ағаш бұйымдары -------------------

-----------------------------------------------------------------------------------------

  1. Сүргіленген ағаш бөліктеріне ---------------------------------------------------

  2. Паркеттік бұйымдар ---------------------------------------------------------------

  3. Ұсталық құрылыс бұйымдарға --------------------------------------------------

190-тапсырма. Мәтіннен -лық/лік; -дық/дік; -тық/тік жұрнақтары арқылы зат есімнен сын есім жасап тұрған сөздерді тауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

191-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Тығыздығының төменділігі, аязға төзімді, құрастырмалы ағаш бұйымдар, жылу өткізгіштік, ағаштың құрылыстық қасиеті, желімделінген конструкциялар, станокпен сүргіленген, шіруден қорғау, жанудан қорғау тәсілдері.

192-тапсырма. Мәтіннен алынған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Ү л г і : Бұйымдарының. Бұйым-түбірі, зат есім; дар – көптік жалғауы; ы – тәуелдік жалғауы; ның – ілік септігінің жалғауы.

Өткізгіштік, құрастырмалы, ғимараттарының, біріктірілетін, желімделінген, құрылыстық, төзімділік.

193-тапсырма. Төменде берілген терминологиялық-түсіндірме сөздіктердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Тақтайлар (доски) – қалыңдығы 100 мм аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40мм астам) болып екіге бөлінеді.

Лактанған ағаш талшықты тақта (лакированная древесноволокнистая плита) – бір немесе екі қабаты лак сырлы материалдармен жабылған ағаш талшықты плита.

Антисептирлеу (антисептирование) – ылғалдылық ортаның әсерімен биологиялық бұзылуынан ағашты қорғау.

194-тапсырма. Берілген сұрақ-жауаптарды рөлге бөліп оқып, мағынасын иеңгеріңіздер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]