Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Желдету және ауа баптау жүйелері

Желдету жүйесі – бөлмелердің ауа алмасуын қажетті микроклимат деңгейінде және ауа тазалығын жұмыс зонасында қамтамасыз етеді.

Қажетті тазалықты және адамдардың жұмыс істеуіне, тұрмысына қолайлы жағдай туғызу үшін желдету және ауа баптау жүйелері бөлмелерде тиімді ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс. Ауа алмасу – бөлмедегі «қызған» немесе лас ауаны жартылай немесе толығымен таза атмосфера ауасымен алмастыру. Желдету жүйелері бөлмеден лас ауаны әкетіп, таза ауа беру қызметіне қарай ауа беру және ауа шығару жүйелеріне бөлінеді.

Желдету және ауа баптау жүйелерінің көмегімен мынандай зиянды заттардың әсерлерін жоюға болады: 1. бөлмелердегі артық жылу; 2. ауаның артық ылғал құрамы; 3. жалпы улы әсер ететін химиялық заттар булары мен газдар; 4. улы және усыз шаң; 5. радиоактивті заттар.

Өндірістік бөлмелердің ауасынан шығатын зиянды заттармен (газ, бу, шаң) күресу үшін локалдық ауа шығару желдету қолданады және ол үшін агрегаттарда қондырғылар қарастырылып, орнатылады. Зиянды заттарды локализациялау үшін орналастырылған қондырғы жергілікті сору болып табылады.

Желдеткіштер дегеніміз кез келген өндірістік немесе тұрмыстық ғимарат жайларда ауаны алмастыруға және ластанған ауаны сорып алуға, ондағы ауа қысымын төмендетуге арналған механикалық құрылғы.

Компрессорлар ауаны (газды) құбыр бойымен қажетті қысымда айдау үшін, бастапқы ауа көлемін арттыру мақсатында қолданылады.

Ауа айдағыш құрылғылар өртке төзімді материалдардан жасалынуы тиіс. Желдеткіш жүйесінің іске қосу құралдары сорап пен компрессор желісімен қосылған болуы керек. Авария жағдайында желдеткіштің сигнализация арқылы қосылуы қамтамасыз етіледі. Желдеткіш камералары арнайы тормен жабылады. Желдету жүйесін жылына 1 рет арнайы мамандандырылған қызметкерлер тексеріп отыруы тиіс. Бұзылған жерлерін ауыстыру, сынақтан өткізу, түпкілікті жөндеу жұмыстары атқарылып болғаннан соң желдеткіш қондырғыларына жаңа құжат жасалады.

Сөздік:

ауа бөлгіш – воздухоотделитель желдеткіш – вентилятор

артық жылу – избыточное тепло ылғал бу – водяной пар

қондырғы орнату – установка ылғалдылық – влажность

ауа шығарғыш – воздухоотводчик ауа үрлегіш – воздуходувка

желдету жүйесі – вентиляционная система ауа алмасу – воздухообмен

салқындату жүйесі – система охлаждения шаң, тозаң – пыль

желдеткішті жылу алмастырғыш – вентиляторный теплообменник

ауа баптау жүйесі – система кондиционирования воздуха

129-тапсырма. Мәтіннен «ауа» сөзімен тіркес жасап тұрған сөз тіркестерін теріп жазыңыздар.

Ү л г і : Ауа алмасу.

130-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Желдеткіш қондырғы, зиянды заттар, өндірістік ғимарат, ауа алмасу, таза ауа, өртке төзімді, мамандандырылған қызметкерлер, жұмыс аймағы.

131-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына құрастырылған сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]