Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Акустикалық материалдар мен бұйымдар

Акустикалық деп ішкі және сыртқы дыбыстардың қаттылық дәрежесін төмендететін және дыбыстың толқын энергиясын азайтатын материалдарды айтады. Сәулет және құрылыс салаларында жүргізілетін көптеген шаралар дыбыстық шуға қарсы арнаулы акустикалық материалдар мен конструкцияларды қолдануды талап етеді. Бұл материалдар мен бұйымдар – дыбыс сіңіргіштік және дыбыс қоршағыштық болып екі топқа бөлінеді.

Дыбыс ауада түрлі жиіліктегі және амплитудағы толқындармен тарайды. Дыбыс толқынының ауытқу жиілігі герцпен өлшенеді. Үйлерде және түрлі ғимараттарда жиі кездесетін дыбыстар 2300 Гц дейінгі аралықта болады. Дыбыс толқынының таралып барып басылуын әдетте децибелмен өлшейді.

Шу деңгейін (қаттылығын) өлшерде көбінесе, децибел (дБ) өлшем бірлігін қолданады. Үйлер мен ғимараттардың арналуына байланысты олардың ішіндегі шудың деңгейлері 35-90 дБ аралығында болуы керек. Бұл тұрғыдағы санитарлық-гигиеналық талап орындалуы үшін үй жобаларын жасарда әрі әсем, әрі дыбыстан қоршағыштаушы түрлі материалдар мен бұйымдарды белгілейді. Мұндай материалдарды шудың түріне, деңгейіне және ауытқуының жиілігіне байланысты сәйкес таңдап алады. Сондай-ақ мұндай материалдарды қазіргі тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік орындарына қойылатын эстетикалық талаптардың мәніне сәйкес таңдап алады.

Акустикалық материалдардың барлығы тығыздықтарына және құрылыстарына байланысты дыбыс шуларын белгілі бір шамада жаңғыртады, біразын өзіне сіңіреді, қалғанын өзі арқылы өткізіп жібереді. Акустика мақсатында қолданатын материалдар мен бұйымдардың дыбыс өшіру коэффициенті (а) 0,2-ден жоғары болуы керек.

Акустиканың басты мақсаты – өндіріс және оқу орындарында, тұрғын үйлерде, қоғамдық және ойын-сауық көрсететін орындарда қажетті тыныштық режимге (тәртіпке) сәйкес, сырттан келетін шу деңгейін төмендету, сонымен қатар жайлардың акустикамен түгел (жақсы) жабдықталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қоғамдық және ойын-сауық көрсететін мекемелерде адам дауысының толық естілуі, ал концерттік залдарда – күй мен әннің табиғи үнмен тыңдаушыларға анық жетуі өте маңызды. Сондықтан осындай акустикалық талаптардың нақты шешілуі – үй жобасын жасау барысында материалдар мен бұйымдардың жан-жақты сарапталған қасиеттерін дұрыс көрсетуіне тікелей байланысты.

Сөздік:

толқын – волна тығыздық – плотность

шуға қарсы – против шума жаңғырту – реставрация

шу деңгейі – уровень шума

жылу өткізгіштік – теплопроводимость

дыбыс сіңіргіш тақта – звукопоглощающая плита

217-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

218-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жұрнақтарды (-лық/лік; -дық/дік; -тық/тік ) жалғаңыздар.

1. Акустика... деп ішкі және сыртқы дыбыстардың қатты... дәрежесін төмендететін материалдарды айтады. 2. Көптеген шаралар дыбыс... шуға қарсы арнаулы акустика... материалдарды қолдануды талап етеді. 3. Бұл материалдар мен бұйымдар дыбыс сіңіргіш... және дыбыс қорғағыш... болып екі топқа бөлінеді. 4. Дыбыстан қоршағыштаушы материалдарды қазіргі тұрғын үй, қоғам... және өнеркәсіп... орындарына қойылатын эстетика... талаптардың мәніне сәйкес таңдап алады. 5. Акустиканың басты мақсаты – қажетті тыныш... тәртіпке сәйкес сырттан келетін шу деңгейін төмендету болып табылады.

219-тапсырма. Төменде берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Дыбыс толқыны, акустикалық материалдар, шу деңгейі, дыбыс сіңіргіштік, дыбыс қоршағыштық, дыбыс өшіру, тыныштық тәртібі, табиғи үн, толық есту.

220-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелердің мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Қаттылық құрылымның деформацияларға қарсы тұру қабілетін бағалайтын сипаттама.

Мөлшер жобалау, салу немесе сметалық құнды анықтаудың жекелеген мәселелері бойынша бірыңғай сандық және сапалық көрсеткіштерді белгілейтін талап.

Шу денсаулық үшін зиянды немесе басқа қатынаста қауіпті болатын немесе есту қабілетінен айрылуды тудыруы мүмкін кез келген шу.

221-тапсырма. Сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңыздар.

Қоршаған ортаға зиян келтірудің бір түрі – акустикалық дыбыстар. Шу дегеніміз ретсіз дыбыстардың жиынтығы, яғни адам ести алатын 16-дан – 2000 гц жиілік аралығындағы механикалық тербелістер. Олардың көзі – әр түрлі қозғалыстағы денелер, олар өндірісте, құрылыста, көшеде, тұрмыста адамдарға әсер етеді. Ғалымдардың жүргізген зерттеулері шудың зияндылығы бойынша химиялық ластанудан кейін екінші орын алатындығы анықталды. Шу есту органдарына, орталық нерв жүйесіне, сонымен қатар адамның бүкіл ағзасына қатты әсер еткенде адамдар тез шаршайды.

222-тапсырма. Еліктеуіш сөздерді табыңыздар.

Тамағымды апыл-ғұрыл жеп, жұмысқа асығып келдім. Ана жақта ескі ғимараттардың астан-кестені шығып қирап жатса, мына жақта құрылыс жүріп жатыр екен. Алыстан жалт-жұлт еткен шамдар еріксіз көз тартады. Кенеттен дүрс-дүрс еткен дыбыстар естілді. Дың-дың еткен көтергіш кран ба, салдыр-гүлдір жүрістер ме, білмеймін. Құрылысшылар тегіс дыбыс шыққан жаққа қарап, елең ете қалысты. Әлден уақытта арғы жақтағы бөрене басы жайлап сырғып барып, жерге гүрс ете қалды. Бүкіл денем дел-сал болып отыра қалғам, біреу зілдей саптама етігімен сылқ еткізіп теуіп жіберді. Жүрегім зу ете түсті де, суық терім бұрқ етті. Дыбысқа жалт қарамай қалған пенде жоқ.

223-тапсырма. Терминдерге берілген түсініктемелерді қазақ тіліне аударыңыздар.

Диафрагма (строительная) – поперечная связь между двумя паралельными кирпичными стенами (из кирпича или раствора, армированного сталью).

Ложковый ряд – ряд кирпичной кладки, в котором кирпич уложен вдоль стены.

Тычковый ряд – ряд кирпичной кладки, в котором кирпич уложен поперек стены.

Әдістемелік ұсыныс: Ғимарат жобасын жасау барысында акустикалық талаптардың нақты шешілу мәселелеріне назар аудару.

Әдебиет: Нег.: 10 [545-564]

Бақылау сұрақтары:

1. Акустикалық материалдар деп нені айтады?

2. Акустикалық материалдарды қайда қолданады?

11-апта 31-тәжірибелік сабақ

224-тапсырма. Берілген мәліметпен танысып, қоршаған ортаны қорғау шараларын өздеріңіздің қосар ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]