Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK kazah_2012_arkhitektor_Vosstanovlen.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

Ғимараттар мен үйлердің іргетасы

Жер жұмыстарының құрамына келесі процестер кіреді: территория және алаңдарды тік тегістеу, қазаншұңқырлар немесе ұзын орлар қазу, құнарлы топырақпен толтыру, кейбір жағдайларда алдын ала қопсыту, су ағызу, су бұру және жер асты суының деңгейін төмендету.

Үймереттер мен ғимараттардың жерасты бөлігін салумен байланысты технологиялық процестерді нөлдік циклдың жұмыстары деп атайды.

Нөлдік цикл жұмысының құрамына әдетте топырақты өңдеу, негіз және іргетас құрылысының технологиялық процестері кіреді.

Іргетас дегеніміз – топыраққа 15000 кР жететін және жоғары шоғырланған жүктеменің түсуін қамтамасыз ететін ғимараттың құрылымдық элементі. Қаңқалы ғимараттардың іргетасы табиғи негізінде және қада типтес іргетастар түрінде ажыратылады.

Қарапайым тұрғын үйдің іргетасы топырақтың қыста қатып қалатын тереңдігінен төмен қалануы тиіс. Мұның әсіресе топырақ қыртысының қопсып, көтерілуі болатын жерлерде маңызы зор. Ал оны таяз қалау керек болса, іргетасты тұтас құйма етіп жасау тиімді. Оны бетоннан, кірпіш, табиғи тастарды араластырып құяды. Сазды және саздақ жерлерде құйма іргетастың астына тік ор, ал құмайт жерлерде – ордың қабырғасын тақтаймен, тіреумен шегендеу керек. Едәуір биіктеу іргетас қажет болғанда оны баған түрінде жасаған пайдалы. Ағаштан жасалатын шағын үйлерді ағаш «орындықтарға» тұрғызуға болады. Өте кішкентай және жеңіл үйлердің іргетасына баған ретінде жуандау асбоцемент құбырларды пайдаланады. Іргетастың барлық түрінен (әсіресе сазды жерлердегі іргетас үшін) табанына қалыңдығы 40-60 см құм немесе қиыршық тас төсеу керек. Құмды немесе қиыршық тасты әрбір 10-20 см төсеген соң нығыздап, оған әк тас ерітіндісін құяды. Іргетастың үстіне қырлы ағаштан, бөренеден немесе кірпіштен үйдің төменгі бөлігі орнатылады, онымен іргетастың арасына рубероид секілді су өткізбейтін төсем салынуы тиіс. Үйдің төменгі бөлігінен еден астына желдетуге қажетті тесік қалдырады. Үйдің айналасына қиыршық тас араласқан саз төсеп, оны жақсылап нығыздау керек. Жиегі кертіліп, шпунтталған тақтай еденді белағаш арқылы бағанаға немесе іргетасқа жатқызылған арқалыққа қағады. Баған үстіне жатқызылатын арқалық ылғал тартпау үшін астына су өткізбейтін материал (мысалы: рубероид) төселеді.

Ғимараттар мен үйлердің ұзақ мерзім сақталуы, көбінесе негіздер мен ірге тастардың жай-күйіне байланысты.

Сөздік:

нығыздау – трамбовка іргетас – фундамент

құмайт, құмдақ – супесь саздақ – суглинок

тіреу, сүйеме – подкос топырақ – грунт

тегістеу – выравнивать табан – подошва

қиыршық тас – гравий жиек – бровка

ор тереңдігі – глубина траншеи қада – свая

таяз қазаншұңқыр – мелкий котлован саз балшық – глина

жер жұмыстарын өңдеу әдісін таңдау – выбор способа производства

таяз төселген іргетас – фундамент мелкого заложения

тұтасқұймалы іргетас – монолитный фундамент

шпунтталған тақтай – шпунтованная доска

саңылаулы іргетас – щелевой фундамент

қатып қалған топырақ – грунт мерзлый

58-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Нөлдік циклдың жұмыстары дегеніміз не? 2. Іргетас дегеніміз не? 3. Іргетасты қалай жасаған тиімді? 4. Іргетастың табанына не төселеді? 5. Үйдің айналасына нені төсеп, жақсылап нығыздау керек?

59-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңыздар.

Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыр шұңғыл.

60-тапсырма. Мәтіннен көсемшелерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатынын түсіндіріңіздер.

Үй мен Жер

Бір күні Үйдің мақтанғысы келіп, жан-жағына қарап, өзіне тең таба алмай, Жерге айтады:

– Сенен адам баласына қандай пайда бар, не іргең, не төбең жоқ? Міне, мекен деп мені айт. Адамды жаз болса күннің ыстығынан, қыс болса суығынан қорғаймын. Оның үстіне ойын болсын, жиын болсын, бәрі менің ішімде өтеді. Онымды біліп, адам да мені сыйлайды. Уақытымен іші-сыртымды түгел сылап, жамап отырады. Одан басқа, мен күнге де сенен гөрі жақынмын, тағы бір ерекшелігім: аузым – есігім бар. Бүкіл әлемді көретін көзім – терезем – ашылатын құшағым бар. Осы адам баласына менен пайдалы кімді табарсың?

– Пайдалы-пайдасыз істі былай қояйын. Алдымен бір сұрағыма жауап берші, – дейді сонда Жер. – Сенің өзіңді көтеріп тұрған кім осы?

61-тапсырма.Терминдерге берілген түсіктемелердің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Жер жұмыстары топырақты ойып алу арқылы жер ғимараттарын жасау бойынша ұйымдастыру-техникалық, физикалық процестердің жүйесі. Құрылыста жер жұмыстары үймереттер мен ғимараттар негіздерінің астына қазаншұңқырлар және жерасты коммуникацияларын төсеу үшін орлар жасау кеңінен қолданылады.

Бағанақұрылыс элементтің ұстауы үшін арналған вертикалды құрылым.

Тіреуіш еден астындағы кеңістікте атмосфералық әсерден қорғауына қызмет ететін тіректі іргетас арасындағы жіңішке қабырға.

Тақтайлар қалыңдығы 100 мм-ден аспайтын және ұзындығының еніне қатынасы екіге тең кесілген материал. Қалыңдығына байланысты тақтайлар жіңішке (13-32 мм) және қалың (40 мм-ден астам) болып екіге бөлінеді.

Қиыршықтас орамалы пішінді өлшемі 5-70 мм болатын тастың бөліктері.

62-тапсырма. Берілген етістіктерді түрлеріне қарай ажырытып, оларды әр бағанаға бөліп жазыңыздар.

Сал, салғызды, салысты, салынды, болғызды, болысты, біріктіртті, пайдаланғызды, қаласты, қаланды, қалатты, білгізді, білдіртті, білісті, қаматты, жеткізді, жеткізілді, тасыт, тасытқызды, тасылды, әкелді, әкелгізді, әкелісті, әкелдірді, әкелінді, тыңдалды, тапқызды, жарылды, жарғызды.

63-тапсырма. Сапалық сын есімдерге қандай сын есімдер жатады? Мәтіндегі сапалық сын есімдердің астын сызып, оларға өз тараптарыңыздан он шақты сапалық сын есімдерді қосып жазыңыздар.

Қолданбалы өнерде құрылыс материалдары сары топырақты балшық пен ғаныш болған. Орманды дала мен дала зонасында карбонатты сортаң топырақ көбірек кездеседі. Сортаң топырақтан салынған құрылыстар тез бүлінгіш келеді. Батыс Тянь-Шаньда сұр топырақпен қатар, қошқыл сұр топырақ қалыптасқан. Алтайда күлгін тау топырағы басым. Қыратты дала белдеуінде күңгірт қызыл қоңыр және қара топырақ қалыптасқан.

Әдістемелік ұсыныс: Жер жұмыстарының құрылымына кіретін процестерді, нөлдік циклдың жұмыстарын, тұрғын үй іргетасын қалаудың негізгі ережелерін меңгеру.

Әдебиет: Нег.: 7 [18-23]; Нег.: 2

Бақылау сұрақтары:

1. Іргетас дегеніміз не?

2. Іргетасты қалай жасаған тиімді?

3. Іргетастың табанына не төселеді?

3-апта. 9-тәжірибелік сабақ

64-тапсырма. Тұрғын үй салудың конструкциясымен, шатыр жұмыстарының технологиясымен мұқият танысып, мәтіннің мазмұнын өздеріңіз білетін мәліметтермен толықтырыңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]